Материалдар / Тәуелсіз елім - Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елім - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ертеңгілік сценариі


Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, мемлекеттік рәміздер, Астананың суреттері.


Жүргізуші: Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені.
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 3 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Қазақстан жалауы (Сұлтан Қалиев)

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек –
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл –
Халқымның мәртебесі, туы, ары.
Бұлт шалмасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды –
Қасиетті борышым.


Қазақстаным (Сұлтан Қалиев)

Сәулетті әр қаласы
Шырағындай өмірдің
Кең-байтақ даласы
Құшағындай елімнің.
Тұп-тұнық аспаны –
Байлықтың бастауы,
Замана дастаны –
Қазақстаным менің.


Қазақстан – байтағым! Алмат Исәділ

Еркіндіктің мекені,
Қазақстан – байтағым,
Ерлігіңді әрдайым
Мақтанышпен айтамын.
Аман болып халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Елжіретіп жүректі,
Желбіресін байрағым!

Қазақстан (Ұлықбек Есдәулетов)

Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!


«Отан» Бүркіт Ысқақов

Отан сенің-ата-анаң,

Отан-досың, бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің,өз халқың.

Отан-өлкең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан-осы, достарым,

Көңілге оны түйе біл.

«Отан» деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл!


ТУҒАН ЖЕР (Совет Әлімқұлов)

Туған жер –

Тұнған шежіре.

Шертеді көп, күй-аңыз.

Сүйемін өзін елжіреп,

Туған жер –

Туған ұямыз.

Туған жер –

Туған анамыз

Сыйлаған өмір нәрімен

Төсінде бүршік жарамыз

Туған жер ыстық бәрінен.


-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

-Ту, елтаңба, гимн.

-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?

-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс. Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі.

- Елтаңбамызда ненің бейнесі бар ?

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Ту, Елтаңба, Әнұран туралы тақпақтарға кезек берейік.

10-топ тәрбиеленушісі:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанаты,

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.


11-топ тәрбиеленушісі:

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Төбесінде жұлдызы,

Тұр ғой әне жарқырап.


7-топ тәрбиеленушісі:

Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте

 

Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейікші.

  1. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

  2. Отанын саткан онбас.

  3. Отан-отбасынан басталады.

  4. « Отан –елдің анасы»

  5. « Отан – оттан да ыстық»

  6. « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

  7. « Жері байдың елі бай».

  8. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»,   т.б.
    - Жарайсыңдар, балалар.  Ендігі кезекте, сіздерге жұмбақ жасырайын. Мұқият тыңдаңыздар.

Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақпатриотымыз. Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп мақтан етейік.

1. Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы

2. Бейбітшілік пен келісім сарайы. Қазақ жеріндегі достық, бірлік және бейбітшіліктің символы болып табылады.

3. Ханшатыр. Қазақстанның астанасы – Астана қаласындағы ірі ойын–сауық және сауда кешені. (Астананың жаңа символы)

Сонымен қатар Астанада ең көрікті монументер (ескерткіш) бар.

«Мәңгілік Ел»  салтанатты қақпасы. 

«Астана – Бәйтерек» кешені – Астананың символы. 

Бәйтерек кешенінің жоғарғы қабатына шығып қарасаң, Астананың керемет көркін тамашалайсың. (қысқаша түсіндіру)

Онда балалар қазір сендермен осы бәйтерек кешенін өз қолымызбен  құрастырып көрейік (топпен жұмыс).

Ел жүрегі – Астана                                                          
Жаңа қала, жас қала
Зәулім, сәнді үйлері.
Үлгі болған басқаға.

Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сонда ғана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер. Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  тілек жазылған жүрекшелерді өз қолдарынмен орналастырыңдар. (Балалар кішкентай жүрекшелерді Қазақстан картасына жапсырады).
1.     Еліміз аман болсын!
2.     Әр қашан күн күлім деп тұрсын!
3.     Көк туымыз биік болсын!
4.     Аспанымыз ашық болсын!
5.     Ешқашан соғыс болмасын!
6.     Күніміз жарқырай берсін!
7.     Елбасымыз жасай берсін!
8.     Табиғатымыз сұлу болсын!
9.     Суларымыз-мөлдір таза болсын!
10.    Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!
11.    Болашағымыз жарқын болсын!
12.    Астанамыз көркейе берсін!

Балалар, сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!


Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Бүгінгі кереметтей мерекелік ертеңгілігімізге қатысқан барлық тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!