400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіз елім- тірегім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге керек Тәрбие сағат өткізуге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім- тірегім»

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің

жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Әбілханова Сая Жұмагелдіқызы

Тәрбие сағаты

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінігін толықтыру. Желтоқсан құрбандары туралы түсінік беру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті Ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! 
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған  
«Тәуелсіз елім- тірегім» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 

Шаттық шеңбері: Амандасу

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше боламыз Қонақтарды көргенде Сәлеметсіздерме деп Амандасып аламыз
Әнұран орындалады. 
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың, 
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. 
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. 
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанындай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. 
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
26 жыл Тәуелсіздіктің таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,
Құтты болсын еркіндігі, ата- баба арманы. 

Суреттермен таныстыру Желтоқсан құрбандарының суреттерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы жайлы баяндау. Балалардың тәуелсіздік туралы тақпақтары

Шынар:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі Кетпесін туған жердің берекесі Тату тәтті болып халқымыз әрқашан Кетпесін туған жердің берекесі.

Бекарыс:

Емірентті еркін сезім шақтары Елжіретті қазағымды бақ таңы Елі сүйген елін сүйген елбасы Егеменді қазақстанның мақтаны

Жұлдызай

Аралаймын алаңды Тәуелсіздік күнімен Батыр қайрат ағамның Суретіне үңілем

Нұрислам:

Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан

Балауса:

Жасасын азат ерлік күн Жасасын бейбіт ел мен жер

Жасасын тәуелсіздік

Нұрислам:

Отан отан бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем

Нұрсая:

Тәуелсіз есім ұлы есім Өзіңдей ел барына Мақтанып мәңгі жүремін

Арсен, Жанель, Фатима, Айым

Тәрбиеші:
-    Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
-    Қазақстан Республикасында тұрамыз. 
-    Қазақстанның елордасы қай қала?
-    Астана.
-    Елбасымыз кім?
-    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-    Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
-    Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.
Отан - әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым –Отан. 
Бүлдіршіндердің орындауында ән: «Ел қорғауға әзірміз». 

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында эмблемасын балаларға жапсырту
Бүгінгі Қазақстан –әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан- әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. 
Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы баянды болсын. 
Осымен бүгінгі дайындаған шағын концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.

 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі