Материалдар / Тәуелсіз елім - Қазақстаным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елім - Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-жүргізуші
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар !16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мектепішілік «
Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Бабадан қалып жеткен көрегендік,

Еркіндік жастығыңда өлең өрдік

Арқалап аманатын келіп жеткен

26 жыл! Құтты болсын егемендік!

2-жүргізуші:
Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. 
Шырқадым әнұранды бар дауыспен, 
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Қ.Р:М.Г орындалсын



1-жүргізуші


Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.



2-жүргізуші:

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! 

1-жүргізуші 

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.



2-жүргізуші 
Хор: «Желтоқсан желі»



1-жүргізуші
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнап мектебіміздің оқушыларының жүрек жарды өлеңдердін тыңдайық



2-жүргізуші:

Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңіне сусындап болсаңыздар ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер!





1-жүргізуші:
6 «ә» сынып оқушысы Жаңабай саяттың орындауында «Жүрегім қазақ» әнін қарсы алыңыздар

.

2-жүргізуші:, 
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды.  Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.


Көрініс: Қайсар рухты Қайрат!


1-жүргізуші

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. 
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 


2-жүргізуші:

Ән: «Батырлар ұраны» орындайтын 5 ж сынып оқушысы Жұмақұлов Ернарды қарсы алайық

1-жүргізуші
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, 
Тарихы оның тым әріден басталған. 
Бодандықтан құтқарам деп елімді, 
Талай боздақ қара жерді жастанған. 

2-жүргізуші:

Жазалаушы қара құрттай қаптады, 
Қазағымды қырып – жойып таптады. 
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты, 
Қарсы шығып ел сенімін ақтады. 


Хор: Тәуелсіз Қазақстаным Хор жетекшісі Байбосынова З.Ш

1-жүргізуші
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.


2-жүргізуші
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!