жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тәуелсіз елім – тірегім!» тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – тірегім!»
(тәрбие сағаты)
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге
тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт
- дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел
азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске
алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол
жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға
тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Армысыздар, тәрбиеші апайлар және балабақша бүлдіршіндері!. "Тәуелсіз елім - тірегім!" атты тәрбие сағатымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жок. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы қазақ халқының Тәуелсіздікке қолы жетіп, шаттыққа бөленді. Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына – 26 жыл. «Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір 26 жылда біраз өзгеріске ұшырады.Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Біз Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Көптеген елдермен экономикалық қарым - қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік.
Жыр ғұмыр, жан азығым,
әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата - анамдай.
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран — Мемлекеттің халық әні.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын
Нұрсезім: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.
Інжу: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.
Бойтұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,
Аман бол, айналайын дана халқым.
Күн туса атқа қонам бір сен үшін.
Міне жаным, міне қаным, міне антым.
Адильхан: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!
Хор: «Тәуелсіз Қазақстан»
Тәрбиеші: -
Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16
желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Қазақ халқына кең байтақ
жерімізге, жан - жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін, өз
мәдениетін дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас
басталды. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,
Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Сол жастардың ішінде Қайрат
Рысқұлбеков, Ербол Спатаев ,Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар
болды. Бұлар Отан үшін, Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің
болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Осының нәтижесінде
мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң
қабылданды.
Аэлита:Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Тәрбиеші:
1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің еркіндігі, азаттығы
үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағаларымыздың өз көзімізбен
көрмесек те олардың шыңдық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға
елестетеміз
Көрініс: «Желтоқсанның ызғары»
Жастар алаңға шығады
Гүлфайрус: Әр
дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Екі милиционер алаңда жүрген жастарға келеді:
Шуламаңдар,тараңдар
үйлеріңе, әйтпесе атамыз!Рысқұлбеков қайсысың! Сен
тұтқындалдың!
Қайратты тергеушінің алдына әкеледі.
Адильхан-тергеуші:
- Рысқұлбеков сен желтоқсанның 18 - і күні сағат 10 - да қайда
болдың?
Аян-
Қайрат:
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
болдым.
Адильхан-тергеуші:
- Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сатпаев көшесінде милиционерді
ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе?
Аян-
Қайрат:
- Жоқ, мен ешкімді көргенім де жоқ, ұрғаным да
жоқ.
Адильхан-тергеуші:
- Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар!
Атыңдар!
Аян-
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым
бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар!
*Қайраттың анасының сөзі.
Гүлдария: Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,
"Нашақор" деп, "Маскүнем" деп айыпталды ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!
Айналайын, айналайын, жас Қайратым,
қыраным?!
Аян-
Қайрат:Қош болыңдар, ағайын
туыс, бәрің де
Кош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашанда,
Бостандықта кездесеміз әлі де...
Тәрбиеші: -
Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы сөзі
еді . 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай
араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті
күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған
қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді.
Бүгінгі біздің бақытты өміріміз қан төгіп құрбан болған
боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен
әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз!
(Бір минут еске аламыз.)
Олар... қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет
болғанын, өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ.
Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап
кетті.
Олар... қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен
көзтүрткі көрмеуін күндіз - түні тіледі.
Оларды... Отан үшін, Қазақстанымыз үшін апат болғандарды әрдайым
естен шығармауымыз керек, халқым!
Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын Рахметов Аян
Бегалы:
Бақытбек:
Кетпес мәңгі көңілден, Булықтың да
бұлқындың,
Қырдың гүлі
қырмызы. Жанды қарып
ызғары.
Ағып түскен көгінен, Қара ормандай
жұртымның,
Желтоқсанның жұлдызы. Ләззат пен
Сәбира
Қайрат пен Ербол – Қайсар туған
қыздары
Қайсар туған
ұлдары.
Жеткізген:
Он алтыншы
желтоқсан Ж.Мирас:
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн. Ел мерейі
тасыған.
Ерекше боп мәңгілік Қазақ деген қалың
жұрт
Ел жадында қалған күн. Бәрін кешті
басынан.
Смағұл:
Әр қазақтың есінде
сақталады, Айару: Желтоқсанның бораны,
Желтоқсандық өрендер
ақталады. Желтоқсанның қар мұзы.
Ел намысын қорғаған
сарбаздарым, Ұмытылған жоқ әлі
Ерліктерің мәңгілік
сақталады. Жалпы жұрттың жалғызы...
Нұрлыбек:Шығар шақта қайраңнан Д.Нұрсезім:Желтоқсанның ызғары - ай,
Атқа қону - ар ісі... Кірпікке қатқан мұздар - ай!
Қайран елдің қайраңнан Елім - ай деп егілген
Қасиетті намысы Қаһарман ұлдар, қыздар -
ай!
Назира:Жүректерге шер қатып, Ғ.Мирас:Осындай еркіндікті ел тілесін,
Мұз - қар қонған – Желтоқсан Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Кеудедегі күрсініс Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Ызғар болған – Желтоқсан Көк байрақ мәңгі - бақи желбіресін!
Нұрмұрат:Әділеттік жолында Нұрасыл: Тарихым жатыр тасыма
Ұлың түгел халқым – ау Тіл қатып келер ғасырға
Құрбандығы қазақтың Азаттық дейтін ұғымның,
Қызың болған - Желтоқсан! Желтоқсан тұр
басында
Нұрсәт: Тәуелсіздік ұлы күнім, Мадина: Тәуелсіздік – Бақ туын. Тұрсын жайнап төбемде. Қолға ұстаған сәт бүгін, Сен, жасай бер мәңгі бақи, Болсын дәйім шат күнім. Қуанышқа бөлен де
Алихан: Тәуелсіздік – ел болу
Даурен: Егеменді ел бақыты ертеңгі, Ынтымақпен өрге
озу О, халайық Құтты болсын қуаныш Еркін және өзге елмен, Терезесі
тең болу
Би: «Қазақ
жігіттері»
Сұрақ-жауап:
Т:- Балалар, Қазақстан
қандай ел?
Б:- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.
Т: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Б: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Т:- Елордамыз қалай аталады?
Б:- Астана қаласы.
Т:- Қазақ елін кім басқарады?
Б:- Н. Назарбаев
Т:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Б:- Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен.
т/б.
Көрініс: "Әжесі мен
немересі" (Ақырын басып қарт ана шығады. Орындыққа келіп отырады. Осы
кезде жүгіріп немересі келеді)
Немересі-Жанайым: Әже, өткен өмір деген не?
Әжесі-Нұрсезім: Ә,
балам, өткен өмір сонау ежелгі ата- бабаларымыздың ерте кезден
бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі-Жанайым: Ал
ол қандай болған?
Әжесі-Нұрсезім: Ендеше, тыңда, балам, әжең бір
сөйлесін.
Болмаса да оқыған
тарихшы атым.
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса.
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам,
теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық.
Диктор
сөзі-Інжу: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін
аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс
құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның
көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова,
Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа
тартылды.
Әжесі-Нұрсезім: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой
елімізді.
Немересі-Жанайым: Әже, Егемендік деген не?
Әжесі-Нұрсезім: Егемендік "иесі мен" деген сөз, көптен бері естімеген сөз.
"Егеменді" деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі.
Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған
елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің
сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар,
айналайын, ұрпақтарым!
Ән: «Қазақтай ел қайда» орындайтындар Гүлдария Асланқызы, Бегалы Рустемұлы, Жеткізген Нұрболатұлы.
Назарларыңызға «Аққулар биін» ұсынамыз.
Қорытынды.
Міне, балалар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің
тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары
туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар.
Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік
ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында
күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс.
Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан
атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен
шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тәрбие сағатымызды
қорытындылаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген