Материалдар / Тәуелсіз елім-тірегім!

Тәуелсіз елім-тірегім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ,сөздік қорын молайту, ой- өрісін дамыту. Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерімен елін сүюге ,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
743
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Такырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім!

Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ,сөздік қорын молайту, ой- өрісін дамыту.

Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерімен елін сүюге ,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, рәміздердің суреттері,нақыл сөздер, шарлар.

Мұғалім сөзі:

« Тәуелсіз елім – тірегім!» сынып сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 30 жыл!

Барысы:

-Балалар ,біз қай Республикада тұрамыз ?

-Еліміздің президенті кім?

- Бас қаламыз қай қала ?

-Біздің ұлтымыз қандай ?

-Қай тілде сөйлейміз ? (Балалардың жауабы ).

- Өте жақсы. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні . Еліміз егемендік алғаннан кейін Ата заңын қабылдады , мемлекеттік рәміздерін белгілеп, өзінің ұлттық валютасы – теңгесін шығарды.

І бөлім

Ерсін:

Біз бақытты баламыз,

Тәуелсіз елдің ұланы

Мәңгі жасап, гүлденеміз,

Ұлы елдің қыраны.

Інжу:

Тәуелсіздік-бабам берген аманат.

Тәуелсіздік келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Алдияр:

Көкбайрағы-көгінде,

Тектілігі-тегінде!

Бірлігімен тұтасып,

Жеткен азат өмірге.

Абдығали:

Тәуелсіздік-тұмарым,

Бәйтерегім-шырағым.

Ел мерейін өсіріп

Менде шыңға шығамын!


Мұғалім сөзі: Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.

Бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз .Тәуелсіздіктің тұғыры биік ,аспанымыз ашық ,заманымыз тыныш болсын .

Қорытынды: Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. 2030 жылы Қазақстанның Орта Азия барысына айналуына сіздер үлес қосасыздар. Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін деген тілекпен бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.





Тексерілді:



















Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

«Шанханай негізгі мектебі» КММ
















Тәуелсіз елім – тірегім!



Сынып жетекшісі: Д.Қ.Жұманова

Сынып: 1









2021-2022 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