ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік
ауылы
«Әсем» ясли – бақша
тәрбиешісі
Кайырханова Серикжан Кенжебековна
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім –
Қазақстан!»
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қадірменді
қонақтар, және балабақша ұжымы!
Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы
армандаған, сол жылда сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,
тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні»
мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты
ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз!
Ортаға «Күншуақ» тобының балаларын
шақырамыз.
Шалқаймасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Қазір балалар Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындайды.
Міне, мен қазақпын деп еркін
айтуға қол жеткізген Тәуелсіздігімізге де 27жыл толды. Алаңға шағын
өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей жастарына, мұздай
құрсанған солдаттар мен миллиция қызметкерлері, қарсы қойылды. Қыз
жігіттерді аяусыз таяққа жықты, қақаған аязда сумен атқан,
жауыздықпен итке талатып, түрмеге қамады. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол
Спатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты батыр
аға-апайларымыз Тәуелсіздік үшін күрескен. Ендеше сол желтоқсан
оқиғасының құрбандарын 1мин еске алайық.
Ал, енді балалардың мерекеге орай дайындаған
тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, апайларымыз. Сұлтан
Бақыт құсы қондығой,
Менің туған еліме. Айғаным
Тәуелсіздік мәнгілік сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Айжұлдыз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін
орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа
толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті.
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О.халайық құтты болсын қуаныш.
Ортада әнші ұлдарыңыз
Жанасылдың орындауындағы «Тәуелсіз ел ұраны» атты әнін қабыл
алыңыздар.
Отан –Оттанда ыстық
Алан
Отан туған еліміз,
Отан туған жеріміз
Асылай.
Қазақстан – аспанында,
Бостандық желі еседі. Азиз
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн. Айзере
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалынжұрт
Бәрін кешті басынан. Батырхан.
Алдарыңызда тобымыздың биші
қыздарының орындауында «Тәуелсіз қазақ қызымын» атты биін қарсы
алыңыздар.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн. Фазила
Әділлеттің ұраны
Ақиқаттың шырағы
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады. Жанасыл
Баққыттығой дәл мендей
Тәуелсізелдің баласы Ислам
Ортада әнші ұлдарыңыз
Батырханның орындауындағы «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл
алыңыздар.
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні бұл.
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні бұл Заңғар
Ерекше боп мәңгілік
Ел есінде қалған күн Раяна
Отан елдің анасы
Отан жердің анасы
Бақыттығой дәл мендей,
Тәуелсіз елдің баласы Айзат
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды. Марғұлан
Балалар сендер еліміз туралы көп тақпақтар біледі
екенсіңдер, сендерге ризамын.
Білімді азамат, азаматша болып
өсетіндеріңе сенемін. Менің сендерге дайындаған азынаулақ сыйлығым
бар. Қабыл алыңдар.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле,
құдайдай құрметте.
Тәуелсіздік үшін тәнідіде қаныңды да, жаныңды да
аяма.
Елтаңбамыз ажарлы. Әнұранымыз әуенді асқақ бола
түссін. Елдігіміздің белгісі көк туымыз әрқашан желбірей берсін.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын Жаса, Қазақстан!
Ендігі құттықтау сөзді балабақшамыздың
меңгерушісі Тоғжан Мұратқызына береміз.
Осымен «Тәуелсіз елім –
Қазақстан!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Алтын
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.