400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елім менің!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған ашық сынып сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жетекшісі: Каримова Айжан Еслямгалиевна



Тәрбие сағаты: Тәуелсіз елім менің!


Сабақтың мақсаты: Кішкентай бүлдіршіндерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Сынып сағатының көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарына арналған видео таспасы. Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының тарихи орындары бейнеленген слайд, үн қағаздар , фотосуреттер, үнтаспа. 

Жүргізуші: Қайырлы күн кішкентай бүлдіршіндер! Қайырлы күн қонақтар!

Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың бетінде 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Міне, бостандыққа да жеттік. Бұл саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз де жетті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң бекітілді. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата – бабамыз елін, жерін жудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан – тәуелсіз,егеменді, көп ұлтты елге айналды.

Қазақстан дейтін менің бар елім,Жатыр алып жарты дүние әлемін! – деп

Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай, бүгінгі «Тәуелсіз елім менің» атты ашық сынып сағатымызға хош келдіңіздер!

ҚР Әнұраны орындалады. 


Егемендік иесі мен деген сөз, 
Көптен бері естілмеген ерен сөз, 
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған 
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. 
Егемендік ел болудың белгісі, 
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. 
«Егемендік» деген сөзден естілер 
Ата жұрттың арысы мен бергісі. 


1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. 

Ән: «Ел басы»

Шықты тарап ой данадан, 
Бері қарады жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімнің бар Президенті. 
Шырақ етіп өмір нұрын, 
Алыс жатты алдағы жол. 
Ел намысын, елдің жүгін, 
Арқалаған ардағым-ол.

Слайд: «Тәуелсіз елім менің!» 


Күнісіз қазақ көгінің, 
Шуағын шашқан халқына. 
Қазығы бостандығымның, 
Қажымас қайсар нар тұлға, 
Ұшырдың алыс айға адам 
Халқымның мақсат арманын, 
Түсінер сіздей қайда адам?! 
Бес қару белге буынып, 
Қол бастар көсем өзіңсің, 
Жаныңды қиып бересің, 
Қазақтың байтақ жері үшін.

 
1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. 


Рәмізім-елдігімнің белгісі, 
Білу керек бала дағы ең кіші. 
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. 

Қазақстан Туы 
Көк аспандай көкпеңбек 
Қазақстан жалауы. 
Көк емес ол тектен-тек- 
Елдің ашық қабығы. 
Ақ ниеті – алтын күн, 
Асқақ арман-қыраны. 
Жалауы бұл-халқымның, 
Мәртебесі, мақтаны. 

Елтаңбасы елімнің 
Елтаңбасы елімнің 
Неткен әйбәт, әдемі! 
Тұнығындай көңілдің 
Ортада-аспан әлемі. 
Құт, береке, шаңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ. 
Екі жақтан көмкеркен. 
Тәуелсіздік жолында 
Талай-талай тер тамған... 
Билігім өз қолымда, 
Еркіндігім-Елтаңбам. 

Әнұран 
Әнұраным-жанұраным, 
Айтар әнім-сөйлер сөзім. 
Туған жерім-сағынарым - 
Мың қайталап айтам мұны. 

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 

Айта берсек еліміздің жеткен жетістіктеріне сан жетпйді. Болашағы зор елімді алға жетелйтін мына біз, мына сендерсіңдер! Осы дамыған, бақытты елде жаксы оқып,білім алу біздің басты міндетіміз. Мектеп қабырғасында аз уақыт болсақ та,көп нәрсені үйрендік. Кәне, олай болса көрелік.

Сұрақ-жауап сайысы 

1. Біздің мемлекетіміз калай аталады?
2. Қазақстан қандай ел? 
3. Қазақстанның астанасы қай қала? 
4. Біздің ел басымыз кім? 
5. Мемлекеттік тіл қандай тіл? 
6.Мемлекеттік рәміздерді ата. 

7.Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?

8.Еліміздің президенті кім бола алады?

 

Иә, арине еліміздің болашағы сендерсіңдер.
Сол себепті, сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Оның бір дәлелі міне, сиздер де куә боласыздар.

Республикалық IntOlimf сайысына қатысықаны үшін марапаттау дипломдарын табыстау.


Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен сендерге сенемін!

Біз ұстаздар, ата – аналар да сендерге сенеміз! – дей отыра «Тәуелсіз елім менің» атты ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.11.2025
70
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі