«Тәуелсіз елім бар деп мақтанамын»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіз елім бар деп мақтанамын»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіз елім бар деп мақтанамын» атты тәуелсіздікке арналған іс - шара. Тәрбиешілерге арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Подгорное ауылы «Балауса» балабақшасы








«Тәуелсіз елім бар деп мақтанамын» мерекелік ертеңгілік »

«Балапан» екінші кіші тобы











Тәрбиеші: Рахметова Д.А











2018-2019 оқу жылы

«Тәуелсіз елім бар деп мақтанамын»


Мақсаты: Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,туған елге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын,айналайын,жас өркені халқымның.

Ведущая 2:Сегодня мы собрались в нашем зале, чтобы поздравить всех с большим праздником - Днём Независимости Республики Казахстан! Это самый главный праздник нашей Родины. Его отмечают 16 декабря. Мы любим свой Казахстан и гордимся своей Родиной. Пусть наша великая страна с каждым годом становится всё богаче, сильнее и могущественнее!

Балалар: Тәуелсіздік күні.

Балалар әуенмен залға кіреді,қонақтармен амандасу.

Тәрбиеші:Балалар бүгін қандай мереке?

Балалар: Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.

Жүргізуші: Бәрі де сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін

Слаит: көрсету:

Балалар сұрақтарға жауап беру;

Хор: « Тәуілсіздік Отаны»

Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік

Жансая

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Давит

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына,

Менің Қазақстаным

Слава

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- Елтаңбам!

Нұртілек

Көк байрақ, көк аспан,

Алтын күн нұр шашқан,

Әлемге танылған.

Тәуелсіз Қазақстан

Біздің қыздарымыздың қазақ биін тамашалаңыздар!

Хор: « Тәуілсіздік Отаны»

Жанерке

Тәуелсіздік таңын сүйем,

Күн шуағы төккен күн.

Елім менің, жерім менің.

Баққа қолы жеткен күн

Маша

Қазақ жері сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз

Әділмәнсұр

Отан елдің анасы,

Отан жердің анасы.

Бақытты ғой дәл мендей,

Тәуелсіз елдің баласы.

Никита

Бабамның да рманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары.

Бақ береді баршаға.

Ильдар

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің қызымын,

Теңескен төбем көкпенен.

Ойын: «Бәйтеректі құрастырайық!»

Би: « Айгөлек биі»

Жүргізуші: 1986 жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қ.Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Русылан

Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні,

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.

Мадияр

16 – желтоқсан,

Ел мерекесі тасыған.

Қазақ деген халық жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Виталина

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Арсении

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз

Иманғали

Еркіндікті ежелден .

Бабам аңсап зарықты.

Енді міне, біз тәуелсіздік ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық,

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай.

Отан үшін болуға да құрбандық

Тәрбиеші: Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен,

Сән – салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам, осынау кең далаға,

Мұрагермін, оған да иемін мен!

Осылай қазағымның бостандығын көрсем екен, еңбегін, өнерін көркейтсем екен, елім деп еңіреген халық ұлдарына үш би өз кеңестерін, ақыл даналықтарын айтып отыр.

Қыздар орындауында: ән Қазақ ұланы


Тәрбиеші: Осылай билер елінің ұлы мен қызын болашаққа білімді, ал елін тәуелсіз мемлект болуын армандаған бабаларымыздың армандары орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.

Желбіресін байрағың желді күнде

Биіктесін мәртебең елдігің де.

Таныта бер,ұлы Тіл,бар әлемге

Керегеңнің кеңдігін де,теңдігін де!

Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың.

Даңқың артсын,егеменді елім менің

Серігіне айналшы Мәңгіліктің!

Ведущая 2:Независимый наш Казахстан,

Год от года становится краше,

Стал сильным средь развитых стран,

Мы гордимся Родиной нашей!

(Музыкалық аппараттан «Желтоқсан желі әні естіліп тұрады)

Ән: «Көк тудың желбірегені!»










































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
825
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі