400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіз Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған ел, Отан, Қазақстан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қабілеттері, сөздік қорларына дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

------------------------

№8 «Балапан» бөбекжай

балабақшасы директоры

Тлешова К.К



Білім саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық»


Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰ, Қоршаған ортамен танысу, Сурет


Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»


Мақсаты: Туған ел, Отан, Қазақстан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылыққа баулу.


Әдіс-тәсілдер: А.Зайцев, А.Жүнісбеков, Лингвистика, Триз – технологиялары бойынша білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жиынтығы, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікір-талас, әңгімелету,

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Амандасу

Шаттық шеңбері

Балалар, сендердің кішкентай ғана сәбилік жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!


Балалар қонақтармен 3 тілде амандасады, сәбилік жүректен ақ тілектерін айтады.

Мысалы:

  • Менің Президентім аман болсын!

  • Қазақстанымыз көркейе берсін!

  • Әлемде тыныштық болсын!

  • Деніміз сау болсын! Және т.б жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Еліміз Қазақстан

Туымен тұрғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты

  • Қане балалар, орнымызда тұрып, оң қолымызбен кеудемізден ұстап әнұранды шырқайық.

  • Жарайсыңдар, балалар!

Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді.

  1. Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?


  1. Қазақстан қандай мемлекет?


  1. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  2. Президент еліміз үшін не істеді?





  • Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Елбасымыздың игі істерін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай елі үшін жақсылық жасап жүрген, жүрегі елім деп соғатын Елбасымыз барда біз бақыттымыз. Балалар біз бақыттымыз ба?

  • Жарайсыңдар, балалар!

(слайд шоу көрсетіледі)












Жарайсыңдар, балалар! Осындай қуанышты көңіл-күймен оқу қызметімізді одан әр жалғастырамыз.

Балалар, енді орынымызға отырып жайғасайық.

Балалар, еліміздің ашық аспандай көгілдір туымыз, айбынды елтаңбамыз, мағыналы әнұранымыз бар.

Ендеше рәміздерге тоқталайық. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік, сипаттайық.


Дидактикалық ойын: «Өз рәміздеріңді тауып ал».

Ойыннын барысы: Тақтаға көптеген мемлекеттердің туы, елтаңбалары ілінген. Осы тулардың, елтаңбалардың ішінен өз рәміздеріңді тауып көрсет.




Сергіту сәті:

Көк жалау желбіре,

Асқатап аспанда.

Жас ұлан, ел бірге,

Сап түзе жасқанба.



«Көңілді лото»

Ойыннын шарты: Әр балаға суреттері бар кеспе қағаздар беріледі. Конверттегі көптік жалғауларды осы суретке қою керек.


Ал, енді балалар Қазақстан картасына назар аударайық.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Қазақстанның жері кең, байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала, орман, тау, өзен, көл, шөлді аймақтар да кездеседі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.


Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесіңдер?


Жарайсыңдар, балалар!


Біз картаға қарап, байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.

Балалар Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?


Жарайсыңдар, балалар!


Ойын: «Кім білгір?»

Ойынның шарты: Мақал-мәтелді жалғастырып айту.

Білекті бірді жығар ..........


Халық айтса, ...............

Елдің атын ...............

Отан ..............

Бірлік болмай, ............

Көз қорқақ, ................




Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

(балалардың ой - пікірлерін тыңдау)


Отан, Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі?

(постер құрастыру)


Жарайсыңдар, балалар!


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Қанат қағып ұшыңдар,

Биіктерге самғаңдар.

Қазақстанды көріңдер,

Саусақтармен ойнаңдар.

Қолдарыңды сермеңдер,

Төңіректі айналып,

Орындарыңа қоныңдар.


Жарайсыңдар, балалар!




Ал енді балалар, алдымыздағы жолақты карточкаға «Қазақстан», «Отан» сөздерін текшелермен жазамыз.






Лингвистикалық әдіс бойынша «Сиқырлы сандық» ойынын ойнату.

Ойынның шарты: Сандықтан асық алып санын қазақша атап, сөздердің аудармасын айтамыз.

Сөздер:

Мемлекет –

Қала –

Ту –

Елтаңба –

Әнұран –

Отан –

Елбасы –


Өте дұрыс. Жарайсыңдар, балалар!


«Кім жүйрік» ойыны

(карточкадағы мысалдарды орындау)


Сергіту сәті:

Балаларды белсенділік ортаға жұмыс жасауға шақыру. Белсенділік орталығында өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу.

  1. «Туған жер» орталығы (ту жасайды)

  2. «Отан» орталығы (Қазақстан 14 облысын бөлшектерден құрастыру)


  1. «Атамекен» орталығы (туған елім, туған жерім атты тақырыпта сурет салу)








Балалардың орындауында әнұран шырқалады.








  • Қазақстан Республикасы


  • Егеменді, тәуелсіз, көпұлтты, қонақжай мемлекет


  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


  • Қазақстанды бүкіл әлемге танытты.

  • Елімізге тәуелсіздік алып берді,

  • Елімізді гүлдендірді, көркейтті.










  • Иә, бақыттымыз



Балалар қызығушылықпен, қуанышты көңіл-күймен теледидарға бет бұрып, көгілдір экраннан Елбасымыз, рәміздеріміз, Астана қаласы туралы слайд шоу тамашалайды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.













Балалардың жауаптары тыңдалады.





Балалар ойынды қуанышты көңіл-күймен, рахаттана ойнайды, Қ.Р-ның туын, елтаңбасын тақтадан тауып көрсетеді.


Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен, қолдарына жалауша алып орындайды






Балалар дұрыс орындауға тырысады.















  • Балалар қалаларды атайды, картадан көрсетеді.




Балалар қалаларды атайды.






Балалар тақпақтарын айтады.




Балалар мақал-мәтелдерді айтады.







  • білімді мыңды жығады.

  • қалып айтпайды.

  • ер шығарады

  • оттан да ыстық

  • тірлік болмайды

  • қол батыр.








Балалардың жауаптары тыңдалады, тақтада құрастырылады.











Балалар қимыл-қозғалыспен орындайды








Балалар «Қазақстан», «Отан» сөздерін жолақты карточкаға текшелермен жазады, талдайды, қай дыбыс екенін ажыратып, қолдарындағы текшелердің қажеттісін оң қолмен жоғары ұстап көрсетеді.










Балалар сөздердің аудармасын айтады.










Балалар есепті шығарады, қызығушылықпен орындайды.








Балалар орталықтарға бөлінеді.

Қиялы мен қабылдауын сәйкестендіре жұмыс атқарады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі