400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Тәуелсіз елге тәрбиелі ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының егемендікке жетуде талай қиындықты басынан кешкенін оқушыларға ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ДТІЖО: Н.Зейнуллин

Уақыты: 11.12.2020

Сыныбы: 5-6-7-8

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіз елге тәрбиелі ұрпақ»
Мақсаты:
1. Білімділік:  Тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының егемендікке жетуде талай қиындықты басынан кешкенін оқушыларға ұғындыру.
2. Тәрбиелік: Оқушылардың туған елге,жерге деген сүйіспеншілікке, осы күнге жеткізген ата-баба аруағына деген құрмет сезіміне тәрбиелеу,

тарихи сана қалыптастыру.

3. Дамытушылық:  Ой-өрісін, танымын дамыту.

Көрнекілігі: кітаптар, қанатты сөздер
Барысы:

«Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік, енді сол тәуелсіздігіміздің белгілерін де ерекше қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, гимнін тұмардай қасиет тұтуымыз керек. Елдігіміздің сыналар тұсы осы».

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.

-Дей келе кешімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастаймыз.

Көрініс: « Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.

Әжесі: — Е…. тәуба! Бергеніңе шүкір…

Немересі: — Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр.Жүріңіз көрейік!

Әжесі: — Е,… е, жарығым, бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: — Әжетай, Тәуелсіздік деген не?

Әжесі: — Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

Немересі: — Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.

Әжесі: — Әй, балам — ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. Әжесі мен немересі қисайып жата кетеді.

Немересі: көзін уқалап тұрады - Әже түс көрдім, түсімде жап - жарық күнді көрдім.

Әжесі: — Е, ол сенің бақытың ,балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.

Немересі: — Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді! Немересі сахнадан жүгіре жөнелді.


Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. Олай болса еңсесі биік еліміздің құдіретті де қасиетті қазақ деген халқының сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.

Тәуелсіздік! Бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді. Бұл Тәуелсіздік республикамыздың барлық халықтарына бостандық еркіндік әкелді.

Би: «Қазақ биі»

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Оқушылардың дайындаған өлеңдеріне кезек берейік.

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді, жасқап жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Халық үшін жаратқанға сыйынып.


Қына көктеп қоңыр қырдың тасына

Басталғандай көгім бүгін ашыла

Еңсесі тік, егемен ел болдық біз

Бақыт қонды қазағымның басына


Талай жылдар тілді тістеп жатып ем

Намысыма таяқ тиіп нәті кем

Енді міне қолым жетті әлемге

Мақтануға Нұр ағаның атымен


Қонған бақыт енді бастан қашпағай

Күнім күліп, арман нұрын шашқан-ай

Өз жерімде,өз тілімде сөйлеймін

Бұл тәңірден не тілерсің басқалай


Тәуелсіздік атты көкке телпегін,

Шаттанған жоқ, мақтанған жоқ ел тегін!

Қазағымның тұлғасын бір сомдайтын,

Өткенін де, бүгінін де, ертеңін!

Азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз!

Ендеше осы ата-баба, аға- апаларымызды орнымыздан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алайық.



Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз – қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді соқтырды. «Елім» деп елеңдетіп. «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйсіндірді.

Міне қазақ елі егемендігін жариялап, тәуелсіздігін алған. Бірлік болмай тірлік болмас деп бекер айтылмаған. Осы бірліктің арқасында Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең болып қадамын нық басуда.

Елбасы айтқандай, тәуелсіздік жылдарының қазақ халқы үшін қай жылының да ерекше маңызды екендігіне ешкім шүбә келтіре қоймас.Оның үстіне қазақ елі үшін ең бастысы да осы тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болып қала алсақ, жоқтықты да қиындықты да, әділетсіздікті де жеңе аламыз. Ал оған дәтіміз шыдамаса-бәрінен де дәмемізді үземіз. Ең жаманы, өзіміздің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың обалына қаламыз. Сондықтан да өз елімізде, өз жерімізде қазір болып жатқанның бәрі-бәрі көңілімізден шыға бермеді екен деп Тәуелсіздікті қолдан шығарып алмауымыз керек.

Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым.

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін ат салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Ән «Қазақ болып тумағанда нетерем» орындайтын 7- сынып оқушысы: Жұмабай Артур Арматұлы















«Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп- балабақша кешені» КММ





















Өткізген: Ж.Кенжесова











2020 – 2021 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі