КМҚК «Қошақан»
балабақшасы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім –
Қазақстан»
Өткізген ІІ- кіші топ тәрбиешісі: Хасенова
В.Ж.
2017
жыл


Тақырыбы: « Тәуелсіз елім –
Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштікке
баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы
егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере
отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалар сөздігін молайту,
байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып тәуелсіздігімізге
арналған тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға
үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып,
көңіл күйлерін көтеру.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету,
түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ
–жауап.
Сөздік
жұмыс: Республика, Рәміз, Ту,
Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері, слайд
Билингвалды комконент: Отан – Родина, Ту –
флаг, Елтаңба – герб
Тәрбиеші: Патриоттық ән
қосылады.(Балалар саппен кіреді) Шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар бір – бірімізбен
амдасып алайық
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: (хормен
айтады)
Үлкенге
де сіз!
Кішіге де
сіз!
Сәлем
бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Балалар: (орындарына
отырады)
Тәрбиеші: слайд арқылы
талқыланады
Балалар
бүгін мереке, бүгін қуаныш! 16 желтоқсан Тәуелсіздік Қазақстан
күні.
-Қане ,
балалар, Қазақстан Республикасының әнұранын
айтайық.
Әнұран
сөзін жазған: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев
әнін
жазған:Шәмші Қалдаяқов
Балалар: Оң қолын жүрекке қойып,
әнұранды хормен айтады.
Тәрбиеші:
-Балалар,
біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
Отан
деген біздің еліміз, туған жеріміз, ауыл-қаламыз, туыс, бауыр мекен
еткен жеріміз
Біздің
Отанымыз Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасының Президент –
Елбасымыз
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев
-
Балалар, ҚР Туының түсі қандай?
Тудың
сипаттамасын түсіндіру. Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі, күн
– байлық пен берекені білдіреді.
Қане, кім
Ту туралы өлең біледі екен?
Кәусар:
Айнымайды
аспаннан Біздің тудың бояуы Оны халық қашанда Биікке іліп
қояды
Тамерлан:
Көк
туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолына Құшағында гүл
атам
Айғаным:
Мереке
бүгін ұлы күн Егеменді елімнің Желбірейді көк туы Түсіндей боп
көгімнің
Тәрбиеші:
-Елтаңбамыз туралы не айтамыз?
Елтаңбамызда шаңырақ, қос пырақ ат бар.
Ат – ер
қанаты, шаңырақ ортақ үй деген түсінікті береді.
Отанымызға айтатын қандай жылы лебіздерің
бар?
Дәулет:
Бақытты
боп жүргенім Сенің арқаң, Қазақстан
Елім
менің тірегім! Құшағында гүл атам.
Н.
Айару:
Сарқылмайтын қуатым Тірегімсің Қазақстан Мәңгі соғып
тұратын Жүрегімсің Қазақстан
Дінмұхаммед:
Мереке
бүгін бақ күні
Егеменді
елімнің
Тойлатады
бар халық
Аман
болсын достарым
Тәрбиеші:
Балалар,
тәуелсіздікті еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Осы күнге жету
үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірдік. Сендер «тәуелсіздік»
деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Енді,
балалар Отан туралы кім өлең біледі екен?
Нұрдәулет:
Отан-
сенің, ата-анаң,
Отан-
досың бауырың,
Отан
-өлкең Астанаң
Отан-аудан,ауылым
Бағдәулет:
Отан
тарих, Отан тіл,
Жасаған
елің, ер халқың
Отан
-өлең, Отан жыр,
Көтерген
көкке ел даңқың
Балалар
қазақ елінде басқа ұлттың адамдары тұрады.
Дария:
Көк
байрақ, көк аспан Алтын күн нұр шашқан Әлемге танылған Тәуелсіз
Қазақстан
Шоқан:
Сол
жағында матаның Сары түсті жолақ бар
Мұратындай атамның Әсем өрнек ол ұлттық
Тәрбиеші: Жарайсыңдар
балалар!
Елімізді
әлемге танытатын мына сіздерсіздер! Сондықтан білім алып, ақылды
болыңыздар!
Азат:
Мен
әлемге танытам Қазақ деген халықты Нұрға, гүлге толтырам Өзім туған
өлкемді
Малика: Мерекеге шығады Бүкіл халақ
біліп қой Отандастар ұғады Тәуелсіздік ұлы той
Тәрбиеші:
- Осындай
үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
-Біздің
елбасымыз, президентіміз кім екен?
-
Балалар, ҚР Туының түсі қандай?
Балалар
жауап береді.
«Көк
тудың желбіреген» әнімен аяқталады.