Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елімнің нұрлы таңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы»

Мақсаты: 1) Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, еліміздің Тәуелсіздік тарихына шолу жасау;

2) Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде халқына қызмет етуге тәрбиелеу:

3) Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды және ар-намыс, ұлттық рухтық қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі: рәміздердің суреті, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке суреті, қанатты сөздер, Тәуелсіздікке байланысты слайдтар, Қазақстан картасы.

Барысы:

(Сахна мерекелік кешке сай безендірілген, тақтада Астананың бейнесі бар слайд шығып тұрады. Сахнаға Түркештің күйі "Көңілашар" фонында жүргізушілер шығады)

Жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді ата-аналар,құрметті қонақтар. Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың алып берген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен.Бірге:Құттықтаймыз!

Гимн орындалады.

Жүргізуші:Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл толып отыр.

«Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. 1986 жылы Қазақтың рухын құрпақшы болды. 1986 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің бар-жоғы 18минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Қазақстан басшысы Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреуді (Г.Колбинді) отырғызды.

Тұрсын биік өр басым,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай

Желтоқсан желі болмасын.


Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс.


Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.

Қайрат:

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып

Қырып салды-ау табанда.


Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.


Хатшы: Сот келді, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Хатшы:Отырыңыздар!


Сот үкімді оқиды.


Сот: Алдынғы сот нәтижесі бойынша:

Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Н.Р айыптау ісін қарай келіп, жоғарыдағы айтылған оқғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы үкім етілді.


Апасы: -Жоқ, бұл мүмкін емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.


Хатшы: -Тынышталыңыздар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?


Қайрат: Бар.

«Ақтық сөзің не?» - деген

(2 жендет Қайратты сүйреп алып кетеді)

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған-азамат

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!


Сот: Бүгінгі сот жабық.


Екі жендет Қайратты залдан жетеледі.Осы кезде ааасы баласының артынан жүгіреді. Қайрат «Анама» өлеңін оқиды.

Жүргізуші: Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Жүргізуші: 1986 жылғы 16 -желтоқсан Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды. 1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз ғана уақыт ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп , өзіндік даму жолын таңдап үлгерді. Елдің әлеуметтік саяси-экономикалық дамудағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Сахнаға Тәуелсіздіктің таңғажайып жақтары туралы сыр шерту үшін бақытты, шат-шадыман ұрпақтарын шақырамыз.

Динара

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Рысбек

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Раяна

Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

Адайбек

Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын. 

Жүргізуші: Отан! Отан - адамның туып өскен жері, туған-туысқандары мен жақын тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отан деген сүйішпеншілігіне байланысты. Әрбір адам Отанын сүйе білуге тиіс.

Ән: "Елім менің".

Мадина

Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той.

Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.

Данияр

Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма

Інжу

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәттібоп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.


Жанболат

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Самал.

Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием десем.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Қазақстан, пай-пай!!!
Пай-пай Ардағым-ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.


Жүргізуші: Дүбірлетсін өңірді,

Дүбірлесін дүлдүлі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні!

Жүргізуші: Құрметті кешке жиналған көрермен қауым, сіздерге өмірлеріңіз ұзақ, деңдеріңіз сау, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі, шат-шадыман шаттыққа толсын деген игі тілектер жолдаймыз. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік, ағайын!

Ән: Диханбай Марғұланның орындауында «Мерекем» әнімен қарсы алыңыздар.

Біз өздеріңізбен қоштасамыз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
965
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12