400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілергше арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 14.12.2018.


Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан!

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Балаларға Тәуелсіздік туралы түсінік беріп, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, еліміз, жеріміз, тіліміз туралы өлең-тақпақ үйрету арқылы тілдерін жаттықтыру. Отанына деген сүйіспеншілікке патриотық сезімге тәрбиелеу.


Тәрбиелік мәні: өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу
.

Қазақстан Республикасының Гимні


Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқы жеткен,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
!!


Сіздерменен,  өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын елім.

Ортамызға жиналған ақ  ниетпен,

Қош келдіңіз, баршаңыз, халқым менің!!


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар.. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын, сәби күлкісі мен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!


Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына байланысты Тәуелсіз Қазақстан!

атты ертеңгілігімізді бастаймыз

Жүргізуші: Бүгін 16 желтоқсан егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі.

-Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Оған Қазақсатнның жас ұлдары мен қыздары шықты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мухамеджанова, Ләззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты Ендеше балалар, осы ағаларымыз бен апаларымызды еске алайық. (1 минут үнсіздікпен еске алу)


Ән: «Елтаңбасы елімнің» әні.

Өлең- шумақтар:

Мадина: Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел - Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.


Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!


Жанерке: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Бақдәулет: Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды,

Биік көтер , жас ұлан.


Ж Еркеназ: Ақ ниетті-алтын күн,

Саған айтам асқақ ән.

Әрқашан да қазақ боп,

Туғыныма мақтанам!


Еркеназ Е: Шұғылалы таңымыз

Қазақ жері-бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз,


Ерасыл: Еңбек етіп табысты,

Жібермеймін намысты.

Мен әлемге танытам

Қазақ деген халақты.


Жүргізуші: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.

Би: «Сарбаздар» биі


Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан қандай ел?

Балалар: -Егеменді, тәуелсіз мемлекет.

Тәрбиеші: -Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздеріміз пайда болды?

Еліміздің рәміздерін кім атап береді?

Балалар: -Ту, Елтаңба, Әнұран.

Жүргізуші:-ҚР Президентті кім?

Балалар:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Назерке: Батырлық бар тегімде

Көк байрағым көгімде

Әнұранды жатқа айтам

Елтаңбам тұр төрімде.


Мөлдір: Көк аспандай көкаенбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.


Аяулым: Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың-

Төбемізде мәңгілік!


Мөлдір М: Қатар шапқан қос тқлпар

Ай астында қазақ үй

Қалытаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күн

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.


Дамир: Батырлық бар тегімде

Көк байрағым көгімде

Әнұранды жатқа айтам

Елтаңбам тұр төрімде.

Жүргізуші: Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

Ән: «Туған жер» әні

Жүргізуші:-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

Балалар:-Қазақ тілі


Алима: Қазақ тілі ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан

Дүниенің бар асылы

Тең келмейді ешбір оған.


Нұртас: Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.


Еркеназ Е: Шұғылалы таңымыз

Қазақ жері-бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз,


Жүсіп: Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.


Шамсат: Отанды әркім анасындай,

Қастерлі бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.


Бауыржан: Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отанның аясында

Жадырайды жанымыз.


Асемай: Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.


Сұлтанғали: Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді.

Өз шуағын күміс таң.


Нурсия: Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.


Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары – ай
Сүйсіндірген биімен 
Өнерлі ғой қыздар –
ай

Би: «Әдемі Ай» биі

Айдана: Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.

Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.

Шаңырақтың шаттығы,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елімнің,
Елдің тыныш тірлігі.


Жарқынай: Ұлан - байтақ неткен жер!

Дәнді - дақыл еккен жер.

Жеттік міне арманға

Қазақстан - Ерікті ел!


Нұрғалым: Біліммен жұпар жинаймын,

Еліме бақыт сыйлаймын.

Жүрекпен сүйіп отанды,

Жүректен мәңгі жырлаймын.


Аружан: Көк айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар.

Еңбегі еленген

Атақты ерім бар.


Жемісті бауым бар,

Шың-құзды тауым бар.

Еңісті өр еткен,

Жеңісті қауым бар.


Жайдарлы желім бар,

Өрісті белім бар.

Ерлікке баулитын

Егемен елім бар!


Тарих боп кешегім,

Көп жұмбақ шешемін.

Егемен еліме,

Еге боп өсемін!

Балжан: Туған жерге нұр шашып жарық берген

Қуаныш мол бақыт алып келген

16-желтоқсан шуақ болып

Тәуелсіздік еліме алып келген.



«Менің Қазақстаным» биі


Назым: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


Әдемі: Биік ұстап балалардың есімін,

Аштық бүгін жаңа ғасыр есігін

Бірге басқан егеменді елімде,

Тербетеміз бейбітшілік бесігін


Жер бетінде өшсін соғыс алауы,

Желбіресін терең достық жалауы

Өнер, білім сұлу жарқын болашақ

Алтын ұя балабақша қалауы.


Ердәулет: Отаным менің Қазақстан

Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам.


Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.


Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан.


Жүргізуші: Күн шуақты Қазақстан

Саған ғана үн қосқан.

Жүрегімнің дүрсілі

Төгіледі жыр дастан.
Ән: «Ұланымын Отанның»


Жүргізуші: Арайлап тәуелсіздік таңы атты,

Кең далама көктен күн нұрын шашты.

Бейбіт өмір сүрсін деп ата – баба

Қанша еңбек маңдайдан терін төкті.

Тәуелсіз елдің бақытты ұл , қызымыз,

Әрқашанда желбіресін көк туымыз.

Қыраны көкте қалықтап еркіндікте,

Орнасын мәңгі бейбітшілік елімізде.


Құрметті ата – аналар! Ұстаздар! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап өткізілген Тәуелсіз Қазақстан! атты мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Егеменді елің болашағы сендерсіңдер балалар! Елім қазақ, жаным қазақ, жүрегім қазақ деп соққан, кішкентай бүлдіршіндерміз аман болсын. Еліміз тыныш болсын, Қазақстанның көк байрағы көгімізде желбірей берсін! Кішкентай сәбилеріміз бақытты өмір сүрсін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі