Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік – егемендіктің, дербестіктің, еркіндіктің мағынасы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлы және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Бұл еліміздің жаңа белеске көтеріліп, тың серпінмен дамуына жол ашқан тарихи жаңғырудың жарқын бастауы. Сол күннен бастап еліміз, халқымыз жаңа дәуірге бет бұрды. Біздің елге тәуелсіздік оңайлықпен келмегені тарихтан мәлім. Еліміздің жарқын болашағына деген асқақ үміт талай сынақтан өткен ата-бабаларымызды адастырмады. Бұл сезім сан қилы сынақтарда сүріндірмей, рухты көтеріп, алға жетелеп отырды. Тәуелсіз мемлекет – бақытты ұлттың, айқын болашақтың кепілі. Әлемдегі әр мемлекет үшін дербес ел болу – ең бағалы байлық. Қазақ халқы аңсаған бостандыққа жету жолы қалай басталды? Біздің ата-бабаларымыз өз елінің, жерінің дербестігі үшін ғасырлар бойы айқасып келді. Батырлар, билер мен ру басшылары халықты біріктірді. Қазақ тайпалары жеке хандық құрып, өз билігін ұйымдастырды. Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек бастаған жаңа хандық ұлттың жануына ықпал етті. Екі ханның жүргізген белсенді саясаттың нәтижесінде Қазақ хандығының жер аумағы біршама кеңейді. Елдің рухани мәдениеті, тұрмысы мен салт-дәстүрі, тарихи әдебиеті, халқы көркейе берді. Кейінгі ғасырларда қазақ халқы Ресей империясының отарлау саясатына қарсы төтеп берді. Жер мәселесі, халыққа берілген ауыр салық, ұлттың өз мәдениеті мен дәстүрін қорғау патриоттық сезімі әйгілі батырлардың ұлт-азаттық көтерілістерге шығуына алып келді. Тарихта белгілі батырлар: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы және т.б қаһармандардың іс-әрекеттері, ерлігі және намысшылдығы қазақ халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысының дәлелі болып табылады. ХХ ғасырдың басында атақты қазақ зиялылары: Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Жұбанов, Халел Досмұхамедов және т.б «Алаш Орда» ұйымының іргетасын қалаған ұлт қайраткерлері. Бұл ұйымның мақсаты – еліміздің жеке, дербес мемлекетке айналуы және ұлттық автономия жүйесін тұрақты, жүйелі түрде қамтамасыз ету болды. Қазақ зиялылары халық өз елінің мәселесін өзі шешуге, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін толық басқаруға құқылы болуды армандады. «Алаш Орда» ұжымының қайраткерлері еліміз егеменді болғаның қалады. Олар өз халқы үшін ерен еңбек қалдырып, тарихта ерекше орын алған тұлғалар. Қазақстанның тәуелсіздікке ұмтылуының басты қадамдарының бірі – желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы Алматы қаласында жастардың әміршіл-әкімшіл жүйеге, КСРО-ға қарсы көтерілісі – ең қайғылы оқиғалардың бірі. Жастардың бұл көтеріліске шығуына негізгі түрткі болған сәт – кеңес одағының басшылығы Қазақ КСР Компартиясының басына Геннадий Колбинді тағайындауы. Қазақ халқы бұл шешімді әділетсіз деп санады, олар өз ұлтының өкілін жетекшілікке лайық деп көрді. Билік жастарға қатал қатаңдықпен қысым жасады. Жас студенттер мен жұмысшыларға күш қолданып, қорқытып, кейбіреуін тұтқынға алды. Бұл оқиға туралы жеке басылымдар, газеттер, кітаптар тіпті кинофильмдер жарық көрді: «Желтоқсан» газеті (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет), «Мұзда жанған алау» кітабы (К.Тәбей), «Желтоқсан ызғары» (Т.Бейісқұлов), «Желтоқсан құрбандарын жоқтау» (Ә.Ысқақ) «Аллажар» және «Қызғыш құс» кинофильмдері (1991, реж. Т.Теменов). 1991 жылдың 12 желтоқсанында еліміздің тұнғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлық шығарды. Қазіргі таңда, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Тәуелсіз, егеменді мемлекет атандық. Мемлекеттік рәміздеріміз: Қазақстан Республикасының елтаңбасы, туы, әнұраны мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символдары. Қазақстан Республикасының әлемнің озық елдерімен қарым-қатынасы бейбітшілдікке негізделген. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты 70-тен астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Бұл халықаралық қатынастар жағынан, елдермен қарым-қатынас жағынан сенімді және жақсы екендігін дәлелдейді. Н.Ә.Назарбаевтің бастауымен Қазақстан дамуының басым бағыттары негізделген жобалар қарастырылған. Ол жобалар қатарына: «ҚАЗАҚСТАН – 2030», «ҚАЗАҚСТАН – 2050», «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, экономикалық, мәдениет, әлеуметтік және т.б. жатады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, ішкі саяси тұрақтылығын, шетел инвестициялары, инфрақұрылымы, Қазақстанның азамттарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын қарқынды өркендетуді негіз қылады. Бұл стратегиялар мен жүйелер Қазақстанның жан-жақты жетілуіне үлкен үлес қосуда. Қорытындылай келе, Тәуелсіз Қазақстан – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы. Бұл оқиғалар Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы шешуші тарихи кезеңі болып саналады. Еліміздің егеменді, азат болуы біздің ата-бабамыздың, мықты батырларымыздың, көрнекті ұлт-зиялыларымыздың, қазақ халқының арқасы. Қазіргі бейбіт өміріміз осы жандардың ерен еңбегінің жемісі. Белгілі Қазақстандық журналист, ақын, аудармашы және әдебиетші Алмат Исәділдің өлең шумақтары оқырман жүрегіне ой салып, терең әсер қалдырады:
Қазақстаным!
Бір
Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына
жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе
қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы
үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады
сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!
Төндіріп
тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан
білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның
былғаған балалық шағын,
Қариялардың
ұрлаған даналық шамын,
Замандар да
өтті-ау, жататын тоналып бағың
–
Қазақстаным!
Өмір-өзеннің
бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де
қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара
жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып
теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры
келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
Босатып
тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан
атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның
үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен
жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің
асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!
Отанға деген шынайы махаббат – халқымызды біріктірген ортақ жеңіс. Бұл сезім әрбір азаматтың жүрегінде жанып, тәуелсіздікке жету жолындағы ең үлкен күшке айналды. Сол махаббат пен ынтымақ арқылы біз бүгінгі бейбіт өмірімізді сақтап отырмыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тәуелсіз Қазақстан»

шағым қалдыра аласыз