400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте!" салтанатты кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. ҚР Тәуелсіздігі күніне орай өткізілген шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

№10 жалпы білім беретін

орта мектебінің директоры:

______________Г.Иманова

«14» желтоқсан 2017 ж.



Өтетін орны: Мәжіліс залы

Уақыты: 15.12.2017 ж.

Өткізілу формасы: салтанатты кеш

Қатысушылар: 4-11 класс оқушылары, мұғалімдер!

Өткізілу мақсаты: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Тақырыбы: "Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте!"

Мақсаты:

Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Фанфар

1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн - Ұлы мереке Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тойлағалы отырмыз.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1-жүргізуші:

Мектеп түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!

(ҚР Гимні орындалады )

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.

2-жүргізуші:

Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. "Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте!" атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 2011 жылы 6 шілдеде еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт-дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын.
2 - жүргізуші: Міне, бүгін де еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрамына салтанатты түрде қабылдағалы отырмыз. Сөз мектеп Ұланбасы Айсауыт Ақназарға беріледі.

Айсауыт Ақназар: Мектеп, сап түзеп, тік тұр! «Жас Қыран», «Жас Ұлан» топ басшылары қабылдау жиынына дайындығы туралы мәлімдеме тапсырсын!

«Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Тлеулиева Марал:
«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп Ұланбасы, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау жиынына дайын!

«Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшесі Балауса:

«Жас Қыран» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп Ұланбасы, «Жас Қыран» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау жиынына дайын!

Айсауыт Ақназар: Ант беру рәсімі орындалсын!

Біз, Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйының қатарына кіре отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге, Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды мақтаныш етуге,ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты аялауға, "Жас ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /Уәде беремін!/ /Уәде беремін!/ /Уәде беремін!/

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары мен азаматшалары болуларыңызға тілектеспіз.

2-жүргізуші:

Бүгінгі жиында «Жас Ұлан» ұйымының қатарына және «Адал ұрпақ» еріктілер клубына мүшелерді салтанатты қабылдау рәсіміне мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мен үздік, белсенді оқушыларын шақырамыз.

«Жас Ұлан» Гимні

1-жүргізуші:

«Жас Ұлан» ұйымына және «Адал ұрпақ» клубына қабылданған оқушыларымызды құттықтау және марапаттау үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Иманова Гүлаим Бекетовнаға беріледі.
1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік ел бақыты,ертеңі,

О,халайық,құтты болсын қуаныш

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

1-жүргізуші:

«Домбыра сазы» ансамбльінің «Өрнек» күйі

2-жүргізуші:

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі, көкке жетті көк туың,

Сен Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі

1-жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік күніне арналған жыр шумақтарымен 2 класс оқушыларын ортаға шақырайық.

1-оқушы: Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.

2-оқушы: Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен

3-оқушы: Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
4-оқушы: Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
5-оқушы: Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр – әнім,

Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

2-жүргізуші:

Қазақстан – менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

1-жүргізуші:

«Байтақ Қазақстан» биін қошеметпен қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері айшықтанып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

2-жүргізуші:

Біз көбіне тәуелсіздік туралы айтқанда, не 90-жылдардың басындағы кезеңді сипаттаймыз не бүгінгі жеткен нәтижеге тоқталамыз, арадағы болған жекелеген оқиғаларды, өткен жылдарды көп еске түсірмейміз. Ал бүгін біз «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы:  Оқиғалар жылнамасы» атты кітаптың негізінде көрермен назарына 1991-2017 жылдар аралығындағы саяси оқиғалар хроникасын ұсынамыз.

1-жүргізуші:

Ендеше «Мәңгілік Тәуелсіз Қазақ елі» қойылымын қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар

Елің алды егеменді теңдігін.

1-жүргізуші:

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қойнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

2-жүргізуші:

Қайырбаев Наурызбайдың орындауындағы «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі зор міндет.Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегі Қайрат, Ләззаттардың жалғасымыз. Біздің міндетіміз – білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

1-жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз!

2-жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тірегім,елім деп соққан жүрегім!» атты мерекелік кешіміз осымен тәмам.

1-2-жүргізуші:

Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!



























































1991 жыл – еліміздің егемендік алып, Тәуелсіз Қазақстан деген атпен күллі әлемге танылған жылы. Содан бері, міне, 22 жыл өтті. Қазақстанның дамуы, тәуелсіздік іргетасының қалануы тарих сахнасында үлкен беделге ие. «Жас мемлекетімізге» тәуелсіздік оңай келген жоқ. Тәуелсіздік – қайсар батырларымыздың білек күшімен, «елім» деп еңіреген азаматтарымыздың маңдай терімен жетті.

Талай саңлақтарымыз алаш туы астында бүкіл қазақты ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға шақырды. Солардың бірі Қайраттай өр рухты қайсар ұлы, Сәбира мен Ләззаттай батыр қыздарымыздың жігері мен батылдығы талай қазақ жастарына үлгі болып, патриоттық рухын оятты. Қазақ – батыр халық, ержүрек, намысшыл халық. Ел басына күн туса, ел үшін туған ерлеріміз намыс отын жағып, топырағын ақтық демі қалғанша қорғағанына  тарих куә, кешегі қиын-қыстау заман куә. Еліміздің ұлы мерекесі – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні жылдан жылға президентіміздің қолдауымен биік дәрежеде аталып өтуде.  Бұл күндері күллі қазақ – үлкені де, кішісі де халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы, көрген қиындықтарын еске алып, бүгінгі күнге қалай жеткенімізге, өткенімізге көз жүгіртеді. Бұл күнде ойымызға тәуелсіздік құрбандары оралатыны хақ. Қазір де біз сол батырларымыздың арманы орындалған, мемлекет құру мақсатына жеткен ашық аспан аясында өмір сүріп жатырмыз. Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа аманат.































«Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Нуртазина Анар:
«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп көшбасшысы, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына:

































































Марш

  1. «Егемен Қазақстан» әнімен 4 «Ә» класс оқушылары

  2. 5,6,7 класс оқушыларының орындауында «Қазақстан бақытты» әні

  3. «Қазақ елі» әні. Орындайтын 7 «А» класс оқушысы Серғали Аяжан.

  4. 5 класс оқушыларын «Күй дала» биімен қарсы алайық!

  5. 3 «Ә» класының оқушылары Ізбағамбетов Әли, Қалиев Аманжол, Кенжебек Нұрсұлтанның орындауында «Болашағы елімнің» әні.

  6. Балғазы Дәулет пен Айтпик Айдостың орындауында «Балбырауын» күйі.

  7. 4-5класс оқушыларын «Не детское время» биі

  8. Ән «Қазақстан»Орындайтын: «Жігер» тобы




Марш

  1. «Егемен Қазақстан» әнімен 4 «Ә» класс оқушылары

  2. 5,6,7 класс оқушыларының орындауында «Қазақстан бақытты» әні

  3. «Қазақ елі» әні. Орындайтын 7 «А» класс оқушысы Серғали Аяжан.

  4. 5 класс оқушыларын «Күй дала» биімен қарсы алайық!

  5. 3 «Ә» класының оқушылары Ізбағамбетов Әли, Қалиев Аманжол, Кенжебек Нұрсұлтанның орындауында «Болашағы елімнің» әні.

  6. Балғазы Дәулет пен Айтпик Айдостың орындауында «Балбырауын» күйі.

  7. 4-5класс оқушыларын «Не детское время» биі

  8. Ән «Қазақстан»Орындайтын: «Жігер» тобы




Марш

  1. «Егемен Қазақстан» әнімен 4 «Ә» класс оқушылары

  2. 5,6,7 класс оқушыларының орындауында «Қазақстан бақытты» әні

  3. «Қазақ елі» әні. Орындайтын 7 «А» класс оқушысы Серғали Аяжан.

  4. 5 класс оқушыларын «Күй дала» биімен қарсы алайық!

  5. 3 «Ә» класының оқушылары Ізбағамбетов Әли, Қалиев Аманжол, Кенжебек Нұрсұлтанның орындауында «Болашағы елімнің» әні.

  6. Балғазы Дәулет пен Айтпик Айдостың орындауында «Балбырауын» күйі.

  7. 4-5класс оқушыларын «Не детское время» биі

  8. Ән «Қазақстан»Орындайтын: «Жігер» тобы






Марш

  1. «Егемен Қазақстан» әнімен 4 «Ә» класс оқушылары

  2. 5,6,7 класс оқушыларының орындауында «Қазақстан бақытты» әні

  3. «Қазақ елі» әні. Орындайтын 7 «А» класс оқушысы Серғали Аяжан.

  4. 5 класс оқушыларын «Күй дала» биімен қарсы алайық!

  5. 3 «Ә» класының оқушылары Ізбағамбетов Әли, Қалиев Аманжол, Кенжебек Нұрсұлтанның орындауында «Болашағы елімнің» әні.

  6. Балғазы Дәулет пен Айтпик Айдостың орындауында «Балбырауын» күйі.

  7. 4-5класс оқушыларын «Не детское время» биі

  8. Ән «Қазақстан»Орындайтын: «Жігер» тобы




















































































































«Бекітемін»

№10 жалпы білім беретін

орта мектебінің директорының м.а:

______________Т. Абдиева

«11» желтоқсан 2013 ж.



Өтетін орны: Мәжіліс залы

Уақыты: 14.12.2013 ж.

Өткізілу формасы: мерекелік кеш

Қатысушылар: 5-11 класс оқушылары, мұғалімдер!

Өткізілу мақсаты: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Тақырыбы: "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!"



Мақсаты:



Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған –
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім!
ҚР Гимні орындалады



2-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 22 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерден аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.



1-жүргізуші:
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ата-бабамыз бастарынан кешірген осы бір ауыр кезеңді бейне көрініс арқылы назарларыңызға ұсынамыз.
(Желтоқсан желі, видеосы көрсетіледі).



2-жүргізуші: Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев сынды апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. Осындай ер жүрек те, қайсар аға-апаларымызды үнсіздікпен еске алайық.





1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Құттықтау сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы – Абдиева Тазагүл Отарбайқызына беріледі.



2-жүргізуші:

Ендігі сөз кезегі, мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы - Батырғалиева Маншүк Каримовнаға беріледі.


1-жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық, -
дей отырып ендігі кезекте күйшілерімізді қарсы алайық.
Ортада «Балбырауын» күйі



2-жүргізуші: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!-дей
келе өздерінің Тәуелсіздік күніне арналған жыр шумақтарымен оқушыларымызды ортаға шақырайық.


1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2-жүргізуші:

Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып.

Қазақстан бізді туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік! Ортада «Атамекен» әні

Орындайтындар 8-11 класс оқушылары













1-жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың



2-жүргізуші:
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
. Ортада «Тәуелсіздік күніне арналған көрініс»

10 «Ә» класс оқушылары


1-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші:

2-жүргізуші: 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

1-жүргізуші: 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

2-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

1-жүргізуші: 1992 жылы 2 наурызда қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.

2-жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.

1-жүргізуші: 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды.

2-жүргізуші: 1993 жылдың 15 қарашасы жас Мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

1-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Ендігі әніміз жанашырымыз, Тәуелсіздігіміздің туын желбіреткен – Елбасымызға арналады. Ортада «Нұр аға» әнімен оқушылармызды қарсы алайық.




2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.











1-жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.


2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетіп келе жатыр. Бүгінгі кешімізді Марлен мен Дастанның орындауындағы «Жаса Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.



1-жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

2-жүргізуші:Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





1-жүргізуші:

Соңғы 15 жылдың ішінде халықтың саны 14млн-нан 17 млн-ға дейін өсті. 758 аурухана салынды. Біз дәйекті түрде қолжетімді және нарықты білімнің дамуына бағдарлама жасаймыз.

«Балапан» бағдарламасының жүзеге асу арқасында біз мектепке дейінгі оқушылар ауқымын 65,4% көбейте алдық. Тындырымды мектепалды дайындық кіргізілді, бүгін оның көрсеткіші 94,7%-ға дейін жетті. Тындырымды мектепалды дайындық кіргізілді, бүгін оның көрсеткіші 94,7%-ға дейін жетті. 1997 жылдан бастап елімізде 942 мектеп салынды.

2-жүргізуші:

1993 жылы біз «Болашақ» атты бағдарламаны қабылдадық, оның арқасында 8 мыңдай дарынды жастар әлемнің ең алдыңғы университеттерінде білім алуға мүмкіндік алды. Астанада қазіргі халықаралық қалыптарға шұғылданған ғылыми-зерттеу университеті жасалды. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық, Шанхай ұйымының ынтымақтастық ұйымдарында, Ислам ынтымақтастық ұйымға және Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына төрағалық етті. Біз Елбасымыз секілді «Дұрыс жолмен жүргенімізді және бізді дұрыс жолдан таюға ештеңе кедергі келтірмейтініне» сенеміз.





































2 - жүргізуші: Міне, бүгін де еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрамына салтанатты түрде қабылдағалы отырмыз. Сөз мектеп Ұланбасы Айсауыт Ақназарға беріледі.



Айсауыт Ақназар: Мектеп, сап түзеп, тік тұр! «Жас Қыран», «Жас Ұлан» топ басшылары қабылдау жиынына дайындығы туралы мәлімдеме тапсырсын!



«Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Тлеулиева Марал:
«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп Ұланбасы, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау жиынына дайын!



«Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшесі:

«Жас Қыран» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Жолдас мектеп Ұланбасы, «Жас Қыран» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау жиынына дайын!



Айсауыт Ақназар: Ант беру рәсімі орындалсын!

Біз,_________________Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйының қатарына кіре отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге, Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды мақтаныш етуге,ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты аялауға, "Жас ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /Уәде беремін!/ /Уәде беремін!/ /Уәде беремін!/





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі