Материалдар / Тәуелсіз елім - Қазақстан.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елім - Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тәуелсіз  елім – Қазақстан   

 Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 32 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру. Оқушылардың білім деңгейін топтық жұмыс барысында арттыру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін таныта білуге үйрету. Оқушылардың тілін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу.Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге, ұйымшылдыққа,

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: «Қазақстан» суреттер, слайд, видеофильм, сызбалар, түсті қағаздар.

  Сабақтың барысы.

 II.Кіріспе бөлім

Сұрақтар:

1.Отанымыз қалай аталады? / Қазақстан /

2. Қазақ елі қандай мемлекет? / тәуелсіз /

3.Тәуелсіздікті қашан алды?  / 1991 жыл /

4. Мемлекеттік  тіліміз қай тіл? / қазақ тілі /

5. 16-желтоқсан қандай күн?
Тәуелсіздік алған күн.
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған,                                                                                                

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман .                                                                                        

Талай дара, даналардың көз жасы,                                                                             

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.                                                                    

Тәуелсіздік - қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан - тәніңмен ұғып біл.

Он бір  әріп не мағына береді,                                                                                                     

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.                                                                                 

Т - білдіреді теңдейді.                                                                                                                                

Ә - әдептілік ерлікті.                                                                                                                                  

У - уайымсыз, уақытты.                                                                                                                                

Е - егеменді, елдікті.                                                                                                                           

Л - дейді лағып, лепірме.                                                                                                              

С - сенімділік , секілді ең  

І -  ілтипат пен ізет қой  

 З - зиялылық  тілек қой.                                                                                                                  

Д - шақырады  достыққа.                                                                                                                      

І   -ілкімді  бол сақтыққа.                                                                                                                        

К - дейді  күн боп  көктегі.                                                                                                                       Т ә у е л с і з д і к  к е – 32 ж ы л   

 Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз,                                                            

Қымбаттанда ең қымбатты барымыз.                                                                                   

Тәуелсіздік - білектегі әліміз,                                                                                                

Тәуелсіздік - жүректегі әніміз. 

Тәуелсіздік - топтастыру. 

1991жылдың желтоқсан айының 16 күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл міне 32 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт. Осы атаулы күнге арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 ҚР-ның тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Тәуелсіздік, еркіндік - ежелден елдің тілегі.  Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы  ғасырлық күресі. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Тәуелсіздіктің белгісі неде? (Рәміздеріміз, мемлекеттік тіліміз, ұлттық валютамыз бар). 

Қазақстанның мемлекеттік  рәміздерін  атау. Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Гимні  бар.

Гимннің авторлары кім?

Оқушы:

Гимннің  авторлары:  Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев

Тудың  авторы кім?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары кім?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі.  Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

Балалар бір сергіп алайық.

 -  Мақал-мәтелдерді толықтырып жазу

 1. Халықтың ортақ үйі ...  ( Отаны )

2. Отан - ....      ыстық       ( оттан да )

3. Туған жердің  ......      ыстық,   .....   ыстық  (күні де, түні де )

4. Отансыз адам - .....   ( ормансыз бұлбұл )       

5. Өзге тілдің бәрін біл, .....  ( өз тіліңді құрметте )

6. Өз елім - ... ( өлең төсегім )

7. Туған жердің жері  де  ..... , елі де     .... ( көрікті, сүйікті )

8. Найзасыз   .....   болмайды,  таңбасыз   .... болмайды. ( ел,  ер )

 Өлеңді  тиісті  сөздермен  толықтырып жазады.

 Мен  оның  ............... сүйем, күнін сүйем,

Ағынды  ..............., асқар тау,  ...................  сүйем.

Мен  оның  .............................. тілін сүйем,

Мен  оның  .............................. үнін  сүйем.

Бар  ....................  сүйемін  қыбырлаған,

Бәрі  маған  ......................... – деп сыбырлаған.

 Тиісті сөздер: қасиетті,  түнін,  Отан,  құдіретті,  жәндігін, өзен,  гүлін.

 

 - Біздің еліміз-бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тек субъекті ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтық құқықтарына нұқсан келтірмейді.

Ашық болсын қазағымның аспаны,                                                                                               

Биіктесін  мәртебесі - асқары.                                                                                                                 

Көк байрағы мәңгі тулап көгінде,                                                                                                      

Ел намысын қорғап жүрсін жастары!

Мұғалім:

- Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы еліміз де мына тал секілді жер қойнауынан басқа  Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымыз да, заңымыз да жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық  арманына қол жеткізген тәуелсіздік жылдары қандай өзгерістер болғанын айтып өтейік.

 1991 – Тәуелсіздік алған жыл.

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

1991жылы 2 қазанда   тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

 1992 – ҚР – ның мемлекеттік рәміздер бекітілген жыл.

1993 – Ұлттық теңге шыққан жыл.

1995 жылдың 30 тамызда Конституция қабылданды.

6. 07 – Астана күні.

7. 05 – Отан қорғаушылар күні

1.05 –ҚР – ның халықтарының  бірлігі күні.

30.08 – Конституция күні

25.10 – Республика күні

16.12 – Тәуелсіздік күні

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды                              

2021 жыл  Тәуелсіздікке 30 жыл

2022 – Балалар жылы

Мұғалім: Міне балалар талымыз бастапқыдай емес  жайқалып шыға келді . Бұл тал секілді біздің елімізде көркейіп , сұлуланып , дамып келе жатыр.

 Қорытынды:   Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге  әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек.  Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіз елім - Қазақстаным " атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз.  Бәріңізге р а х м е т !!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!