«Талдықорған
қаласының білім бөлімі» ММ № 12 «Байтерек»
бөбекжайы МККҚ
Тәрбиеші:
Бекова Гульмира Рахымбековна
«Жұлдыз»
ортаңғы тобы
Тақырыбы:
«Тәуелсіз
елім Қазақстан» (тақырыптық
оқу қызметі)
Мақсаты:
Балалардың Қазақстан Республикасының
президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы
айту, рәміздері туралы білімдерін
кеңейту, болақшақта ел азаматына лайықты
болуға баулу. Желтоқсан оқиғасын
түсіндіру, желтоқсан оқиғасына қатысқан
ержүрек батыр ұл қыздарымыз туралы
айтып беру.
Дамытушылық:
Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін
толықтыру, ойлары мен тілдерін дамыту.
Білімділік:
Отанына, еліне, жеріне, деген
сүйіспеншіліктерін, белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік
:
Жас ұрапақ бойына еліне, жеріне, ұлтына,
отанына деген сүйіспеншілігін,
адамгершілігін арттыру.
Әдіс
– тәсілдері:
сұрақ – жауап, әңгімелеу,түсіндіру,ойын,
мадақтау.
Көрнекілік
құрал:
Ту , елтаңба суреттері, игровизор ойыны.
Шаттық
шеңбері:
Балалар
шаттық шеңберге тұрады, барлығы қосылып
айтады,
Қайырлы
таң, Туған жер!
Қайырлы
таң , Отаным!
Қайырлы
таң, Туған ел!
Менің
Қазақстаным!
Тәрбиеші:
Балалар,қазір біз Қазақстанның салтанатты
гимін орнымыздан тұрып орындайық.
Гимн
орындалады
-Балалар
біз бүгін тәуелсіздік туралы әңгімелейміз.
Суретпен
жұмыс:
-Балалар,
Қазақстан Республикасының рәміздеріне
не жатады?
(балалардың
жауабы)
-Тудың
түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
(балалардың жауабы)
-Балалар,
біздің айтқан Қасақстан гимі, елтаңба,
көк туымыз біздің тәуелсіздігімізді
білдіреді.
-Балалар,
біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.
-Біздің
тұңғыш ел басы кім? (Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев)
-Астанамыз
қай қала? Нұр-Сұлтан қаласы.
-Неге
Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады? (балалардың
жауабын тосып, педагог өзі жауап береді)
-Балалар,
астана қаласын елбасы атымен аталады
Нұр-Сұлтан қаласы-деп.
-Қазақстан
Республикасының
президенті
кім? Қасым-Жомарт
Тоқаев Кемелұлы.
Педагог:
16-
желтоқсан еліміздің ең үлкен ең басты
мерекесі, 1991 жылы қазақ елі егемендікке
қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет
атанды.
Ляззат
Асанова, Қайрат Рысұлбеков желтоқсан
көтерілісінің батыр қаһармандары.
Балалар
сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас
ұландарысыңдар Сондықтан өз жерімізді,
өз елімізді, әкелер мен аталарымыз
сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға
міндеттіміз.
-Қане
еліміздің тәуелсіздігі туралы тақпақты
айтуға: Ақерке,
Жансұлтан, Інжу ортаға
шықсын.
Балалардың
тақпақтары:
1-бала:
Мерекеге
шығады,
Бүкіл
халық біліп қой.
Отандастар
ұғады,
Тәуелсіздік
ұлы той.
2-
бала:
Он
алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік
алған күн.
Ерекше
боп мәңгілік,
Ел
жадында қалған күн.
3-бала:
Он
алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік
алған күн.
Мерекеде
ел тосқан,
Атамменен
барғанмын.
Сергіту
сәті:
Мен
бақшаға барамын
Қарындашты
аламын
Табиғатым
тамаша,
Суретінде
саламын.
Достарымда
айнала
Тәту-тәтті
жай ғана
Қуанады
қол соғып
Байтеректей
бар бала.
Педагог:
-Балалар,
мен сендерге ойын үсынғым келеді, ойын
«Көңілді қамшы» деп аталады.
Ойын:
«Көңілді қамшы»
Ойын
шарты:
Балалар шеңбер жасап отырады. Әдемі
әуенге қамшы қолдан қолға беріледі.
Әуен тоқтаған кезде, кімнің қолында
қамшы, сол бала ортаға шығып тақпақ,
өлең, би өнерін көрсетеді.
«Игровизор»
ойыны:
Шарты:
суреттен раміздерді тауып домалақтап
қоршап сызу.
Қортындылау
-Қазақстан
Республикасының рәміздеріне не жатады?
(балалардың
жауабы)
-Қазақстан
қандай мемлекет? Егеменді, тәуелсіз
мемлекет.
Педагог:
Құрметті балалар,
егеменді,
тәуелсіз еліміздің болашағы –
сендерсіңдер! Тәуелсіздігіміз құтты
болсын! Жүзіміз жарқын, аспанымыз ашық
болсын деп тілеймін.
Бағалау:
-Бүгінгі
тақырыптық оқу қызметі ұнадыма сендерге?
(Балалардың
жауабы)
Тосын
сәт:
Сендерге
беретін сыйлығым бар.
Балалар,
қонақтармен қоштасамыз, сау болыңыздар!