Ақмола облысы білім
басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Көкшетау қаласының «Көктем» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорын
әдіскері
Шайханова Айша
Шегебаевна
«Рухани жаңғыру біздің
балабақшада»
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық»
Бөлімі: Көркем әдебиет, Математика негіздері,
Сурет салу, Құрастыру
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру біздің
балабақшада»
Мақсаты: "Рухани
жаңғыру" бағдарламасы Туған жерге, оның мәдениетіне, қазақ халқының
салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншіліктен көрінетін патриоттық
бағытты айқындайды. Біздің Республикамыз гүлденген, бәсекеге
қабілетті елге айналуы үшін біз өскелең ұрпақты тарихи дәстүрлерге,
туған жердің мәдениетіне, рухани мәдениетке деген құрметке
баулуымыз керек Балалардың бойында
ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімді ояту, туған жеріне деген
құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты
сіңіру. Ұлттық құндылықтарды бағалауды
үйрету.
Ұйымдастырылған оқу қызметі түрі:
Кіріктірілген
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, диалог құрастыру,
ойын,түсіндіру, қайталау.
Көрнекі-құралдар: асық, фетрадан жасалған
қималардан құралған қыран құс, сақина-білезік, ұлттық киімдер
үлгілері, сандық,
сырмақ
суреті
Билингвальді компонент:
ою-орнамент
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң,
көздерім!
Қайырлы таң
құлақтарым!
Қайырлы таң,
қолдарым!
Қайырлы таң,
аяқтарым!
Сендер
ояндыңдарма?!
Көздер
көреді,
Құлақтар
тыңдайды,
Қолдар
шапалақтайды,
Аяқтар
топылдатады?
«Ояндық»,-дейді
Ғажайып сәт: Қыран құстың
қиқулаған дыбысы шығады.
Тәрбиеші: Балалар ненің
дыбысын есітіп тұрмыз. (Балалардың
жауабы)
Экраннан қыран құстың ұшып келе жатқан бейнесін
көрсету.Қыран құстың рухани жаңғырудың эмблемасы. Рухани жаңғыру –
Болашаққа бастар жол. Рухани жаңыру туралы не ойлаймыз?(балалар
пікірлері)
Қыран құс бізге де ұшып келіпті.Қыран құсымыздың
аспанымызды қалықтап ұшуына біз көмектесемізбе? Олай болса қыран
құстың тапсырмаларын орындайық.
1 – тапсырма: (Сырғымақты ашып) «Қуыршаққа жыл
мезгіліне сәйкес ұлттық киім
киіндіру»
Мақсаты: «Ұлттық киімдер», «Ұлттық бас киімдер».
Жасалған қуыршақтарға дайындалған киімдерді (ұл және қыз) ұлттық
киімдерді жыл мезгіліне сай ажыратып киіндіру және
шешіндіру.
Балалар ұлттық киімдердің атауларын атайды,
қандай жыл мезгіліне сай киінгенін атап айтып
береді.
2 – тапсырма: «Ою-өрнек»
құрастыру
Оюлар:
( қошқармүйіз, жұлдыз, гүл, ботагөз, тарақ, балдақ, балта, омыртқа, құс қанаты
т.б.
) «Оюды
танып
айт»(ойын ұйымдастыру).(Алашадағы түс киіздегі
оюды тауып, қай бұйымдарда
қолдануын
айту).Сонымен
осы
бұйымдардың бәрін де халқымыз бір сөзбен қол өнер
түрі деп атайды.
Шарты: Әртүрлі пішіндерден қиылған қималар
арқылы ою
құрастыру. Геометриялық пішіндердің аттарын,
түстерін атау. Балалар қағаздан қиылған
оюларды қағаз бетіне жабыстырып, сол пішіннің түсін
ажыратып айтады.
Ұлттық құндылығымызды жаңғырту мақсатында «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы бойынша сәнді де сапалы ою-өрнегімізді балабақша көрмесіне қоюды
ұсынамын.
3-тапсырма: Қандай ұлттық
ойындарды білесіңдер? Балалар өздері білетін ұлттық ойындардың
атауларын атайды. Балалармен ұлттық ойын
ойнау.
Ұлттық ойын: Белбеу
соқ
Шарты: Ойыншылар екі-екіден
жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бір белбеуді алып екіншісі қууға
тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың
алдына келіп тұрады. Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі. Ойыншы
оны қуып жетіп белбеумен соғадыда, өзі де бір жұптың алдына тұра
қалады. Оның орнына келесі ойыншы шығып, ойынды жалғастыра береді.
Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз
өнерін көрсетеді.
Сергіту
сәті: Сергіту сәті: «Қара
жорға» (музыкамен) Балалар
ырғақпен қимыл жасайды.
4– тапсырма Ұлттық бұйым
«Сандықты әшекеймейміз»
Сандықты трафаретпен әшекейлеу
әдісі түсіндіріледі
Сандықтың бетіне ұлттық
ою-өрнек әшекейлерін трафаретпен бастыру әдіс-тәсілдерін меңгере
отырып жұмыс жасау арқылы және губканы пайдалана отырып әшекейлеу.
Балалар тапсырманы мұқият тыңдап, әдіст түсініп орындайды. Балалар
Ұлттық құндылығымыз жаңғырту мақсатында «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы бойынша сәнді де, сапалы шыққан сандығымызды көрмеге
қоямыз.
Қорытынды:
- Балалар бүгін ашық оқу
қызметі сендерге несімен қызық
болды?
(Балалардың
жауабы.)
Біз бүгін ұлттық тәрбиемізге
тамшыдай болса да өз ықпалымызды тигіздік деп
ойлаймыз.
- Жарайсыңдар
балалар.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу
қызметіміз ұнады ма? (Балалардың
жауабы)
Балалар бүгін біз не жасадық, не көрдік?
(Балалардың жауабы)
Күтілетін нәтиже:
- Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын қазақ
әдебиетінің, салт – дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындар
негізінде қалыптастыру
- Балалар көкірегінде қазақ елінің азаматымын,
қазақпын деген патриоттық сезімдері
ұялату