Материалдар / Тәуелсіз елім менің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елім менің

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тақырыптық оқу қызметі арқылы Тәуелсіздік туралы ұғым беру.Тілдері мен ой өрістерін дамыту.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
508
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім менің»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға алда келе жатқан мереке жайлы түсінік беру.Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы әңгімелесу.

Дамытушылық:Ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Елін,жерін сүюге қастерлеуге тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: Тәуелсіздік күні-День независмости.

Көрнекіліктер: Тәуелсіздік күніне ескерткіштер,рәміздер,президент портреті,бейне таспа,кейіпкерлер,Ән ұран.

Тәрбиеші:Балаларды ертеңгілік жиынға шақырады.Өлең оқылады.

Өзіңдікі-еліңде,өзіңдікі-жеріңде,

Өзіңдікі өзің етпе бос

Тәуелсіздік- төрінде!

Еліміз егемендік алып,тәуелсіз мемлекет болды.Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркен ниетті елдердің қатарына жетуіне аяқ басты.Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер.Жыл сайын біздің ұлы отанымыз бай,мықты,күшті бола берсін!

Тәуелсіздік күні-День независмости

ҚР –ның ән ұраны орындалады.

(Балалар орындарына отырады) Бейне таспадан қазақ елі жері туралы көрініс көрсетіледі.

Тақпақтар


1 .Он алтыншы желтоқсан 2.Асыл өлкем ерекше

Тәуелсіздік алған күн Қазақстан-мекенім!

Ерекше боп мәігілік Беп-белгілі емес пе,

Ел жанында қалған күн. Сенің ғажап екенің!

3. Отан деген атамекен 4.Көк туымды қолыма

Отан деген-туған ел бүгін берік ұстадым

Отан ана-отан үлкен Түсті бақыт жолыма

Қазақстан туған жер. Менің Қазақстаным!

Менің Отаным әні орындалады.

Тәрбиеші:Қай мереке болмасын қуаныш пен көңіл күй сыйлайды,сондықтанда ересектер мен балалар асыға тосады,ққонақ келгенді жақсы көреміз.

(Домбыра үні шығады)

Айсұлу қыз кіреді.

Тәрбиеші:Сәлеметсің бе,Айсұлу,сіздің бізге қонаққа келгеніңізге өте қуаныштымыз.

Айсұлу:Сәлеметсіңдер ме,балалар.Қандай мерекені тойлап жатсыңдар?

Балалар: 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн.

Айсұлу:Мерекелерің құтты болсын.

Тәрбиеші Сіз өзіңізбен қандай әдемі аспапты әкелдіңіз?

Айсұлу: Балалар бұл аспаптың қалай аталатынын білесіңдер ме?

Балалар Домбыра.

Айсұлу:Ендеше мен осы домбыра мен қыздарды шақырып би билегім келеді.

Би : «Домбыра»

Тәрбиеші; Кезекті ойынға берейік

Ойын «Арқан тартыс»

Айсұлу:Менің сендерге мықты батыр жайлы айтқым келіп тұр.Бұрынңы заманда аты аңызға айналған ұлы батыр болған екен.Ол отанын аса алғырлықпен қорғап,жаулардан еш қаймықпастан шайқастарда жеңіп отырған.Мен алтын адамның қазіргі тәуелсіздік күніне бүкіл қазақ жерінде болып жатқан мерекелерде саяхаттап жүргенін білемін.Біздің де балабақшаға қонаққа келіпті.

Алтын адам кіреді. Баршаңызды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуін тілеймін!Мен осы қасиетті жердің ұлымын!Мені халқым Алтын адам деп кетті.Себебі менде алтынның күтпеген қорғандары бар.

Мен мұнда болашақ қырандарымызды,батыр ұлдарымыз бен қыздарымызды көріп тұрмын.Ал кәнекей өз отаныңды қалай сүйесіңдер?Тілектерің болса айтыңдар.

Балалар тақпағы

Отан асыл анамыз Туған жерім Қазақстан!

Ана сүтін ақтаймыз сендеп соғар жүрегім

Есейгенде ер болып Нұрлана бер,гүлдене бер,

Елді жаудан сақтаймыз! Осы менің тілегім

Алтын адам; Бәрекелді тілектерің керемет,жарайсыңдар.Ал оны қорғай аласыңдар ма?Күштеріңді сынағым келеді.

Ойын

Алтын адам;Жарайсыңдар,балалар!Сендер мықты,ақылды,алғыр екенсіңдер,сендерменде дос болғым келеді.

Тәрбиеші:Барлық балаларды мерекелік шеруге шақырамын.

«Көк туымыз желбіре» әні орындалады

Жалаулармен құрылатын әуенді құрылыс компазициясы.

Тәрбиеші;Әрқашанда аспандарың ашық болсын,тек бізді адал достар қоршасын,бақытты болыңдар!

Көркейген,гүлденген туған ел

Тәуелсіздік күнің келеді,келе бер.

Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік!

Ғасырлар тойы болшы келе бер!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!