жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіз елім - тірегім!
«ҚҰРЫЛЫС - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Қаралды Бекітемін:
Сынып жетекшілерінің Директордың тәрбие
ӘБ отырысында ісі жөніндегі орынбасары
_______Г.К. Майлыбаева _______Г.Т.Алдажарова
«Тәуелсіз елім – тірегім!»
(Колледжішілік іс шара)
Орындаған: Садуева А:У.
Өткізілген орны:Спорт зал
Нұр - Сұлтан 2019 жыл
«Тәуелсіз елім – тірегім!»
Мақсаты:
Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді.
Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сахналық көрініс, әдеби музыкалық монтаж, әңгімелеу, ән, жыр, тарихи дәйектемелер
Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, газеттер, слайд, тақырыпқа байланысты сөздер жазылған плакаттар және кітап.
Барысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналып, барлығы қосылып орындайды.
Күмберленген күй даусы естіліп, ортаға екі жүргізуші шығады.
1- жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, білім алушылар!
Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсанына арналған: «Тәуелсіз елім – тірегім!» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!
2 Ведущий: Добрый день, уважаемые педагоги и учащиеся!
Сегодня мы собрались, чтобы отметить этот светлый праздник нашей великой Родины - Республики Казахстан!
1 – жүргізуші: Құттықтау сөз колледж директоры
Малгельдинов Серік Ережепбекұлына беріледі.
1 – жүргізуші:
Иә, ол күн – Тәуелсіздіктің туын ең алғаш желбіреткен 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Күллі әлемді дүр сілкінткен Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгілейді.
2 - жүргізуші:
16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған (боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.
Ән «Желтоқсан желі» ЭҚ – 19 тобының білім алушысы Шашубай Серікбол
1 - жүргізуші:
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды.
2 - жүргізуші:
Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқы мен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
Бейне Ролик
1- жүргізуші:
Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контреволюция - нер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізуі еді. Алайда олардың бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алады. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жанқасындай быт-шыт болып ұшып жатыр. Үкімет Үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986 – жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы назарлықтың көрінісі болмаса керек. Түбін білмеген – тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
1- жүргізуші:
Кешегі үш жүзді бір тудың астына жинаған Абылай хан тұсындағы төбе билеріміз қара қазан, сары бала қамы үшін сөз саптаған еді. Егемендк пен бірлік Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз даусынада, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан.
1 - жургізуші:
Бабалар арманы, бабалар үміті үзлген жоқ! Бірлігі, берекесі
мол ел болуды армандаған кешегі Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбектер, Сәкен, Бейімбет, Ілястарды да маңдайымызға сыйғыза алмадық.
2- жүргізуші:
Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе, азая қоймапты. Оның айғағы –ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.
Нәтижесінде – дүниені дүр сілкендіріп, әлемге «Қазақ» деген атты әйгілі еткен - Желтоқсан оқиғасы.
Өлең «Желтоқсан алауы» ЖӨШ - 2 тобының білім алушысы Мүтәліп Бердібек
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің,
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең - жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз.
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Жібердік еркін ат басын,
Қиянат жанға батқасын.
Тоқырау таңын күйреттік,
Деп: «Тендік күні батқасын!».
Жанымыз жомарт қазақпыз,
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Өлең «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» ЖӨШ - 2 тобының білім алушысы Серікжан Дауыл
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перезентін қара жерге жерледі
Орыны ағалардың бізбен болсын
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
Салынып үміт көлінің асқар бағы
Қазағымның мұң болып асты арманы.
Тұрған шақта еліме ұран болды
Есенғали ағаның «Қасқалдағы»
Ән «Қара бауыр қасқалдақ» ЭҚ – 21 тобының білім алушысы Жанасыл
1 - жургізуші: Шеруді ұйымдастыруға қатысы бар деген жалған айыппен қазақтың қаншама зиялы азаматтары жалған айыппен жазаланды. Сол жазықсыз құрбандар тірі болғанда бірі ақын, бірі жазушы боларма еді...
2 -жүргізуші:
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік, жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы желтоқсан желі ызғарлы болып ессе де, жанымызға нұр сеуіп, Тәуелсіздіктің ақ таңын ала келді.
Өлең Желтоқсан алауы» ЖӨШ - 2 тобының білім алушысы Нұрғалеев Алпамыс
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перезентін қара жерге жерледі
Орыны ағалардың бізбен болсын
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
Салынып үміт көлінің асқар бағы
Қазағымның мұң болып асты арманы.
Тұрған шақта еліме ұран болды
Есенғали ағаның «Қасқалдағы»
Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді ЭҚ - 21 тобының білім алушысы Жазылбек
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мен тіліммен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен
Құрсағыма сыйдырған даланы мен!
Пәк сәбимін, бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
«Мен қазақпын» дегенді айта тұрдым.
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмейсің, жер күндікті
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,
«Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім!
(Шаңырақ ашылады. Еңсеповтің музыкасы баяу қойылады. Кемпір мен шал отырады).
Шал: Е, кемпір – ай! Уақыт шіркін тоқтаусыз зымырап, бәрін ырқына көндіреді екен – ау!
Кемпір: Шал - ау, несін айтасың!
Шал: Әй, кемпір... Қарашы анау біздің немерелерді, бірімен – бірі тату шүйіркелесіп жүр.
Кемпір: Е, шал – ау! Тәубе де!
Шал: Тәубе, тәубе! Тәуелсіздік көтерген бейбіт мынау өміріме тәубе!
Кемпір: Тіл – көзден аулақ! Еліміз бұл күнде талайды тамсандырып, таңдайын қақтырып отыр.
Шал: Оның рас! Кең алқапта мекен еткен, ұшса құстың қанаты, шапса аттың аяғы талатын жеріміз кімді болмасын таңдандырмай қоймасы анық.
Шал: Мақтан етер осы күнді көргенімізге тәубе! Еліміздің тарихын, қадыр – қасиетін балаларымыз біліп өссе, келешек солардың қолында ғой.
Кемпір: Оның дұрыс – ақ! Әлгі немерелер қайда жүр?
Шал: Әй балалар, Тәуелсіздігіміздің қарымды қадамдарымен жеткен жетістіктеріміз баяндап шықсыншы өзі.
Екеуі бірге: Барымызға тәубе етіп, алға қарап адымдайық!
(Музыка қаттырақ қойылады)
1 жүргізуші: Үңілейік, тәуелсіздік тарту еткен күндерге.
Берері мол жалпы жұртқа, біздерге.
Өткен тарих рух берген бұл кезең.
Қымбат, сірә, сіздер менен біздерге
Ведущий: Все перечисленные достояния стали возможными благодаря обретению Казахстаном государственной независимости и осознания своей собственной ответственности за будущее страны казахстанцами во главе с Президентом Н.А. Назарбаевым.
Родину не выбирают. Она дается нам с рождения. Каждый человек должен любить свою Родину! И делать все для того, чтобы она стала лучше и краше!
Ән «Қазақ жастары» ҚӨШ - 18 тобының білім алушысы Ермахат Ерсайын
Ән «Ауылға барам» Музыкалық жетекші Калимусаев Амангельды Калимусаевич
Ән «Көк тудың желбірегені» ЖӨШ - 18 тобының білім алушысы Серікжан Дауыл
2 жүргізуші:
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін .
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
1 жүргізуші:
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты десең егер, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсын ба,
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен –
деп іс- шарамызды аяқтаймыз.
Кездескенше
әр күніміз нұрлы, таңымыз шуақты болғай.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген