400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАН!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-Қазақстан»

Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге тәрбиелеу.

Экраннан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан видиоролик көрсетіледі.Төрт қыз Кольбиннің суретін ұстап орыс биіне билейді.Видиоролик аяқталғаннан кейін залға жарық беріліп,Қазақстанның туын ұстап, бір қыз бен бір бала жүгіріп кіреді.

Балалар: Біз азатпыз! Біздің еліміз Тәуелсіздік алды.

Ура!Ура!Ура!

Көк тудың желбірегені әнімен қолдарына ту мен шар ұстап балалар келеді.Балалар шеңбер жасап, шарларын аспанға ұшырады.

Ғазиз: Егеменді елдің біздер

Ұланымыз жас қанат

Апайларға сәлеміміз

Құттықтаудан басталат

Балалар:Тәуелсіздік күні құтты болсын!(хормен)

Тәрбиеші: Таң арайлап атады

Күн күлімдеп шығады

Шаша берсін шапағын

Тәуелсіздік шуағы

Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Имандосова Шаки апайға береміз!

Рахмет, апай!

16-желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Ән: Елімнің ертеңгі иесі біз.Орындайтын: Ғазиз және «Бәйшешек»тобының бүлдіршіндері.

Тәрбиеші:Балалар бүгін біз төл мерекеміз-тәуелсіздік күнін тойлап жатырмыз.Біздің Отанымыз-Қазақстан.Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз ардақты аға,әпкелеріміз құрбан болды.Солардың бірегейі:Ләззат Асанова,Қайрат Рысқұлбеков,Сабира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаев.Міне, осындай аға,әпкелеріміздің арқасында қазір біз тауелсіз ел болып, бүгінгі күні төл мерекемізді тойлап отырмыз.

Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Мейірбек:Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі

Ілтипат: Дүбірлеткен өңірді

Дүбірлесін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні

Айболсын:Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Нұржан: Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем

Аяулым: Отан елдің анасы

Отан жердің анасы

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы!

Бақмұхаммед:Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

Елім-ай деп егілген

Қаһарман ұлдар,қыздар-ай

Алуа: Казахстан земля родная

Очень любим мы тебя

Море горы,даль степная

Это Родина моя!

Ернияз: Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Бегайым:Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең

Көк туыма басымды ием

Көгімізде желбіреген

Аман: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын

Ақторғын: Kazakhstan is my contry

Kazakhstan is my land

I live here with my friends

Аслан: Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға,әпкелеріміз

Ақзере: Көк аспандай тулардың

Желбіреген күні бұл

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні бұл

Димаш: Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

Азамат: Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні бұл!

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл!

Тәрбиеші: Би: «Алға Қазақстан»

Жасай берші ұлы күн

Үміті боп елімнің

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп ананың

Тәрбиеші: Ән: «Елтаңбасы елімнің»(хор)

«Бәйшешек» тобының бишілері орталарыңызда қазақ биімен»

Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең

Көк туына басымды ием

Көгімізде желбіреген

Ән: «Қазақстан»(хормен)

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық

Ән: Иә солай! Орындайтын Алуа

Құрметті қонақтар!Тәуелсіздік мерекесі тағы да құтты болсын!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!Осымен «тәуелсіз елім-Қазақстан» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды!Тамашалағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі