Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырлы күн, Қонақтар және құрметті оқытушылар ұжымы мен колледж студенттері! 16 желтосқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған «Рухани жаңғыру толқынындағы Тәуелсіз Қазақстан»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы

КМҚК «Құрылыс колледжі»




«Рухани жаңғыру

толқынындағы Тәуелсіз Қазақстан»


САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:

Салтанатты іс-шараға сай акт залын безендіру. Оқу топтарының мерекелік қабырға газеттері, жалынды сөздер. «Отан», «Қазақстан», «Туған жер» туралы әуендер. Залда колледж әкімшілігі, шақырылған қонақтар және 1-3 курс (қазақ, орыс тобы) студенттері мен колледж оқытушылары. Сахна жақтан «Жаса Қазақстан» әнінің әуенімен салтанатты іс-шараны жүргізетін 2 жүргізушілері шығады.


1 жүргізуші- қазақ тілінде

2-жүргізуші- орыс тілінде

1 жүргізуші:

Қайырлы күн, Қонақтар және құрметті оқытушылар ұжымы мен колледж студенттері! 16 желтосқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған «Рухани жаңғыру толқынындағы Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер!


2 жүргізуші:

Добрый день, дорогие гости, сотрудники и студенты колледжа! Торжественный праздник, посвященный Дню Независимости Республики Казахстан, обьявляем открытым.


Қазақстан Республикасының Ән ұраны ойнайды.

Звучит Гимн РК

1-жүргізуші:

Қазақстан кемелденіп, аршындадың.

Әлемге қазіргі күй-қалпың мәлім.

Отыздық межесіне көп ұзамай,

Енерсің, осы бетпен адымдағың.


Отаным-қазақ елім, алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес отыз елдің қатарынан.

Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесіне байланысты салтанатты құттықтау сөз ...

***Құттықтаулар, марапаттар***

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-баба аңсаған армандар еді. Бүгін міне қол жетті. Әрине бұл бақыт бізге осыдан 27 жыл бұрын Алматы қаласында болған тарихи оқиға Желтоқсан оқиғасының қатысушылары қазақ жастарының рухымен келген аса зор қуаныш болды.


1-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасының қаһармандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алайық

1 минуттық үнсіздік (сағат тықылы...)


Осыдан кейін 6 студент cахнаның екі жағынан шығып қара сөзбен өлең оқиды


1-оқушы:Желтоқсан ызғары

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Жала жапты, өрен жасқа көлдей ғып.


2-оқушы: Қазақстан – Республикам менің!

Әйнегі-күн, шатыры аспан

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістен шашқан

Қазақстан – Республикам менің!

Кемуді білмес кемікті өңір

Құрсағы құтты сахара демін

Перзенті болат, қорғасын көмір

Қазақстан – Республикам менің!

Өрісте малын әндетіп баққан

Ертістің от қып толқынын жаққан

Бұлт болып аққан жұлдызды қаққан

Қазақстан – Республикам менің!

Шайқаста жаудың алқымын сыққан

Ажалға қимай намысты елін

Төлеген,Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым, қазақтың жерін

Күләш пен Роза бұлбұлдар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!


3-оқушы: Тәуелсіздік

Тәуелсіздік-жастар қаны мұздағы,

 Өрімдей жас ұлдары мен қыздары.

Өтсін мейлі жылдар жылжып, ғасырлар

Жазылмайды жүректегі сыздары.

Тәуелсіздік –жалғыз кием тәу етер,

Төгілмеді жастар қаны тым бекер.

Ерте солған, үзілген гүл бәйшешек

Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер.

Шындық іздеп шырғалаңда саспаған,

Рухы биік жастарымыз басқадан.

Азаттықтың ең алғашқы сатысы

Баспалдағы желтоқсаннан басталған.


4-оқушы: Тәуелсіздік

Қазақстан- бақытым, бағым менің,

Асқар таудай айбыным, арым менің.

Тірлігімнің тірегі- тұғырым Сен

Дархан дала байтағым, барым менің!

Қазақстан- Отаным, Атамекен;

Мақтанышпен айрықша атап өтем!

Асан қайғы секілді жердің жүзін

Жүз айналсам өзіңдей бар ма екен?!

Қазақстан -көзімнің  қарашығы,

Ұлтаралық достықтың дара шыңы.

Ынтымағы жарасқан елдің ғана

Белгілі ғой береке табатыны!


5-оқушы:Тәуелсіздік

Қазақстан - жайқалған жасыл бағым,

Арайлап атсыншы әрбір таңың.

Барлық ұлтты бауырдай  жарастырған

Ынтымақ пен бірлікте сенің бағың!

Қазақстан- дамудың белесінде,

Болу керек елудің межесінде.

Қадап айтқан кешегі қалың елге

Елбасының Жолдауы ел есінде!

Қазақстан –келешек Ғажапстан,

Қой үстінде бозторғай ұя салған,

Ғасырларды ғасырға жалғастырып

Қазақстан, жасай бер, Қазақстан!  


6-оқушы:Республикам менің

Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,

Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.

Мерейі үстем мерекең болсын құтты,

Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.

Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,

Күмбірледі күй болып шертілді үнің.

Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,

Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.

Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз,

Бүгінімен басталды ертеңіміз.

Аспаныма арайлап нұр қаптады,

Өзіңдікі өзге емес өз төріміз.

Өткен күндер өгейсіп көп тілеген,

Аласармас арманым көк тіреген.

Тілім, дінім, ділім де қайта оралған,

Өмірімнің өзегі деп білемін.

7 оқытушы- Жаңанұр Морякқызы

Тәуелсіздік – тұғыры биік мерекем,

Жасай берсін, арта берсін берекең.

Ұлықты ұл мен қылықты қыздар өскен жер,

Егемен ел деп бір өзіңді жыр етем.


Өмірде мынау, өзендей асау тасыған,

Ел емес едік жеңіліс тапсақ жасыған.

Кешегі қазақ, бүгінде азат күн кешіп,

Тәуелсіздік – жеткізді көзді осыған.


Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні,

Егемендік ұлылықтың ұлығы.

Шаңырағы биік болып қазақтың,

Қисаймасын берік болсын уығы.


Азаттығы қолында жастарының,

Көк байрағы желбіреп кең даланың.

Елбасымыз елдікті көтеруде

Қамын ойлап қарт пенен жас баланың.


Дамыған ордалардың қатарында,

Колледжіміз ерекше аталуда.

Жебедей үйірменің мүшелері,

Бүгінде сіздерден бата алуда.


Алдарыңызда қара өлеңнен мерекелік шашу шашқан «Жебе» пән үйірмесі мүшелерінің «Тұғыры биік- тәуелсіздік...» жыр тартуы.

Үйірме жетекшісі Қалиасқарова Жаңанұр Морякқызы


2 жүргізуші: (бейне жазба)

Тəуелсіздік таңы атқалы 27 жыл толыпты,
Өсіп-өніп Қазақстан 30 елдей болыпты.
Қазағымның басына, қырандай
Құдайберген бақ құсы кеп қоныпты.
Елбасымыз Əбішұлы Нұрсұлтан,

Арқау болып жеріне,
Жолдау жолдап,

Тұрады əркез еліне.
Қазағым, барым деп шіркін,
Қазақстан қане дүр сілкін.
Биылғы жылғы бағытың,
«Болашақ бағдар: рухани жаңғыруың»
Елбасы өзінің ғибратты сөзінде:

Ұлттық мемлекет болайық,
Бабалар жолын жалғап,

Сана-сезім оянып

Алдағы жылдарда қуанышты жаңалық қылайық.
Мəңгілік ел мақсатың,

керектісі ұлттық код.
Прагматизм, бəсеке,

білім басты назарың.
Атап айтқан дүниең,

болса егер қазағым.
Мыңдаған жыл əлемде,

Мəңгілік ел боласың.
Ер аға сеніп еліне, жастарға артты үмітін.
Замандас қане ұғынып, біріккін болашақ күніне .

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!!!



2-жүргізуші:

Казахстан - Родина моя!
Любимая, могучая страна.
В ней люди мирно все живут,
Красивую природу берегут.

Как повезло тебе и мне
Мы родились в такой стране,
Где люди все — одна семья,
Куда не глянь — везде друзья.

1 жүргізуші:

Қазақ елі, туған жерім жайнасын,

Көк аспанда құстар қалқып сайрасын.

Қазақстан әлемдік 30 елдің қатарынан

Қыран құстай көтерілсін, самғасын.

Қазақстан Республикам, мақтаным,

Асқар тауым, өзен, көлім, бақтарым,

Батыр бабам өлең-жырын жаттадым.

Көк байрағым асқақтайды көгімде,

Әнұраным нұр құяды көңілге

Елтаңбамнан еселеніп мерейім

Аттанамын келешекке, өмірге!


2-жүргізуші:

Казахстан - мой любимый край!

Всё, что хочешь здесь выбирай:

Есть народ здесь, в нём есть душа,

Моя Родина так хороша!

Всё что здесь - нигде не найти,

По какому ни шёл бы пути,

В этом крае краше земля

Казахстан, как люблю я тебя!

Я люблю тебя за поля

Те, что нам подарила земля,

И закаты, и звёзды в ночи,

Солнца дар - золотые лучи!

Пенье птиц тебя будет ласкать,

Лучше края тебе не сыскать.

В этом крае краше земля!

Казахстан, как люблю я тебя!



1-жүргізуші:

Қазақ елінің тәуелсіздігіне 27 жыл. Еліміз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарды. Экономикасы қарқынды жамып, заманауи прогрессивті мемлекет құрып бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық. Конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Бұл айтылған табыстар бір төбе. Ата-бабаларымыз талай шайқастармен бетпе бет келіп біз өмір сүріп жатқан кең даланы ұрпағына аманат етіп қалдырды. Ұлы далада бүгін 130 дан астам ұлттың достығы жарасып өмірлерін өркендетіп, татулықта бейбітшілікте өмір сүруде. Ел басының «Қлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді»,- деп жазады. Бұл тәуелсізҚазақстанның тарих беттері


2-жүргізуші:

Казахстан вступил в новый исторический период. Так мы дали старт двум важнейшим процессам обновления – политической реформе и модернизации экономики. Цель известна – войти в тридцатку развитых государств мира. Оба процесса имеют четкие цели и задачи, приоритеты, методы их достижения. Она не просто дополнит политическую и экономическую модернизацию - она выступит их сердцевиной. За годы Независимости нами был принят и реализован ряд крупных программ. С 2004 года была реализована программа «Мәдени мұра», направленная на восстановление историко-культурных памятников и объектов на территории Казахстана. В 2013 году мы приняли программу «Халық тарих толқынында», нам системно  собрать и изучить документы из ведущих мировых архивов, посвященные истории нашей страны. А сегодня мы должны приступить к более масштабной и фундаментальной работе. Первое условие модернизации нового типа – это сохранение своей культуры, собственного национального кода.

1-жүргізуші:

Мәңгілік ел-арманымның асқары,

Мәңілік ел-бақытымның бастауы.

Мәңгілік ел-тарихымның дастаны,

Мәңгілік ел-Нұрлы жолға бастады.


Мәңгілік ел-менің аппақ мұратым,

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік ел –нұрлы жолы қазақтың,

Бар әлемге мойындатар қуатын.


Мәңгілік ел-шежіресі даламның,

Мәңгілік ел-ақ тілеуі анамның.

Мәңгілік ел-мәңгілікке аманат,

Мәңгілік ел-Нұрлы жолы бабамның

6 Абай «Көзімнің қарасы» орындайтындар: оқытушылар қауымы

2-жүргізуші:

Президент РК Н.Назарбаев сказал: «Я вижу Казахстан страной, которая превратится в одно из тридцати самых богатых государств мира. Будущее нельзя остановить, но его можно планировать. Казахстан никогда больше не будет страной кризисов, а будет страной, где реализуются мечты».

День Независимости Казахстана 

Отметит скоро наш народ, 

Ведь 27 – срок немалый – 

Шагаем вместе мы вперёд. 

Окреп наш Казахстан за эти годы,

Расцвёл, похорошел он, как цветок. 

Свободно тут живётся всем народам, 

Добро и мир берут здесь свой исток 

Люблю страна тебя родная,

Здесь много у меня друзей, 

Гостеприимная, большая,

С любовью встретит всех гостей. 

Люблю я небо голубое 

Такого не найдёшь нигде, 

Седые горы и просторы, 

Поля цветов и степь везде. 

Желаю я стране моей 

Добра и счастья, мира, и тогда, 

Сможет народ гордиться Родиной своей 

И Родина гордиться будет им всегда!


1-жүргізуші

Достық пейіл – татулықтың тірегі.

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан

Елордамыз – Еуразия жүрегі!

Осындай еркіндікті ел тілесін,

Бақыт құсы басымызға еркін келсін.

Ал енді тәуелсіздік құтты болып,

Көк байрақ мәңгі бақи желбіресін!


2-жүргізуші.

Еще раз с праздником, дорогие преподаватели и студенты! На этом наше праздничное мероприятие в День Независимости Республики Казахстан объявляется закрытым!


1-жүргізуші:

Осымен тәуелсіздік күнінен арналған концертіміз аяқталды.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет. Мереке тағы да құтты болсын!!!

7


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2018
727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі