15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіз елім-Қазақстан
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
Тәрбие сағаты
«Тәуелсіз елім-Қазақстан»
Мұғалім: Жаркимбаева Ж.Қ.
Сынып: 1 «Ә»
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы:Тәуелсіз елім-Қазақстан
Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, еліміздің жетістіктері туралы айту;туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бейнематериал.
1. «Жасай бер, жаса,
Тәуелсіз ел –
Қазақстан!»
2. «Тәуелсіздікке 27 жыл!» 3. «Тәуелсіз елім-Қазақстан»
Барысы
Мұғалім: Бүгін міне, тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты тәрбие сабағымызды бастаймыз.
Әнұран орындалады.
Мұғалім:
-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
-Еліміздің тұңғыш Президенті кім?
-Біздің елімізді қандай мемлекет дейміз?
Ал тәуелсіздік деген ұғымды біз қалай түсінеміз? Балаларымыз өз ойларын айтып көрсін.
1 оқушы
Тәуелсіздік деген не?
Ынтымақ па,
Бедел ме?
Жұрт па,
Ұлт па, ол әлде?
Сыры тартты тереңге...
Тыншу бермей ой мүлдем,
Әр нәрсені шолдым кең...
Бұл сұрақты
Үйдегі,
Әр адамға қойдым мен.
2-оқушы
Тәуелсіздік-
Ел болу,
Ынтымақпен өрге озу
Еркін
Және өзге елмен,
Терезесі тең болу!
3-оқушы
Өз меншігің:
Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Тәуелсіздік, деді, -атам,
Сену, Келу тәубаға!...
4-оқушы
Асқақ ұстап өзін тым,
Оймен ұштап сөзін тың:
«Тәуелсіздік» -деді әжем,
Тыныштығы елімнің!
5- оқушы
Әкем айтты:
«Белсен де,
Сай жігіт бол сол сөзге!
Тәуелсіздік-
Шаңырақ,
Мықты уығы бол, сен де!
6- оқушы
Елге қонсын мәңгі құт!
Бол, жарығым, дәу жігіт!
Тәуелсіздік:
Төл теңге!
Деді анам сәл күліп.
7- оқушы
Көкем менің сабырлы,
Қайтармайды тауымды:
«Тәуелсіздік-
Төлқұжат!-
Деп тым қысқа қайырды.
Мұғалім: Әрине, қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Тәуелсіз мемлекет болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР егеменді, тәуелсіз мемлекет атанды.
1-оқушы
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
2-оқушы
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
3-оқушы
Он алтыншы желтоқсан
Сарыарқаның
даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім
менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен
күн.
Мұғалім:Бірақ
тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген
жоқпыз. Қаншама батыр аға, апаларымыз
тәуелсіздік жолында өз өмірлерін қиды.
Елі, жері үшін шайқасты. Отанын қорғады.
Сол батырларымыздың арқасында тәуелсіз
ел болып, бейбіт өмір сүрудеміз.Тәуелсіздігімізді
тәу етіп, егемендігімізді ту етіп
желбіреткенімізге биыл міне 16 желтоқсанда
27 жыл
толғалы тұр.
Арыстан:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Жансулу:
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой!
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік- ұлық той.
Аниса:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
Бейнематериал «Тәуелсіздік әні»
Аймұрат:
Отанды
әркім анасындай
Қастерлейді,
бағалап
Өйткені, Отан баласындай
Бізді
өсірер аялап
Аялайым:
Отан
деген атамекен
Отан деген туған
жер
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан
туған ел!
Мұғалім:
Осы 27 жыл аралығында қаншама ұлы оқиғалар
болды. Осы ұлы оқиғалар бүгінде тарих
беттеріне айналып та үлгерді.
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы
жеткен жетістіктерінің өзі ғасырға
пара-пар. ҚР бүкіл әлем таниды. Еліміз
дамып, жылдан-жылға көркейіп келеді.
Данияр:
Тәуелсіздік
–
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт
бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Адилет:
Тәуелсіздік
ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен,
жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен
де.
Н.Санжар:
Өзімдікі
туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса,
Қазақстаным!
Белді бекем буында
Бейнематериал
көрсету (ҚР жетістіктері)
Қорытынды: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Біздің
оқушыларымыз Отанымыз Қазақстанға
арнаған тілектерін құрап айтқысы
келеді.
Қ – Қазағымыз аман болсын!
А
- Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет
етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А
- Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік
болайық
С - Сарыарқа даласында
бейбітшілік болсын!
Т
- Табиғатты аялайық
А - Елбасымыз
аман болсын!
Н - Нанымыз көп болсын!
Флешмоб

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген