400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз елім - Қазақстан. "Балақай" ерте жас тобы ата-аналарымен ұйымдастырылған отбасылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сайыстың негізгі мақсаты балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сайыс барысында балалар тәуелсіздіктің кімдердің арқасында қолға жеткенін аз да болса түсіне білді. Сайыстың кішкентай балаларға тигізер тәрбиелік маңызы өте зор. Балалар суреттерден Қайрат, Ляззат, Сабира сынды қайратты намыскер аға апаларымен танысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Сафон ауылы

«Боташым» бөбекжай балабақшасы













Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан



«Балақай» ерте жас тобы

Тәрбиеші: Тулегенова Бибигуль Аманбаевна











2016 – 2017 оқу жылы

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қазақстан –егеменді ел,тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел

Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым ертеден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.


Жүргізуші: Ендеше ,сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар:

1-отбасы – Алауов Нұралы анасы Хабиденова Гүлімжан және әпкесі Алауова Айсәуле

2-отбасы – Зинуллаева Аймира анасы Кабиева Алена және әпкесі Зинуллаева Айерке

3-отбасы – Аққалиев Дидар анасы Убишева Милана және ағасы Аққалиев Данабек
Қош келдіңіздер!!!



Жүргізуші: Бүгінгі отбасылық шарамыз 3 турдан тұрады:

  1. Тур: «Жанұям- мақтанышым» ( Отбасын таныстыру)

  2. Тур: «Мен елімнің патриотымын» (Патриоттық ән, өлең)

  3. Тур: Үй тапсырмасы







Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

  • Балабақша меңгерушісі Утегулова Тамара апай

  • Балабақша әдіскері Тулешова Анаргүл апай

  • Балабақша тәрбиешісі Кенжегалиева Бибігүл апай

Ендеше сайысымыздың 1 туры бойынша сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Жүргізуші: Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді өлең

Көк туына басымды ием

Көгімізде желбіреген

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді, - дей отырып сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз.

2-турымыз «Мен елімнің патриотымын» деп аталады. Сөз кезегі өздеріңізде.


Жүргізуші: Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың 
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырмасы» әр топ өз тақырыптарын қорғайды.



Жүргізуші: Рахмет ата-аналар.

Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған 
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын

Азаматтарымыздың арқасында ата –бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ия, егемендік, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама жастар құрбан болды, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Міне, бүгінде көк байрағымыз көкте желбіреген егеменді елміз. Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.


Жүргізуші: Ата-аналар марапаттарыңыз құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік , халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.

Осымен құрметті қонақтар «Балақай» тобының дайындаған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты отбасылық шарасы аяқталды


Жасай бер, жаса, туәелсіз Қазақстаным!!!































«Боташым» бөбекжай балабақшасы

«Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан!»

отбасылық сайысынан

Х а б а р л а м а

2016 жылдың 15 желтоқсан айында «Балақай» ерте жас тобында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық сайыс болып өтті.

Мақсаты: «Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу» Сайысқа топ ата-аналары балаларымен қатысты. Сайыс 3 турдан құралған. Әр ата-ана тәуелсіздікке байланысты өз ойларын айтып, патриоттық әндерін мерекеге арнап шырқады. Шара соңында атаналар әртүрлі номинация бойынша марапатталды. Бұл шараға барлық ата-аналар да белсенділікпен қатысты. Ата-аналар дайындаған тәуелсіздік туралы бейнематериалдар мен баяндамалардан көптеген қажетті мәліметтер тыңдалды.

Отбасылық сайыс өз мақсатына жетіп, мазмұны ашылды.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі