400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елім Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды елін жерін қорғауға сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан»

Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Қазақ елім,туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!

Тәуелсіздік құтты болсын,алыбым!

-Құрметті, қонақтар және балабақша бүлдіршіндері Тәелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәлеусіз елім Қазақстан»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындаймыз.

Жүргізуші:Міне,Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 29жыл толады.Баршыңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекесімен құттықтаймыз.Біз ата- бабамыз-дың аңсаған арманы орындалып, қазақ елінің Тәуелсіз Мемлекет атанып,көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Бұл тәуелсіздік оңай келген жоқ. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады,16-желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды,

Осы жолда аға-апаларымыз көп күресті.Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларыңды тани біліңдер, олар:Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев,Қайрат Рысқұлбеков т.б



Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде, тас талқан боп өлгені.

-Осы тәуелсіздікке жетуімізге өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі

жүрегімізде сақтаймыз.

Жүргізуші: Тәуелсіздік дегенде көңілден жыр-шумақтар ағытылар.Ендеше балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Санжар:

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Айару:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Алинұр:

Он алтыншы желтоқсан ,

Тәуелсіздік алған күн .

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барған мын.



Лашын:
           Көк байрағы елімнің,
                           Бүгінгі ұрпақ алауы!
                            Тірегі әке баланың,
                            ҚАзақстан жалауы.




Нұртілеу:
     Бақыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы ағам

Бүкіл әлем күліп бүгін тұр маған

Қамқоршы басшы ағаларым аманда Мен қашанда құлпырамын нұрланам

Ақтоты:
           Көк байрақ көк аспан,
                             Алтын күн нұр шашқан
                             Әлемге танылған
                             Тәуелсіз Қазақстан

Ерасыл:
        Тәуелсіздік  жолында,
                           Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.

Қорлан: Балабақша серпін нық

Көкке атады бөркін жұрт

Тәуелсіздік ынтымақ

Тәуелсіздік еркіндік

Жүргізуші: 16 - желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің әнін қабыл алыңыздар.Ортада ұлдарымыз Ербосынұлы Нұртілеу мен Әлинұр



Ән: «Отаным»топ балаларының орындауында





Жүргізуші: Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам - өз ордам,

Сүйенерім сен ғана!



«Қыздар» биі

Жүргізуші: Біздің елдей көркем ел,

Табылмайды іздесең.

Ән айтамыз туған ел

Саған арнап, байтақ жер!

«Мен қазақпын» ұлдар биі

Жүргізуші:

Ата – бабам жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан – алтын ұя Отаным

Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан

Бүлдіршіндеріміздің әнін қабыл алыңыздар

«Қазақстаным отаным» Айару, Қорлан

Хор: «Тәуелсіз Қазақстан»



Жүргізуші: Отаным Қазақстан –алтын бесік,

Мінекей ұлы жолға түсті келіп.

Ағайын, бар тілерім мен еліме.

Тұғырың мықты болсын Тәуелсіздік!

Осымен « Тәуелсіз ел Қазақстан» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Мереке құтты болсын, көріскенше сау болыңдар!







« Қазақстан Тәуелсіз елім!»



«Құлыншақ» тобы













2020 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі