Материалдар / Тәуелсіз елім - тірегім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елім - тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланған материалым ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы "Тәуелсіз елім - тірегім"деп аталады. Тәуелсіздікке байланысты тәрбие сағатын өткізуге сынып жетекшілерге көмегі бар деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
489
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

81 орта мектебі






i (4).jpg


Ашық тәрбие сағаты

«Тәуелсіз елім - тірегім»

5-сынып

Өткізген: Баймуратова Ж.А

















2017-2018 оқу жылы


Сыныбы: 5 Күні: 12.12.2017 ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім (Ашық тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру. Бастан өткерген тарих арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну, Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету

Көрнекілігі: көрме, интерактивті тақта, жеміс ағашы

Барысы: I. Кіріспе

Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма, балалар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымызды бастау үшін «Сиқырлы сандықшаны» ашуымыз керек. Бұл «Сиқырлы сандықша» ашылу үшін бізге ән айту керек екен. Олай болса, қане кім бар өнері бар?

Оқушылар ән айтады.

Ән айтылып болған соң сандық ашылады. Ішінен «Әлемнің 7 кереметі шығады»

- Балалар, бұлар не?

- Әлемнің 7 кереметі

- Жақсы, бұл аталғандар әлемнің кереметтері. Ал біздің, өз еліміздің 7 кереметін атап бере аласыздар ма?

1 топ, 2 топ, 3 топ, 4 топ жауаптарын тыңдау (Қазақстанның 7 кереметі және Мәңгілік елдің 7 құндылығын да 7 кереметке теңеуге болар еді)

  • Жарайсыңдар, балалар! Біз Мәңгілік елде бақытты өмір сүріп жатырмыз. Мәңгілік ел –ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік бізге ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен жетті. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіз елім - тірегім» деп аталады. Олай болса, бізге Тәуелсіздік қалай келді, біз Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Енді осы аумалы-төкпелі кезеңді бастан кешкен қазақ халқының тарихын Видео арқылы көз жеткізейік.

(Видеоролик көрсету, оқушылар пікірлерін ортаға салу)

Тәуелсіз ел дегеніміз не?

Тәуелсіз елде біз қалай өмір сүріп жатырмыз?

Тәуелсіздікті қалай бағалайсыздар?

- Жарайсындар, балалар! Біз Тәуелсіздікпен бірге Мәңгілік елге де қол жеткіздік!

Олай болса кезекті топтық сайысқа берейік.

II. Негізгі бөлім. 1. Топтық сайыс.

  1. Отан туралы мақал-мәтел жазу

  2. Тәуелсіздік сөзінен бірнеше сөз шығару

  3. Қазақтың салт-дәстүрлерін атау


2. Видеоролик (Мәңгілік ел)

3. Ойын. «Жеміс ағашын теру». Еліміздің тарихы жөнінде бір мәлімет айтып, жемісті алу.

  1. Оқушы. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.
    2. Оқушы. Ұлан байтақ елімізге жан - жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVI - XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды.
    3. Оқушы. 1723 жылы қаннен - қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние - мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір - шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды

4. Оқушы. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.
5. Оқушы. XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.
6. Оқушы. Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.
7. Оқушы. Ресей империясының отаршылдық және орыстандыру саясатына қарсы қазақ халқы сан рет ұлт - азаттық көтеріліске шықты.
8. Оқушы. XІХ ғасырдың 40 - 50 жылдарындағы Жанқожа батыр бастаған қазақтардың Хиуа, Қоқан хандардың езгісіне қарсы күресі.
1870 жылы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі. 1783 - 1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі. 1836 - 1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
9. Оқушы.1837 - 1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт - азаттық көтеріліс.

10. Оқушы.1916 жылы ұлт - азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни халқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.
11. Оқушы.1930 - 1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды.
12. Оқушы.1937 - 1938 жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын - сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды
13. Оқушы. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10. 00 - да бар - жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.



14. Оқушы. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы - қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16 - 17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды
15. Оқушы. Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға - апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

16. Оқушы. Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық - коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай - ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси - әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
17. Оқушы. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР - інің егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. 1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
18. Оқушы. 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.

19. Оқушы. 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.
1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. 1998 ж. Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
20.Оқушы. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,
Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.


III. Қорытынды.

1. «Күн шапағын шашу» Оқушылардың болашаққа деген тілектерін стикерге жазып, оқып ілу;

2. «Көк тудың желбірегені» әні (оқушылар жалаушаларын көтеріп, өлеңді қосылып айтады)

Оқушылар хормен:

Қазақстан!

Туымен тұғырлы!

Елтаңбасымен еңселі!

Әнұранымен айбатты!

Мұғалім: «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.

Тәуелсіз 26 жыл туыңды биік ұстадың,

Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!