жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім»
БҚО, Казталов ауданы,
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің
Аға тәлімгері Сейпулла Айымгүл Қайратқызы
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім»
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 28 жылдығын тойлау, тарих шежіресінен сыр шерту, ұстаздар мен оқушылардың бірігуі арқылы мерекелік шара өткізу. Оқушыларды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке үйрету.
Көрнекілігі: банер, шарлар, жалаулар
1-Жүргізуші: Қайта тудым қазағымның ай – күйі,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жиырма сегіз жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны, - Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар және оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш – қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұраны.
(Әнұран орындалады)
1-Жүргізуші: Алғашқы құттық сөз кезегін мектеп директоры Назгүл Сансызбайқызына беріледі.
2-Жүргізуші: Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап келген тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 28 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынын бастауға рұқсат етіңіздер.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы кіргізілсін! /Сахна төріне ұйымның туы кіргізіледі/
1-Жүргізуші:
2019 жылдың 11 қазан күні «Жас Ұлан» бірыңғай
балалар мен жасөспірімдер ұйымының
Ұланбасына үміткерлікке 6 оқушы
қатынасып, сайлау алды үгіт насихаттарын
жүргізді. Мектебімізде өткен жалпы
Ұланбасы сайлауында 101 сайлаушы өз
дауыстарын беріп, сайлау мәресіне
жетті.
2-Жүргізуші:
Мектепішілік сайлау нәтижесінде мектеп
Ұланбасы лауазымына, ең көп дауыс
жинаған 10 сынып оқушысы Қажгереева Әсел
Мәлікқызы сайланды.
1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасы Қажгереева Әсел Мәлікқызын және мүшелері 9-сынып оқушысы Уахитов Алихан Сенбайұлы,
9-сынып оқушысы Асылбекова Ақбота Жәнібекқызы, 9-сынып оқушысы Салауатова Жангүлім Салауатқызы, 8-сынып оқушысы Гимеденова Наргиза Серікқызы, 8- сынып оқушысы Теміртекова Әсел Жанатқызын ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Мектебіміздің Ұланбасы мен Көшбасшыларымыз
алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып
көркейтеді деген сенімдеміз.
1-Жүргізуші: «Жас
Ұлан» ұйымның Ұланбасы Қажгереева Әсел
Мәлікқызының салтанатты түрде АНТ
қабылдауына рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Бірыңғай «Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектеп оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіздер.
1-Жүргізуші: «Жас Қыран» ұйымына қабылданатын 2 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
2-Жүргізуші: Оқушыларымызға төсбелгілерін табыстау рәсімін өткізу үшін ортаға: мектебіміздің облыстық, аудандық, білім, спорт, өнер бағыты бойынша жеңімпаздарын және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерін шақырамыз.
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын 5 сынып оқушыларын сіздердің рұқсаттарыңызбен ортаға шақырайық.
2-Жүргізуші: Оқушыларымызға туымыз түстес көгілдір галустук пен төсбелгілерін табыстау рәсімін өткізу үшін ортаға: ардагер ұстаздарымызды, шақырулы қонақтарымызды және мектеп ұстаздарын шақырамыз.
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы шығарылсын!
Хор:
2-Жүргізуші: Елім десе қаным менің тулаған
Қазақстан – аяулы әке нұрлы анам,
Туған жердей қасиетті жер барма,
Қорғаныңда бола алады бұл балаң.
Тіл жетеме Республикам көркіңе,
Тәуелсіздік шипа болды дертіме,
Күнде туды көк байрағым желбіреп
Қазақпын деп айта аламын желпіне.
Қазақ биімен 1-сынып оқушысы Мендеш Айкөркем.
1-Жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен,
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауы желбіреткен.
Ән:
2-Жүргізуші: Елім менің! Атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің,
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биіктен сөйлеттің.
Манолог: 3 сынып оқушысы Берік Инабат.
1-жүргізуші: Қазақстан, уа, шіркін ардағым – ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өшпейтін, арманым – ай, ардағым – ай!
Өзбек биімен 3-сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Қатігездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып,
Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға.
Ата – баба аруағына сыйынып,
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала.
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал, ойына, қырына да.
Ән:
1-Жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттің ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе – тең деп тереземді
Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне аттым.
Ән:
2-Жүргізуші: Қазақстан сен заңғар биіксің, кеңсің.
Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген.
Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,
Тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз!
Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
1-Жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
КЕЛЕСІ КЕЗДЕСКЕНШЕ САУ САЛАМАТТА БОЛЫҢЫЗДАР!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген