400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

 Қасымбаева Роза Әлімбайқызы

10 - сынып

№ 27 гиназия

Апта

IV

Күні: Сағат

Сабақтың атауы

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Сілтеме

Адамбаева Ж.Оразбаева К. «Қазақ тілі» оқулық Слайдтар Сабақ жоспары Интербелсенді тақта

Жалпы мақсаты

Шығармашылық жазу жұмыстарын қолдана отырып тәуелсіздік туралы ұғым беру.Сөз мағынасын,  сөйлеудің, диалогтің, монологтің түрлерін, тіл мәдениетін және қосымшалардың тіл мәдениетіне қатысын білуі.   

Сөйлем мүшелерін орнымен жұмсай алу

1.Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін бекіту және толықтыру. Талдау түрлері арқылы сөз таптарын,сөйлем мүшелерін, оның байланысу түрі мен тәсілдерін жүйелеп қайталау. Білім деңгейлерін,іскерлік дағдыларын тексеру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Қазақша сөйлеуге бейімдеу.
3.Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.



Оқушылар білуі қажет:

Отан, тәуелсіз мемлекет деген, не үшін қажет, қандай мақсатта қолданылады.

Міндеттері

1.Оқушының қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруі

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни

тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Блум таксионмиясы

 

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  1. Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білу.

  2. Оқушыларды бағыттап отыру

  3. Бір-біріне көмектесуі

  4. Оқушыларды мадақтап бағалау (стикер арқылы) және оқушылардың өздеріне бағалау бетшесі арқылы бағалату

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа білімнің басталғанын сезіндіру.

Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Оқушының өмірдегі біліміне,білетініне сүйену.

Күтілетін нәтиже

Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып,

өзінің қызметіне анализ жасай алуы;

Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойлану;

Шығармашылық жұмысқа баулу.

Жаңа сабақ бойынша оқушы қызығушылығы,ізденісі.

Оқушы бейнесімен

Байланысы

Ізденімпаз Зерделі Ойланғыш Тіл табысқыш

Ұстамды Ықыласты Қамқоршы Тәуекелшіл

Үйлесімді Талдағыш

Талантты және дарынды балалар: ... (деңгейлік тапсырмалар беріледі)

Тапсырмалар

(сабақтың жүрісі)

  1. Үй тапсырмасы

  2. Жаңа тақырыпты тапсырма орындау барысында өздеріне меңгерту.

  3. Флипчартпен жұмыс (Жұптарға тапсырма)

  4. «Ыстық орындық» сұрақтары

  5. Сергіту сәті

  6. Қорытынды «Блум таксономиясы» бойынша

  7. Бағалау бетшесі

  8. Рефлексия

  9. Үй тапсырмасы

Бағалау мүмкіндіктері:

Қай балалар бағаланады?

Барлық топ бірін- бірі және өзін- өзі бағалауға қатысады.

Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады?

1.Үй тапсырмасы

2.Сұрақ- жауап

3.Топтық жұмыс

4.Грамматикалық тапсырмалар орындаған

5.Өз ойын айтып,қорытынды жасаған

Дәлелдер қалай жиналады?

Критерий арқылы формативті,жиынтық бағалау

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут

 

Ұйымдастыру


 

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын суреттер арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

  Сабақтың эпиграфы: Қазақстан:

Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.  

Мұғаліммен сәлемдесу.



Оқушылар суреттер бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 5 мин

 

 

 

 5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3 мин

 

 

 

 3 мин

 2 мин

 

 

I. Ой шақыру. Сұрақ – жауап.
- Балалар,сабағымды өлең жолдары арқылы бастағалы отырмын, бұл өлеңді сендер білесіңдер, сондықтан мұқият тыңдаңдар.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.....
Флипчартпен жұмыс
Енді қайтадан өлең жолына оралайық.
- Өлең не туралы?( Туған жер, Отан туралы)
- Отан деген не?( Адамдардың туып- өскен жері)
- Қазақ елінің Отаны қалай аталады?( Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз, дербес, егеменді, экономикасы
дамыған, демократиялық, құқықтық, көпұлтты; independent, sovereign, democratic, legal, multinational, rich)
(Оқушылар тақтаға шығып 2 тілде топтама жасайды)


Қазақстан
Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? ( 1991 жылы)
- Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?


- Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіңдер?( Ту, елтаңба, әнұран;
II.Мағынаны тану

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан


Аудирование: Отан деген не?
Оқушылар мәтінді тыңдайды, қарсы топ бір-біріне сұрақ қояды, түсінгендерін айтады

1. Тақтадан үзінді көрсету

Тәуелсіз Қазақстан бойынша шығармашылық тапсырма беру

2.Сұрақ-жауап 

Мәтінмен жұмыс .
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасап жатыр.
Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана қаласы. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.
Қазақ жері пайдалы кендерге бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Бүгінгі Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті, дамыған ел. Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол менің Отаным.
(Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді)
- Қазақстанның негізгі халқы кімдер?
- Мемлекеттермен қандай байланыстар жасап жатыр?
- Астана қаласы қайда орналасқан?
- Қандай кендерге бай?

1. Оқушыларға тақтаға жазылған білімдерді талқылап, білетіндерін жинақтап, белгілі бір негіздемеге топтастыру тапсырылады.

2. Тақтаға құрылымдық-логикалық сызба қажет болған жағдайда салынады.

3.Әр оқушыға мәтін таратылып, оны оқу тапсырылады.

4. Оқушыға мәтінді оқу барысында белгілерді қою тапсырылады:

«V» – білемін.

«-» – менің алғашқы ойлауыма мүлдем сай келмейді.

«?» – білгім келеді.

«+» – бұл мен үшін жаңа ақпарат.

5. Студенттерге кесте бойынша жұмыстарын жалғастыру тапсырады.

Оларға үшінші бағанды толтыруды (үйрендім) тапсырады.

6. «Үйрендім» бағанындағы мәліметтерін салыстырып, талқылатады, оны студенттерге тақтаға жаздырады.

7. «Білгім келеді» бойынша өзіндік жұмыстарға бағдар жасалады, не білгілері келетіні талқыланады. Жұмыс барысында «біз оларды қайдан аламыз»,-деген мәселені қарастырады.

8. Үй тапсырмасына бағыт береді

ІІІ. Ой- толғаныс
IX. Полиглот «Қазақстан»
1. Қазақстанның ауа райы (құрғақ,dry)
2. Қазақстанның елордасы (Астана, Astana)
3. Қазақстанның елбасы ( Назарбаев, Nazarbayev)
4. Қазақстан қай құрылықта орналасқан? (Еуразия, Euroasia)
5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді?(қазақ, Kazakh)
6. Қазақстанның рухани астанасы( Түркістан, Turkistan)
7. Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге, tenge)
8. Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай, China)
9. Қазақстан неге бай? (кенге, natural resources)

X. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия (музыка қосып қою)- стикерге

Оқушылар тақтаға шығып оқиды. (Әр жұптан бір оқушыдан)

 

 

 

 

 

 

 

Топтар тапсырма бойынша флипчартта орындап, қорғайды

1.Қарастырылатын объектіге байланысты барлық мәліметті еске түсіреді.

2. Кесте сызады.

3.Сол бағанға естеріне түсірген мәліметтерді жазады.

4. Бір-бірімен білім алмасады.

6. Әрқайсысы кезегімен қарастырылып отырған объект туралы білетін пікірлерін айтады.

7. Тақтаға сол мәліметтерді жазады.













Инсерт әдісі бойынша жұмыс

білемін

білгім келеді

үйрендім

 

 

 

1. Тақырыпқа байланысты жоғарыдағы мәліметтерді өзара талқылайды.

2. Мәтінді оқуға дайындалады.

3. Мәтінді оқу барысында қарындашпен оқытушы ұсынған белгілерді қойып шығады.

4. Жеке өз дәптерінде мәтінге сәйкес кестені толтырады.

5. Талқылауға белсенді қатысады.

6. Оқытушы сұрақтарына жауап беруімен қатар, өз варианттарын ұсынады.

7.«Үйрендім» бағанындағы мәліметтерін салыстырып, талқылайды, ортақ пікірге келіп, тақтаға жазады.

7. Ортаңғы бағанға «не білгілері келетінін» ақылдаса отырып, жазады.

 1. Қорытынды жасайды.

2. Үй тапсырмасын таңдап алады.

Түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі