жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тәуелсіз қазағымның жігіттері-ай!» сайысының сценарийі
Дайындаған: Мамбетова Ш.И.
ағылшын тлі пәні мұғалімі
«Тәуелсіз қазағымның жігіттері-ай!» атты
ұлдар
командалары арасындағы сайыс
1
– жүргізуші.
Армысыздар
ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар,
жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш
сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен
қол соғалық.
1
– жүргізуші.
Бағына
бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар
асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті
жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр
дарыған.
2
– жүргізуші.
Дария
ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас
алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың
қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан
болған қаһармандар - деп, Махмұтбай
Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың
әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі
«Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны
бақыт санаған.
1 – жүргізуші.
Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
2 – жүргізуші.
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса, «7 Мамыр - Отан қорғаушы күніне» орай ұйымдастырылып отырған жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін сынайтын «Тәуелсіз қазағымның жігіттері-ай!» атты 7-сынып ұлдар командалары арасындағы сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
1 – жүргізуші.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ!- демекші ортаға қошеметпен сайыскерлерді шақырамыз.
2 – жүргізуші.
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы - 7 А сыныбының “Арлан” командасы,
1 – жүргізуші.
Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан - 7 Ә сыныбының “Көк бөрілер” командасы,
2 – жүргізуші.
Біледі олар жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды - 7 Б сыныбының “Жалын” командасы ,
1 – жүргізуші.
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тындыру бар ойында -7 В сыныбының “Барыс” командасы,
2 – жүргізуші.
Қазағымның салт-дәстүрін сақтайды,
Үміт артқан ел сенімін ақтайды - 7 Г сыныбының “ ” командасы ,
1 – жүргізуші.
Біз жігіттер нəзіктерге қамалмыз,
Жауға бермей күш-жігерді салармыз – деп ұрандатқан 7 Ғ сыныбының “ ” командасы.
Командаларға көп рахмет және іске сәт жігіттер!
2 – жүргізуші.
Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:
Таныстыру. Регламент 3 мин
Топтың өнері. Регламент 5 мин
Қол күрестіру.
Әуебомбасы жарысы.
1 – жүргізуші.
«Тәуелсіз қазағымның жігіттері-ай!» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
3.
1-кезең. «Таныстырсақ өзімізді....» Таныстыру
2 – жүргізуші.
Жеті атасын білмейтін,
Жетесіз ел емеспіз.
Өзіңізді жігіттер,
Таныстырып өтесіз!
1 – жүргізуші.
Ұраны намысты ма, ат-үсті ма?
Төсбелгі шеберлікпен салынды ма?
Қазылар зейін салып талдаңыздар, Жігіттің болмысына, қалыбына!
Бірінші «Таныстыру» кезеңінде топтың аты, ұраны, әні, эмблемасы және киім үлгілері сыналып, бағаланады.
2 – жүргізуші.
Ортаға бірінші болып 7 «А» сыныбының «Арлан» командасын шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Келесі 7 «Ә» сыныбының «Көк бөрілер» командасын қарсы алайық.
2 – жүргізуші.
Ортаға 7 «Б» сыныбының «Жалын» командасын шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Келесі 7 «В» сыныбының «Барыс» командасын қарсы алайық.
2 – жүргізуші.
Ортаға 7 «Г» сыныбының « »командасын шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Келесі 7 «Ғ» сыныбының командасын қарсы алайық.
Құрметті әділ-қазы мүшелері 1 –кезең бойынша командаларды бағаласаңыздар.
2-кезең. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
2 – жүргізуші.
Өнерлі өрге шабады,
Жігіттер қайда манағы?
Бап емес бақ шабады,
Қазылар болар қырағы!
Ендеше, жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Ортаға 7 «А» сыныбының «Арлан» командасын шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Келесі 7 «Ә» сыныбының «Көк бөрілер» командасын қарсы алайық.
2 – жүргізуші.
Ортаға 7 «Б» сыныбының «Жалын» командасын шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Келесі 7 «В» сыныбының «Барыс» командасын қарсы алайық.
2 – жүргізуші.
Ортаға 7 «Г» сыныбының « »командасын шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Келесі 7 «Ғ» сыныбының командасын қарсы алайық.
Құрметті әділ-қазы мүшелері 2–кезең бойынша командалардың бағасын берсеңіздер.
3-кезең. «Күш атасын танымас» - қол күрес
1 – жүргізуші.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі кезеңі «Күш атасын танымас» деп аталады.
Құрметті әділ-қазы алқасы 3–кезең бойынша командалардың ұпайын көрсетсеңіздер.
2 – жүргізуші.
Ежелден ақ қылыш пен семсермен толқындатудан гөрі қолдың күшін сынау ең асыл істің бірі болып саналатын. Қол күрес -мектептегі қол жетімді спорт түрі! Болашақта жігіттеріміз бұл спорт түрінің дамуына өз үлестерін қосады деген сеніміміз мол.
Бұл сайыстың шартын түсіндіруге және төрещілік етуге дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рауан ағайды ортаға шақырамыз.
4-кезең. «Кім епті?» - тиын жинау спорттық сайысы.
1 – жүргізуші.
Спорт сенің серігің-
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды-
Қимыл менен қозғалыс. – Қай команда епті? жылдам? екенін білу үшін сайысымыздың соңғы кезеңінде командалар тізелеріне тиындардын қысып алып, өз командаларына тиесілі банкілерге тиындарын салу қажет. Төрешілік етуге Рауан ағайды шақырамыз.
2 – жүргізуші.
Құрметті әділ-қазы алқасы 4–кезең бойынша командалардың ұпайын көрсетсеңіздер.
Осымен біз сайысты тәмәмдаймыз,
Жігіттердің сұлтанын сіз таңдайсыз.
Ата-баба дәстүрін қадір тұтып,
Жаңғыртып отырудан біз талмаймыз!
Әділ –қазылар алқасының шешімі дайын болғанша «_______________» өнерін тамашалаңыздар!
Жеңімпаздарды марапаттау үшін ортаға _______________________шақырамыз.
1 – жүргізуші.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
2 – жүргізуші.
Алға Қазақ жігіттері,
Сенім артқан, жансын халық үміттері.
Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,
Жаса мәңгі ќазағымның жігіттері. – дей келе , «Тәуелсіз қазағымның жігіттері-ай!» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз.
Назарларыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген