МКҚК
«Ақбөпе» бөбекжайы
«Тәуелсіз
елім бар деп мақтанамын»
«Балапан»
кіші топ
Тәрбиеші:
А.М.Жанакова
2020
Тақырыбы:
«Тәуелсіз
елім бар деп мақтанамын» атты
интеллектуалдық – танымдық сайыс.
Мақсаты:
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге,
Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына
адал қызмет ететін білімді де жан-жақты
дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті,
намысты ұрпақ, шынайы патриоттар
тәрбиелеу. Отбасы мен балабақша арасындағы
байланысты нығайтып, намысты ұрпақ ,
шынай патриоттар тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның
қонақтары, ойынға қатысушылар және
бүлдіршіндер! Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің жылдық мерейтойына
арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз
елім бар деп мақтанамын»
атты интеллектуалдық - танымдық
ойынымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз
Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың
, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін,
тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім,
Отаным деген қасиетті ұғымдар әр
адамзаттың өз отбасынан, өз қаласынан,
өз өлкесінен басталады. Осы мерекемен
құттықтай отыра, зор денсаулық, мол
бақыт тілейміз.
Сайысымызды
бастамас бұрын әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
Олай
болса, ортаға сайысқа қатысушыларымызды
шақырайық.
Кужантаева
Амина анасымен
Жаниязова
Меруерт анасымен
Кужагалиева
Диана анасымен
Жаксыгулова
Жанэт анасымен
Жүргізуші:
Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі
ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ойын
сайысы 5 бөлімнен тұрады.
Өздерін
таныстыру.
Шебер
қолдар (үй тапсырмасы)
Мақал
– мәтел (туған жер туралы)
Сұрақ
– жауап
Өнер
Жүргізуші:
Бақшада бүгін басталған,
Дайын
бол жарысқа. – деп
І
бөліміміз: «Өздерін таныстыру» кезеңі.
ІІ
бөліміміз: «Шебер қолдар» (үй тапсырмасы)
Жүргізуші:
Біз көңілді отбасы
Шыныға
да аламыз,
Сәулетті
ел көгінде,
Жұлдыз
болып жанамыз, - деп ІІІ бөліміміз:
«Мақал-мәтел»
кезеңін бастаймыз.
Туған
жердің
қадірін шетте жүрсең білерсің.
Туғанжер–тұғырың,
Туған
ел – қыдырың.
Басқа
жердің отынан туған жердің түтіні
артық.
Атамекен—анаң
екен,
Қысылғаңда
панаң екен.
ІY
– бөліміміз «Сұрақ - жауап» кезеңі.
Қазақстанның
тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет?
(Түркия)
Қазіргі
ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов,
Назарбаев, Қалдаяқов)
Тәуке
ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)
Қазақ
хандығының алғашқы ханы(Керей)
Логикалық
сұрақтар
Күрекпен
су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы
көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен
атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды,
бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік
пен терезенің арасында не тұрады? («пен»
тұр)
Орыс
күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш
әріптен тұрады)
Y
– бөліміміз «Өнер» кезеңі.
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті ,
Кімдердің
бірліктері кәміл шықты ,
Бүгінгі
отбасылар сайысында.
Жеңіске
жетер дейміз нақыз отбасы – деп
әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Осымен тәуелсіздік күніне арналған
отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Алтын уақыттарыңызды бөліп, белсене
қатысықандарыңызға рахмет.