Материалдар / "Тәуелсіз елдің ұстазы-2021"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіз елдің ұстазы-2021"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз елдің ұстаздары туралы,олардың еңбегі.«Тәуелсіздік- таусылмас тарих» мағынасын ашуда көптеген еңбек етуге, және де болашақ жас ұрпақтарымызды саналы, ақылды, білімді жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2022
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіз елдің ұстазы-2021»

Тәуелсіздік ұстаздары! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргел ел, жоралы жұрт, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркіндіксүйгіш жігерінің , асқақ рухының арқасы.
Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық, тәуелсіздік.

Ұстаз-мектептің жүрегі, халықтың айнасы. Ұлт болашағы-ұрпағында болса, ұрпақтың білімді де, тәрбиелі, саналы болып өсуі - ұстаз қолында. Елімізде білім беру саласының материалдық-техникалық, әдістемелік бағдарламасын жаңғырту, білікті педагогикалық кадрларды көбейту және оларға қолдау көрсету, ұстаз мәртебесін көтеру және оның ерен еңбегін лайықты түрде бағалау орайында ауқымды әрі жүйелі шаралар іске асырылуда.Келешекте  егемен елімізді әлемге танытатын жастар.Жас ұрпақ ел болашағының алтын кілті-білімде екенін  түсінді. Өйткені  Елбасымыздың: “Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен  білім мен ғылымда болатынын түсінетін уақытқа келдік.
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан” демекші, өткен ғасырдың перзенттері саналғанымызбен, ХХІ ғасырда  Қазақстан Республикасының  мәртебесі Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында артып келеді. Бүгінде қазақ елі әлемге танылды,  өзіндік даму жолы айқындалған, жаһандық дағдарысты  еңсеріп отырған тәуелсіз ел халқының алдында- тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесін лайықты қарсы алу  міндеті тұр. Олай болса, жасампаздық пен бірліктің  жылын- тарихи жылға айналдырып, табыстың, тұтастықтың кілті бірлікте екендігін көрсету баршамыздың   парызымыз деп білеміз.

Тәуелсіздік – таусылмас тарих. «Тәуелсіздік»…осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар ұл-қыздарымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.

Дегенмен, қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатқан қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады. Жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, батыр аға-апаларымыздың жанын қиған ерліктері ұмтылмас деп тілейміз.
Мен
___________ «________» мектепке дейінгі ұйымында тәрбиеші болып жұмыс жасап жатқаныма міне, ___жыл болыпты.Мен бұл салада еңбек етіп жатқаным үшін қуанамын, себебі менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу -біздердің, яғни, педагогтардың  бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.
«Адамды тәрбиелеу-демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу».-А.С.Макаренко.Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.
Тәрбиешінің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен  және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады.Тәбиеші бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші  тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады.

Ұлы Абай атамыз:

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!» — деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек.Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым-қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік  сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешушуі рөл атқарады. Мен өзімнің әріптестеріме жаңа инновациялық, әдістемелік көмек беріп,оларға мейірімділікке, шыдамдылыққа, кешіре білуге бағыт бердім.Қызметтестеріммен тең  жағдайда сырласып, тыңдап, мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, жоғары деңгейде  көтере алатыныма сенемін. Әрбір  маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын  жаңғыртып, өз  ісінің  шебері  атанса мен оны еңбегімнің жемісі деп түсінемін. Педагогтардың осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылығын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Әрбір  жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің яғни педагогтардың- басты міндеті

Менің  өмірдегі ұстанымым:

1.Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, педагогтармен  тең жағдайда сырласу;
2
.Тәрбиешінің мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау;
3.Өз мамандығын сүюі және мақтан тұту.
Міне, мектепке дейінгі ұйым
тәрбиешілердің жұмысы осындай бағыттар бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда біздің мектепке дейінгі ұйымында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көптеген атаулы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірегейлері Астана күні – еліміздегі жарқын да жасампаз мерекелердің бірі. Өйткені Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі, халқымыздың болашаққа деген сенімі. Мерейлі  тойға орай МДҰ-да  айтулы күнге байланысты мерекелік іс-шара өткізді. Астана күнін тойлаудан кішкентай балалар да қалыс қалған жоқ. «Туған күніңмен, Астана» мерекелік ойын-сауық ұйымдастырылды. Онда  балалар Астана, туған жер, Елбасы туралы  тақпақтарды жатқа айтып қана қоймай, ертегілер  әлеміне сапар шекті. Астана күніне орай балабақша тәрбиеленушілері арнайы бағдарлама дайындап, іс-шара шеңберінде «Біздің Астана» атты флэш моб биін биледі. «Арман қала-Астанам » балалар арасында сурет байқауыұйымдастырылып, көрмеге қойылды. Сонымен қатар балалар театрландырылған қойылым «Бәйтерек аңыз ағашы»  көрсетілді. «Туған күніңмен, Астана» атты ата-аналар арасында байқау өтті. Музыка жетекшісінің  сүйемелдеуімен «Астана», «Балбөбек» әндері  шырқалды. Мұнымен қатар бүлдіршіндер «Көңілді күн», «Тентегім» билерін мың бұрала билеп, өнерлерімен жиналғандарды таңқалдырды. Елорданың құрметіне өткерілген   ертеңгілік  маңыздылығымен айшықталды. Осылайша Астана күнін өткеріп, 30-тамыз Қазақстан Республикасының  «Ата заң» күніде келіп жетті. Бұл мерекелік іс-шарада атаусыз қалған жоқ. Яғни «Ата заң» күнін өткізудегі мақсат өсіп келе жатқан кішкентай бүлдіршіндерімізді ата заңды құрметтеуге, елінің тарихын, діні мен тілін қастерлеп сыйлауға, мәртебесін көтеруге арналған. Сонымен қатар МДҰ «Тіл күні» мерекесі де аталып өтті . Яғни 22-қыркүйек «Тіл күні» мерекесі. Бүкіл Қазақстандықтар бұл мерекені ерекше атап өтеді, себебі біз көп ұлттық мемлекетпіз. «Тілге құрмет-елге құрмет» деп еліміздің бірлігі мен бейбітшілігі әр бір ұрпақтың толлерантылық пен рухани-адамгершілік қасиеттерінің негізінде.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлттымыздың анасы» дегендей біз қазақ тілдің мәртебесін көтеріп, өзге тілге құрмет көрсетуіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын негізге ала отырып, біздіңмектепке дейінгі ұйымыда  «Тіл күні» мерекесіне арналған  іс-шараны атап өтті. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат- сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан — ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің  бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.Бүгінгі күн қарсаңында біздің мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері би билеп, үш тілде Отан, туған жер, ана тілі тақырыбында тақпақтар оқып, ән айтып көрермендердің таңдайларын қақтырды.Сонымен қоса «Шешенің тілі артық-Шебердің қолы артық» дегендей еліміздің әйгілі шешен билерінің даналық сөздерінен сахналық көрініс қойылды. Осылайша әр атаулы мерекенің өзіндік алға қойған мақсаты, өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға берер тәлім-тәрбиесі бар. Қазіргі күні алдымызда үлкен міндет- «Тәлсіздік күні» келе жатыр. Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік-арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқ жетті. 1991 жыл -еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл  да өте шықты.  Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.  Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық,  саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет  бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы -қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік  деген  ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ студент  жастардың  көшеге  шығып  үндеуі және егемендік үшін зардап  шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім  мен жігер берген болатын.Қазіргі таңда  Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу-біздің буынның бағыты болуы тиіс. Яғни мен әдіскер ретінде тәуелсіз мемлекетімнің болашағына  өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Сонымен қатар біздің МДҰ тәрбиеленушілеріне «Тәуелсіздік- таусылмас тарих» мағынасын ашуда көптеген еңбек етуге, және де болашақ жас ұрпақтарымызды саналы, ақылды, білімді жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!