400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіз елім – Қазақстаным”

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақсаты : Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Жалаушалар. 
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 
Жүргізуші сөзі: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 
МАД және «Қарлыған» шағын орталықтың ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. 
Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 
Әнұран айтылады. 
Picture 1
Сәлемдесу рәсімі 
Жүргізуші сөзі: 
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Жүргізуші сөзі: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші сөзі: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші сөзі: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші сөзі: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
 Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.


Отан- жерім, Отан- суым, Нұрсезім
                          Отан  қуат, нәр береді.
                          Отан- ұран, Отан- туым,
                          Отан мәңгі гүлденеді!
         

Қуат  алған  өзінен, Рамир
                          Туған елдің  ұлымын.
                          Бақытты  етіп  өсірген,
                          Отанымның  гүлімін.
Ән: «Қазақстан Отаным»
Жүргізуші сөзі: 
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар

тақпақтарын айтады) 

Picture 2

Тәуелсіздік  жолында, Ранида.
                         Талай – талай тер тамған.
                         Билігім  өз  қолымда,
                         Еркіндігім – Елтаңбам.

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Ән ұраным, жан ұраным Жанкөркем.
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле Айнара.
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде
Қарқындайды қариялар қашанда
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Тәуелсіздік – ел болу
Іңкәр.
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Picture 3

Ән: «Қазақстан Отаным»
Жүргізуші сөзі:  «Шағын орталықтың бүлдіршіндері ертегі қойылымын» тамашалаңыз.

Би; біздің оқушыларымыздың «Домбыра » биін билеп берсін. 
Жүргізуші сөзі: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

ӘН: «Жас дәуреннің түлектері»

Picture 4 Picture 6








Жайық негізгі орта білім беретін мектебі.





Shape1




Picture 17




Орындаған: “Қарлығаш “ шағын орталығы Байбосинова Г.К.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі