400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіз елім – тірегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи танымдық кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.


«Сарыарқа» күйі ойналып тұрады. Шымылдық ашылып сынып оқушылары ортаға шығады.

Мұғалім. Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - тірегім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Біз – қазақпыз!

Есігі – ашық, төрі – кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған Тәуелсіз күшпен өткен

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы,

Олжа емес, салбырап түскен көктен

Қуаныш аралас қасіретпен

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен

Еркіндігін ерлігін сақатау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

Біз – қазақ халқының тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз.

Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы – ел болу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат ғұмыр ешу. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн – қасиетті Тәуелсіздік күні.

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақпейіл, дарқан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі – батыр, бірі – сері.

Әз бабам азаттықты аңсап өткен.

Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.

Солардың құдіретті ой-арманы,

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

Өмірсерік Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі – нарда, қазаны – теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол – ел, жер және ана тілі. Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп, даңқы жер жарып, аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

Жазира Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күресі жатыр. Іштей булыққан бұлқынысы мен мен өкініші, жеңістері мен жеңілістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалаған ұлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.

Керей. О, халайық, халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді. Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала-шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек. Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін ез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан-тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке-дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп талқылауда:

«Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазыған қағатын кезең – осы»

Жәнібек. Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

Мұғалім. XVIII ғ. 20-жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса-көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді.1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды. Ата қоныс, құт мекен, мал-мүлкінен айырылған жаяу щұбырған халық қаңғырып, қыстың ақ қар, көк мұзында малы жұттан, үсіп өлді. Ашаршылыққа ұшыраған халық өсімдік тамырларын, жаужұмыр, алғыр, қозықұйрық сияқты жабайы өсімдіктерді теріп жеп, қайыршы күн кешті.

Тарихи қойылым: Ақтабан шұбырынды

Қ.Әбілдинаның «Балапан қаз» әні жаймен орындалып тұрады

/әйелдер, балалар, қарт пен ана шығады/

1-қария. Уа, ел жұртым! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз-тозы шықты. Көш кетіп барады, елім аштан қырылуда.

Ана. Құдайым-ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы.

2-қария. Адам баласы өмірде жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен.?

3-қария. Бұл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын. Мұның мәнісі, Атамекен, мал-мүлкінен айырылған аш-жалаңаш, босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, азып тозды, ел-жұртынан айырылды.

1-қария. Дұрыс айтасың, қария әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп алайық.

«Елім-ай» әні айтылады. Соңынан бәрі бастарын иіп сахнадан шығады

Мұғалім. Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Әз Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.

Тарихи көрініс.

Абылай. Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын-қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңізсіздер. Маған сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек.

Төле би. Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді».

Қазыбек би. әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би. Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай. Туған жерді өзгелерге бермейміз. Туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.

Мұғалім. Қазақ халқының тарихи арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешкен тынымсыз заман еді.

Дос іздедім жау тисе болысатын,

Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын.

Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім қасиетті Ресей елін.

Жеке хандық құрылғанымен, қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қалмағаны тағы белгілі. Әр ғасыр, әрбір дәуір қазаққа сыны мен сынағын қатар жіберуден танбады. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тұсында империялардың қыспағына түсіп, халқымыз ошағы мен Отанынан айырылып қалудың аз-ақ алдында қалды. Ел басына күн туған сол бір алмағайып замандарда бүкіл қазақ бірігіп, тізе қосып, елін сақттап, жерін қорғап қалды. Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет сияқты алып батырларымыз азаттық үшін күресті. Абылайдан кейін бодандық қамытын киген қазақ халқын бір тудың астына біріктіруді көксеп, тәуелсіздігі үшін тәуекелге бас тіккен Кенесары ханның да күресіп өткенін білеміз. Жалпы, сол заманда қазақ сахарасында 350-дей ұлт-азаттық көтеріліс болды.

Жадыра Енді бұрынғыдай, атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол – қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың ізашары ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, Міржақып, Сұлтанмахмұт сиқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып келеміз.

Айзада Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында «Оян, қазақ!» - деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды. Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы 30-жылдарындағы зобалаң тұсында, орасан нәубетке ұшырап, қынадай қырылды. Сол кезде саны алты миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет аталарымыз сол нәубеттің құрбаны болды емес пе?

Мұғалім. 1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут.

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін – 22 маусым күні сағат таңғы төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді».

1-келіншек. «Соғыс, соғыс» дейді естідіңіздер ме?

2-келіншек. Сұмдық-ай, соғыс дей ме? Енді қайттік. Күніміз не болар екен?

Ана. Қойыңдар! Жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?

