Тақырыбы: «Тәуелсіз елім –
тірегім»
Мақсаты: Оқушыларды Отанын
сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
«Отан»,
«Тәуелсіздік», «Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;
Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін
жетілдіру.
Сабақтың түрі: сайыс
сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: еліміздің
туы, әнұранның сөзі жазылған плакат, Елбасы суреті, «Қазақстан»
энциклопедиясы.
Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Талай ғасырлар
бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.
Бабаларымыз көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол
жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын
ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.
Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру
мақсатында «Тәуелсіз елім - тірегім» атты ашық сынып сағатын
өткізіп отырмыз. Ең алдымен сайыскерлерді таныстырып
кетейін.
Сайыстың шарттары:
-
Мақал-мәтел айту
-
Бәйге
-
Тіл-өнер
-
Жеті жұмбақ
-
Оратор
Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып,
елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау,
қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті.
Туған
жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды
бастаймыз.
І
бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған жер,
Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген
мақал-мәтелдерін айтып жарысады)
ІІ
бөлім. Бәйге.
(Сұрақ-жауап)
-
Біз қандай мемлекетте өмір
сүреміз?
-
Мемлекетіміздің астанасы
қай қала?
-
16-желтоқсан қандай
күн?
-
Мемлекеттік рәміздерді
атаңыз.
-
Тудың авторын атаңыз.
-
Елтаңбаның авторы кім?
-
Әнұранның сөзі мен әнін
кімдер жазған?
-
Қазақстан қашан тәуелсіз ел
болды?
-
Ұлттық валютаны айтыңыз
-
Биыл Ата заңға неше
жыл?
-
Қазақстанның мемлекеттік,
ресми, халықаралық тілдерін атаңыз
-
«Желтоқсан оқиғасына»
қатысқан жастарды білесіз бе?
-
«Желтоқсан оқиғасы» туралы
не білесіз?
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері
кім?
-
Қазақтың атақты ұлы
ақындарын атаңыз.
-
«Желтоқсан оқиғасы» туралы
жазған қандай ақынды білесіз?
-
Республика күнін
айтыңыз
-
Алматыдағы «Тәуелсіздік
монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?
-
Республикамыз 12 жылда
қандай жетістіктерге жетті?
-
Президенттің халыққа
жолдауы туралы не білесіздер?
ІІІ
бөлім. Тіл-өнер.
-
Ер
елінде ... жерінде (гүл – цветок - flower)
-
Ер туған
жерінде, .... тоңған жерінде. (ит-собака - dog)
-
Туған
жердің .... да болысады. (тас-камень-stone)
-
Отаның
..... бесігің. (алтын-золото-gold)
-
IV
бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен
сұрақтар қойылады)
-
Тарих. 1986 жылы болған
«Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
-
Қазақ
тілі. Біз, қазақ, ежелден еркіндік
аңсаған. Сөйлем мүшелеріне талда.
-
Әдебиет. (5 асыл іс, 5
дұшпанды атаңыз)
-
Ағылшын тілі. Сөйлемді
аудару. Мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын.
-
Орыс
тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған
жерімді жақсы көремін.
-
Математика. 15.11.1993
сандары нені білдіреді?
-
Дүниетану. Қазақстан қай
материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді
атаңыз.
V
бөлім. 1. Отан үшін отқа түс
күймейсің. (Б.Момышұлы)
2. Өз елім - өлең төсегім.
(мақал)
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк
туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл
тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз
әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.


