400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мақсаты - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мақсаты - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Аккожина Рита Сериккалиевна

Ақтөбе қаласы, №70 ЖББО мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі.


Еліміздің бүгіні мен жарқын болашағы білімді, жігерлі, намысшыл, отаншыл, жалын жүректі, биік рухты, өз халқына адал, елжанды, патриоттық сезімдегі ұрпақ тәрбиелеуге байланысты. Бүгінгі таңда отансүйгіштікке тәрбиелеуде оны қалыптастыруда тек ұлтымыздың тарихын, батырлық дәстүрін насихаттай отырып дәріс беру арқылы қол жеткіземіз. Тәуелсіздікке қол жеткізген тарихқа да көз жүгіртіп оны ұрпақ санасына сіңіре отырып, оны өз Отанын сүйетін, елімізге ұлтжанды, саналы, сауатты, Отанын мақтан тұтатын және оның қамын жейтін, ол үшін күресе білетін мамандарды даярлау, жастарды тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Ұрпағымызды кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Тәрбиені бала негізінен отбасынан, білім ордасынан, жүрген ортасынан алады. Білімге, еңбекке тағы да басқа қасиетке деген құштарлық атадан балаға беріледі. Ал біз, оқытушылар отансүйгіштік тәрбие беруді жалғастырушылармыз. Ал егерде түп төркініне келер болсақ, «Бала болашағымыз» деп санайтын ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне аса бір байыппен, сақтықпен қараған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді халық даналығы. Тәрбие басы сонау ана жатырында жатқаннан басталып, жарық дүниеге келгеннен бастап әрі жалғастырылып, халқы адамгершілікке баулып отырған. Осындай адамгершіліктің ерекше қасиеті, әсіресе ер азаматтарға тән қасиет олардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық, ынтымақта қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет. Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан, оның мазмұны - туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, тарихы, дәстүрі туған өлкеміздің киелі орындары мен тарихи ескерткіштері, мәдени мұралары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары.

Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының маңызы зор.  Өйткені, тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи – мәдени тәжірибесін, алдымен құндылықтарын оқытып үйретуді мақсат етеді.

Жаңа дәрісті өту барысында тарихи кезеңдерге тоқталып, нақты жеткізілсе нағыз ұлтжандылықты, адамгершілік қасиеттерін бойына дарытады. Батырларымыздың, қазақтың ер азаматына тән қасиеттері берілген өлең, мәтіндерден үзінділерді әсерлендіріп оқып, оған байланысты, яғни, ерлікке, отансүйгіштікке тән мақалдардың осы замандағы алар орнын дәлелдей отырып, жеткізуге болады. Болашақта олардың шетелдің жұлдыздарына еліктемей, өз ұлтымыздың нағыз хас батырларының қасиеттерін бойларына дамытуға себін тигізеді. Ұлы Отан соғысы батырларының қаһармандық істері, төзімге толы тұлғалары, адамгершілік қасиеттері жас ұрпақты ерлікке, адалдыққа отансүйгіштікке тәрбиелейді. Ұлы Отан соғысына арналған қай шығарманы алмаңыз адалдықты, еңбекшілдікті, отансүйгіштікті мақсат етеді. Сондықтан да осы тақырыптарды өту, қорытындылау кезеңдерінде кітап көрмесін ұйымдастыру, жалынды сөздерді жазып, іліп қою, бейнетаспалардан үзінді көріп, үнтаспаларды тыңдау, ардагерлермен кездесулер ұйымдастыру патриоттық тәрбиенің бірден бір кепілі. Сабақ барысында қосымша құжаттарды пайдаланудың да тәрбиелік мәні зор. Мұғалім мұрағат қызметкерлерімен келісе отырып, тақырыбы бойынша мұрағат қабырғасында жоспарласа, оқушылар тарихи құжаттармен танысып, қолжазбалар, естеліктер,күнделіктерді өз көзімен көреді, өз тарихына деген қызығушылығы артады. Әсіресе, тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын қорғаушы бүгінгі жастар, яғни ертеңгі отан қорғаушылардың бойында отаншылдық қасиеттерді сіңіруде қазақ батырларының ерлігін дәріптеу, насихаттау ерекше орын алады. Халқымыздың батыры Б.Момышұлының «Бұрындары жасаған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік» дегеніндей, жас ұрпақты ата-баба дәстүрі  бойынша ерлікке тәрбиелеп, олардың намыс, парыз, ұлттық рух, жауапкершілік сезімін дамыту қажет. Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері мен елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды.

Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек. Кімде-кім халыққа, оның болашағына сенбесе, өз тағдыры үшін де үрейленеді, өз Отанын жат жұрттықтардың жаулап алуынан қауіптенеді. Бір сөзбен түйгенде, Отанының патриоты, батыры бола алмайды. Нағыз патриоттарды тәрбиелеу үшін бала санасына өз ұлтына деген мақтаныш, елжандылық, ел намысы деген ұғымдарды жастайынан сіңіре білсек, мәртебеміз жоғары, дініміз де, тіліміз де, ел іргесі де әрқашан берік болатыны сөзсіз. Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі мемлекеттік идеологияның темірқазығына айналуының өзі бекер емес. Қоғамның әрбір саналы азаматы өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және келешегіне тікелей қатысқан, Отанымыздың күш-қуатын нығайтуға, оның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуына жауапты екенін сезінуі тиіс. Жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімі, Отанының мүдделерін қорғау жөнінде азаматтық борыш пен Конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындығын тәрбиелеуде Қазақстан тарихын оқып үйренудің маңызы зор. Қазақстан тарихын оқыту Қазақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, тарихи білімдер негізін игеруге, оқушылардың санасында ұлттық бірлікті қалыптастыруға, азаматтылық пен елжандылыққа, ұлтаралық келісім мен төзушілікке тәрбиелеуге, өз халқының және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеуге, жеке тұлғаны қалыптастырып дамуына септігін тигізеді. Тарихты оқыту барысында оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін меңгеру, педагогикалық технологияның қыр -сырын терең білу, оны күнделікті сабақта өз тәжірибесінде пайдалана білудің орны ерекше. Өз іс-тәжірибеме тоқтала кетсем: Отаншылдық сезімдерді тереңдетуге негізгі жүгінетін құралым -карта. Күнделікті сабақта оқушылар бір- біріне картадан сұрақтар қойып, тақтаға шыққан оқушы көрсетіп отырады. Картамен жұмыс жасау оқушылардың еліміз картасын жақсы білуге, тарихта сөз етілген кез келген жерді жаңылмай табуына, біліп отыруына көмектеседі. Осының нәтижесінде өз Отанын терең білуге құштарлығы, сүйіспеншілігі артады. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелегенде патриоттық тақырыптағы өлең жолдарын оқыту, мақал -мәтелдер айтқызу үлкен рөл атқарады. Ұлы тұлғалар туралы мейлінше көбірек деректер беру үшін сабақта танымдық ойындарды көбірек пайдаланамын. Асылында, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдың, әлеуметтік һәм мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатардағы ұлттық идеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік-психологиялық сезім болып саналады.

Қорыта айтқанда, патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне,  өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. Тәуелсіздік құндылықтарын аға – ұрпақтың өнегелі істері мен ерліктері арқылы дамытып, болашақ ұрпақ жүгін ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың дәстүрлерімен, қазіргі даму үрдісімен, отаншылдық рухпен жеткізе білейік.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. тарих толқынында.

  2. Қазақстан тарихы. IIIтом А, 2002ж

  3. Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлар. А, 1994ж

  4. Қазақстан тарихы журналы. 2007ж №5, 2012ж № 6

  5. Қайкенов Е.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі