Қазақ тілінде тәлім -
тәрбие алатын ортаңғы тобындағы
Тәуелсіздік мерекесіне
ұйымдастырылған мерекелік іс -шара
Өткізу
күні: 15
.12.21
Тәрбиеші: Азнакулова
Д.С.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім -
Қазақстаным» Міндеті : Балалардың бойында
Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз
еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана
сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең
мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын
еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында
түсіндіру. Ресурстар: 1. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Жалаушалар, Шарлар,
гүлдер.
Балалар қараңдаршы
сыныбымыздың іші қандай әдемі болып тұр, оның себебі бүгін бізде
керемет мереке.
Қандай мереке сендер
білесіңдерме? Айта қойыңдаршы......
(Балалар
жауабы)
Жарайсыңдар,
балалар.
Балалар біз қай мемлекетте
тұрамыз (Қазақстан)
Біздің президентіміз
кім?(Қасым-Жомарт Тоқаеев)
Қазақстанның рәміздері калай
аталады? (ту,елтаңба,әнұран)
АЛ,енді Қазақстан
әнұраны
1. Қазақстан
Республикасының гимнін тыңдау.
Біз тәуелсіз елдің түлегі
болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы
сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең.
Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен
астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің
киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз
байлығы Тәй-тәй басқан нәресте де,
еңкейген қария да оның бір мүшесі. Қазіргі кезде біз ашық аспан,
жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді
бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға
халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары
Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн -
Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні
деп алтын әріппен жазылды
2.Слайд «Туған жер»
3.Ендеше біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақтарын айтып
берсін.
Айдана
Отан асыл
анамыз,
Ана сүтін
ақтаймыз.
Есейгенде ер
болып,
Елді жаудан
сақтаймыз
Әди.
Отан
аудан,ауылым
Отан
досым,бауырым
Отан өлкем,
астанам,
Отан туған
бауырым.
Жарайсыңдар, балалар енді ойын
, ойнап алайық
Қазір қазақ халқының ұлттық
ойыны ханталапайды ойнаймыз
4.Ойын: «Ханталай» ( асықпен
ойналады)
Шарты: асықты, асықпен ұру,
кім асықты тигізе алмаса сұрақтарға жауап
береді.
Жарайсыңдар,балалар керемет
өте жақсы ойнадыңдар,мерген
екенсіңдер.
Тәрбиеші
сөзі: Біз Отанымыздың ұрпақтарымыз.
Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді
көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың
ақылшысы, тірегі біз болмақпыз
5.Балалар, енді Отан туралы
мақал- мәтел дер айтайық
1.Отан елдің
анасы
2.Отан алтын
бесік
3.Отан оттанда
ыстық
4.Отансыз адам ормансыз
бұлбұл
5. Еліңді сүйсең ерлік
жасайсың
Балалар жарайсыңдар, енді тағы
бір ойын ойнап өз шапшаңдығымызды
байқайық.
6.Ойын : «Тақия тастамақ»
(Балалар шеңбер болып отырады.)
Шарты Қолында тақиясы бар бала
,балаларды айналып жүріп,бір баланың абасына тақияны кигізеді.
Тақия киген бала оны қуады. Тақия кигізген бала тақия киген баланың
орнына келіп отырады. Балалар енді сергіп алайық,
менімен келісесіндерма ? Жақсы, онда Қаражорға биін
билейміз 7.Би: «Қаражорға»
Қорытынды: Балалар бүгінгі мереке
сендерге ұнадыма? Сендер не айта аласындар,? не
сендерге ұнады? (Балалар
жауабы)
Ал, балалар енді сабағымыз
аяақталды. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз
құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене
берсін!