Ер-азамат.

Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер,

Ел басына күн туса, етігімен су кешер, - деген

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен белес жатыр. Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше, Отан үшін аттанайық!

Мұғалім. Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 млн адам құрбан болса, соның 25 млн астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының Батыры атағын алған Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, Р.Қошқарбаев, Қ.Қайсенов сияқты аталарымыз болса, Әлия мен Мәншүк сияқты апаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Мұғалім. /видео/ Тарих қойнауындағы тағы бір кезең. Ол 1986 жылы 16 желтоқсандағы Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісі еді. Желтоқсан құрбандары Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова тәуелсіздік жолында құрбан болды. Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі.

Желтоқсан оқиғасын Тәуелсіздік аңсаған елдің ширыққан намысы деп бағалаймыз. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін

1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.... Суреттерін алып шығады.

Сол кезде әділетсіздіктен қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айта білген халқымыздың ақыны Мұхтар Шахановтың өлең жолдарын тыңдалық.

Жансая

Өсер ұлдың қай сәтте де берік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы!

Хор. Желтоқсан желі.

Ханым «Тәуелсіздік тұғыры»






Мұғалім. 1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Біз жаңа өмірдің есігін аштық. Бұл – қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан.

Біздің елімізді бірінші болып таныған - Түркия мемлекеті. 1992 жылы Қазақстанды 18 ел таныса, қазіргі таңда Қазақстанды бүкіл әлем таниды.

Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік - кешегі қанға бөен боздақтардың рухы, күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат-мұраты.

Дариға

Тамыры жаһандағы бар қазақтың,

Соғады Отаным деп, бір жүректен.

Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым,

Не деген қасиетті ең, құдіретті ең?!

Хор. «Елім менің»

Мұғалім. Ел мерейін асырды, егемен нұрландырды ғасырды.

Олай болса жылдарға кезек беріп сөйлетейік.

Анар 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Барша қауым бейнеттен арылғандай,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыныш таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асан қайғы бабасындай

Бекзада 1991 жылы 2 қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Қарыны ақ түйенің ақтарылды.

Бар қазақ алақайлап атқа мінді.

Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,

Ғарыштан қайтып келе жатқан ұлды.

Диас

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.

Арман

1992 жылы 7 мамырда Республика «Ұланы» құрылды.

Нұрболат

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген,тік бұрышты көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар. Ұзындығы – 2 метр, ені – 1 метр. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.

Дәулет

ҚР Гимні бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, төзімділікке, еліміздің Тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Беріспей батыр бабам армандаған,

Арман күн ел-жұртына жалғанды аман

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман-далам.

Әсет

Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналаған қос пырақ, Қазақстан деген жазу. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді. Ширатылған мүйіз қайсарлық, қайраттылықты меңзейді. Егемен еліміздің Елтаңбасында қазақ елінің бостандық пен құт-береке ұмтылысын бейнеленген.

Ән. «Көк тудың желбірегені»

Нұрсауле

1993 жылы 15 қарашада ҚР Ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттеріңнен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген

Өз Туы, Елтаңбасы, Әнұран бар.

Айтыңдаршы, енді елім кімнен кем?

Батырбай

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданды.

9 бөлім, 98 баптан тұрады.

Ата Заңда парасатым, пайымым,

Алтын заңда күш-қуатым, жалыным,

Сен қорғайсың, бостандық пен құқықты

Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

Ақжол

1998 жылы 20 мамырда ҚР астанасы астана қаласы болып бекітілді.

Ал 10 маусымда жаңа астана ретінде Астананың тұсау кесері болды.

Ақордам менің – Астанам

Еңсесі биік басқадан.

Көркейеді күн санап,

Арқа төсі жас қалам.

Зейнеп

Мен қазақтың ұлымын,

Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің,

Ұланымын туын көкке көтерген.

Анар

Болашаққа алға бастап жетелер,

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер,

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Қарлығаш

Міне, осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан-байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

Айзада

Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым

Өркендей түс, аяқталды тозақты күн.

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр.

Мұғалім

Тәуелсіздік бізге қымбат – ата-бабамның рухын көтергені үшін!

Тәуелсіздік бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға енгізгені үшін!

Тәуелсіздік бізге қымбат – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді қаз тұрғызып, қазақ деген атауға жан кіргізгені үшін!

Қазақстан салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер.

Мәуелі бақтай жемісін шашты ұлыстар,

Бір кісідей маңдай терін төккен жер.

Барлығы

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

Хор. «Нұр аға»

Мұғалім

Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
Тәуелсіздік құтты болсын, ұлы елім!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік,
ағайын. 





7


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі