400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елім -Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру,Туған жерін ,елін құрметтеуге тәрбиелеу.Патриоттық сезімдерін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз елім - Қазақстан.

Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені балабақшаның барлық топтарына тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.

"Құлпынай" ересектер тобы бүлдіршіндері әдемі киініп, музыка ырғағымен ішке еніп, орындарына жайғасады.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз елім-Қазақстаным!" атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер. 

-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
- Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі мемлекеттік рәміздер

Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт -санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал біздің ортамызда рәміздер туралы айтып беретін балалар бар ма?
Балалар:- Мемлекеттік рәміздер: Ән ұран, ту, елтаңба.

Рәміздеріміз туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Ербұлан:

Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен -тек

Елдің ашық аспаны.

Әлифа:

Ақ ниеті -алтын күн,

Асқақ арман -қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі мақтаны.

Нұрдана:

Шалдықпадым,талмадым,

Арманды алға жалғадым.

Конституция-қорғаным,

Атасы ол бар заңның.

Жұлдызай:

Еркесімін елімнің,

Кемсіте алар кім мені?!

Қорғалады заңменен,

Саулығы да денімнің.

Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар: Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз боп саналады.

Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың тағдыры ауыр болған Олар іргелі ел болуды армандап өз өмірін құрбан етті.

-Енді тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп көрейікші.

1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасында өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті.

Желтоқсан заман толғағы байтақ даламның,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан- Қайрат,Ләззат,Сабира,

Құрбаны болған жаланың.

Балалар Тәуелсіздік бізге үлкен еңбекпен,ерлікпен келген ұлы жеңіс.Ендеше

Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрейік.

Көрініс.


Қайраттың басынан өткен оқиға/

Үкім

Қазақ ССР жоғарғы сотыныңсот мәжілісі залында өткен ашық отырысында

1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы

Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп Қазақ ССР қылмыстық істер жүргізу кодексі Қайрат Рысқұлбековты кінәлі деп таныды.

Көрініс.

Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі

Шырқалады- Қайрат -деп қыздар әлі

Көкбайрағым сені еске алып тұрад

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы

Әр қазақтың тілінде жатталады

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

1986 жылғы желтоқсан құрбандарына тағзым етіп,бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(Баларды орындарынан тұрғызу)

Қазақстан тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар

Отбасыма от салмасын басқалар,

Отан деген қасиетті,киелі,

Отан десе оянады басқалар.

Хор: "Отан ортақ үйіміз" әні

Тәрбиеші сөзі: 

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 

Кәдірбек Ақниет пен Ауталып Мерейдің орындауында

"Отанға біз баламыз" -әні.

Кезекті "Отан" туралы тақпақтарға берсек

Інжу:

Отан-халық жүрегі

Әр кеудеде тұр ұрып.

Анаң болып күледі,

Келе жатсаң жүгіріп.

Әлдилейді әлпештеп,

Жетеніңше мұратқа

Бесік жырдай қалды есте

Отан үні құлақта.

Кәусар:

Ержетуді тосамын,

Жақсы оқып озамын.

Көркейтуге қаламды,

Үлемімді қосамын.

Әсем қала -Астана,

Болған емес басқада

Мақтан тұтам өзіңді,

Үлгі болар жас қала.



Әбдірахман:

Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін

Гүлдерімдей нәзікпін.

Мадияр:

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Ақниет:

Туған жерім ,кең далам,

Сенен қуат нәр алам.

Мақтан етем елімді,

Көркейе бер кең далам.

Мерей:

Сүйем сені туған жер,

Әжем жөргек жуған жер.

Шапқан жауды еліме,

Батыр бабам қуған жер.

Ауталып Мерейдің орындауында:

"Біз өмірдің гүліміз" әні.

"Жас ұландар"-биі

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн,

Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн.

Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп,

Желтоқсан – ел болуға асыққан күн.

Тәуелсіз мемлекетімізге деген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

/Балалар шеңбер етіп жер шарын құрайды,төбесіне күн,ортасына Қазақстан картасын,жан-жағына қол таңбаларын қойып тілектерін айтады/

-Балалар бүгін міне сендер жер шарына Қазақстан мемлекетін орналыстырып өздеріңнің жылы лебіздеріңді білдіріп жатырсыңдар.Қазақстан елі әрқашан көркейіп бақытты да бай ел болсын!

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер жалбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба рухына.


Ұлағатты өнегесі,өнері

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей келе Тәуелсіздік күніне арнаған ертеңгілігіміз де мәресіне келіп жетті.Балалардың орындауында

"Атамекен" хоры.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі