400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. Ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қ Р-ның рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, буклет

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 2 «Ж» сыныбының Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата- бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егеменді – ел бақыты ертеңі О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Ендеше ортаға бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың жүргізушілері - Саден Сейтжан мен Саденова Жансаяны шақырамын.

1-жүргізуші:

Әнұраным-жанұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам, әнұраным!

Хор: «Әнұран»

2-жүргізуші:

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата Заңым қабылданып.


1-жүргізуші:

Қазақстан туралы не білеміз?

1. Мен Қазақстанда тұрамын.

2. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.

3. Мен еліммен мақтанамын.

4. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

2-жүргізуші:

Иә, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

1-жүргізуші:

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

2-жүргізуші:

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.


1-жүргізуші:

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Міне биыл Тәуелсіздігіміздің 26 жыл толуын тойлағалы жатырмыз.

Айана: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!


Қаламқас: Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті, бостандықты иеленгендер.

Ән: «Қазақстан бақытты»

Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. Ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін ояту.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ел бақытының бастауы. Өйткені қазақ халқының сан ғасырлық мақсаттары, бабаларымыздың асыл армандары тек тәуелсіз елге айналған соң жүзеге асты.

1-жүргізуші:

Қазақ елі тәуелсіздік алып, көк Туымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз еңсемізді биіктетіп, Әнұранымыз рухымызды асқақтатып жарқын болашаққа нық сеніммен қадам басып барамыз.

«Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә Назарбаев» суреті

Қаламқас: Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Ермекбай: Халқымның мақтанышы – алып тұлға «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек- көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Ариф: Көгімізде елжірейді күніміз, «Ту» суреті

Төбемізде желбірейді туымыз

Егеменді ел бірлігі туымыз,

Бақытындай еркіндігі туымыз

Айана: Енді бүгін өлген Туым тірілді «Елтаңба» суреті

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өрке ниет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ орданың төрінде.

2-жүргізуші:

Келесі кезек «Кім тапқыр?» деп аталады.

  1. Тұңғыш Президентіміз кім және қай күні атап өтеміз? (Н. Ә Назарбаев 1-желтоқсан күні)

1-жүргізуші:

  1. Еліміз қай жылы тәуелсіздік алды? (1991жылы 16- желтоқсан)

2-жүргізуші: 3. Мемлекеттік рәміздерді ата? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

1-жүргізуші:

4. Мемлекет туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

2-жүргізуші:

5.ҚР-ның Мемлекеттік жаңа әнұраны «Менің Қазақстаным» деп қашан қабылданды? (2006 жылы 6-қаңтар)

1-жүргізуші:

6. Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов)

2-жүргізуші:

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз, егеменді, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз.

1-жүргізуші:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы балалар, сіздердің қолдарыңызда » деген сөзі бізге, жас ұрпаққа үлкен жауапкершілік артады.

2-жүргізуші:

Осындай қарыштап дамып келе жатқан  Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес қосамыз ?


1. Қаламқас: - Тәртібімізбен, сапалы білімімізбен  үлес қосамыз.

2. Айана: - Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушымыз.

3. Ариф: - Үш тілді жетік меңгеретін ұрпақтармыз.

4. Айана: - Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау

оқушылармыз

5. Ермекбай: - Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Би

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымыздан барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірге болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

2-жүргізуші:

Біз туған еліміз Қазақстанымызды мақтан тұтамыз. Келешекте Қазақстанымыздың бұдан да өсіп өркендеуіне, дамуына дамыған елдер қатарына қосылуына біз жастар өз үлесімізді қосамыз. Қазақстанымызды бүкіл әлемге танытамыз! дей отырып, бүгін гі ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»


Қорытынды сөз.

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.

Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан!» - деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымызды аяқтаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі