400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда »


Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Елжандылыққа баулып,

егемендік үшін күрескен ұлы тұлғалардың ерен ерлігін үлгі

қылып, насихаттау.

Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу

жасау.

Ата –бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз

Отанын сүюге, еліне халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тәуелсіздік жолында күрескен ұлы тұлғалардың суреттері,

ұран сөздер, бүктемелер.

Уақыты:

Өтілетін орны:

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. 16 желтоқсан мерекесіне арналған әдеби – музыкалық ашық тәрбиелік

шараның ашылуы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, келген қадамдарыңыз құтты болсын! Алдымызда еліміздің салтанатты да мерейлі мерекесі –тәуелсіздік күні келеді. Тәуелсіз ел атанып, өз алдына дербес мемлекет болу – айтар ауызға оңай көрінгенмен, біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ. Еліміздің ең атаулы мерекесі -16 желтоқсан –Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Сіздердің алдарыңызға мектеп оқушылары ұйымдастырып отырған

« Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

ІІІ. Мемлекеттік гимн орындалады.

Алғашқы сөзді мектебіміздің директоры: ................................... береміз.

Келесі мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: .................................... береміз.

1-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі-ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан бір минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.

(алдыңғы қатардағы оқушылар қолына құрбан болғандар портретін ұстату).

2-жүргізуші: Рақмет. Тарих беттерін парақтасақ, сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. АЗАТТЫҚ.ТЕҢДІК. ТӘУЕЛСІЗДІК. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

1-жүргізуші: Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Таңба –таңба тәнімнің тыртықтары,

Қатпарында қаншама сыр тықпады?

Шежіренің беттерін ашар о да,

Оқи алсаң кітаптай сүртіп қанын.

2-жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Комитетінің бар –жоғы 15 минутқа созылған пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты орнынан алып, Республикаға мүлде белгісіз біреу – Генадий Колбинді отырғызды.

1-жүргізуші: Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза –кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды.


Алмас: Желтоқсан дүр сілкінтіп жердің жүзін,

Толқытқан шер боп қатқан жүрек сызын.

Кеудесі от намыспен буырқанған,

Көшеге алып шықты ұл мен қызын.


Аружан: Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

Аружан: Жібердік еркін ат басын

Қиянат жанға батқасын

Тоқырау тоңын күйреттік

Деп «Теңдік күні батпасын »

Байрам: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты –құрбандық

Атам десең атыңдар!

Алуа: Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Бахтияр: Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

Жүрекуке жылы үміт пен ізгі ар.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

Томирис:Осылайша шоғын үрлеп намыстың,

Тіліммен де , дініммен де қауыштым.

Тарықсам да, талықсам да о мейлі,

Азаттықтан айырмасын мені ешкім.

Диана: Кез емес жаугершілік «аттан » атты,

Алланың шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Хор: « Желтоқсан желі ».

1-жүргізуші: Желтоқсан бастауы- ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

2-жүргізуші: Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.


Данияр: Желтоқсанда

Алматыда

Ақ қарда

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.

Амина: Аппақ қала

Аппақ ғалам

О,тоба!

Найзағайлар қар жалап тұр жотада.

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,

Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

Дидар: Кім көріпті о заман да бұ заман,

Найзағайды көк аязда құлаған

Кеуделерде үрей-бөрі ұлиды

Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман!







1-жүргізуші: Көрініс.

(Көшеде, алаңда ерсілі – қарсылы жүрген адамдар. Тәртіп сақшылары. Екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап, тексере бастайды. )

2-жүргізуші: Тапталмасын деп қазақтың кек-ары,

Тәуелсіз туын ұстап жоғары,

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді он алтыға небәрі.

Қаһарман қыз, ғажап қыз-

Ұрандады Ләззат қыз

Ләззат: «Жасқанбағын жауыңнан

Мадина Біз –қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз

Ел боламыз егемен

Сонда ғана азатпыз ».

1-жүргізуші: Азаптады қарақшыларп қанқұйлы

Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.

Арпалысып теңдігі үшін халқының

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

2-жүргізуші: Ел үшін ерлігімен елене

Абырой мен атағына бөлене

Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман

Ұрпағына болар мәңгі өнеге!

1-жүргізуші: Есіңе ал, есіңе ал, жас достар,

Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.

Бұл жерде жүректе мұз жатыр,

Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.

2-жүргізуші: Бұл жерден мәңгілік аттанған,

Халқының есінде сақталған.

Бұл жерде Ләззаттың қаны бар

Танкінің астында тапталған!

( Осы жерде Ләззаттың анасы келеді. Бейітке гүл қойып, құшақтап жылайды ).

Анасы: Желтоқсанның анаға,

Камшат Ызғары көп құлыным!

Намыстан өлген қазақтың,

Қыздары көп құлыным!

Заманыңа қайқайып,

Қарсы тұрған боташым!

Алтын сақа асықтай,

Алшы тұрған боташым!

Дәл өзіңдей қыз тапқан,

Менде арман бар ма екен!

Қайтейін құдай, қайтейін?!

Қайтейін құдай, қайтейін?!

1-жүргізуші: Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,

Туып – өскен Ақжазыққа қона алмадың.

Шілде айы туған күнің екен сенің,

Ол күннің қонағы болып келе алмадың.

Аружан: Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғаға билік алған күн.

Айым: Нашақор деп ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Самал: Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Диана: Қариялар итке таланып,

Ер басына күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Темірлан

Нұрай: Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды-ау жанын батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

2-жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндіріп, дүниежүзінің назарын өзіне қаратқан желтоқсан ызғары – жылдар бойғы арман мен тәуелсіздіктің алғашқы қайнар көзі болды.

1-жүргізуші: Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болғаны белгілі.

Арайлым: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Егеменді ел болды.

Темірлан: Төл теңгесін шығарды. Ата заңын қабылдады. Мемлекеттік рәміздерін белгіледі.

Мирас: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды. (Елбасы портреті көрсетіліп тұрады).

Тоқсан бірде президентті сайладық,

Еркіндікке белді бекем байладық.

Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,

Тілек айтып шаттық тойын тойладық.

Хор: Тәуелсіз Қазақстан.

2-жүргізуші: Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан Желтоқсан оқиғасы, ондағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор» деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы М.Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991 жылы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 желтоқсанды « ҚР –ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы » Республика Президентінің Жарлығы шықты.

Рамира: Өзіңдікі –еліңде,

Өзіңдікі –жеріңде,

Өзіңді сезін бақытты,

Тәуелсіздік төрінде.

Әдемі: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Айзат: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Алуа: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

Әдемі: Аққан судай зымырады ғасырлар,

Көк аспанда жарқ-жұрқ етіп жалындар.

Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер.

Бел-белестер қилы-қилы асулар.

Хор: Атамекен.

Гүлнұр: Егемендік иесі – мен деген сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған.

Көркем жігіт болып өссе көген көз,

Мінбелерден айбарланып сөз алған.

Көрініс.

Алаң. Құлпытас жаны. М.Шаханов, қыз, жігіт, ана.

Жігіт (Әділет) Алматыға жолым түсіп келе қалсам, мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде, денем түршігіп, шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасиетті де, қасіретті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де барғам.

Қыз (Жадыра): Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.

Ақтық сөзің, арманың хатта қалды,

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды.

Қайрат, Қайрат сен мені естимісің? (гүл шоқтарын қояды).


М.Шаханов(Жандос): Иә, дұрыс айтасыңдар!

Әр дәуірдің еркіне сай, нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

(ортаға ана шығады).

Ана (Арайлым):

Иә, айналайын, балапандарым.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – Егеменді Тәуелсіз қазақ мемлекеті. Бүгінде қазақ халқы өзінің көптеген арманына жетті.

1-жүргізуші: Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз өнер-білім, мәдениет пен ғылымның ордасына Тәуелсіз ел екендігімізді, ең алдымен, өзіміз ескеріп, өзіміз мақтан ете білуіміз керек. Осы сәтті пайдаланып, «Жас ұлан» оқушы жастар ұйымының жұмысына байланысты сөз кезегін, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжан Руслан Жұмабайұлына береміз.

2-жүргізуші: Сіздерді құттықтай отырып қазақ биін тамашалауға шақырамыз!

Қазақ биі.

1-жүргізуші:

Тәуелсіз ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі ләйім атың.

Ата-баба қанымен келген бізге.

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме,

Қорғап сені өтемін өле-өлгенше.

Мақтанамын әлемге МЕН АЗАТПЫН!

2-жүргізуші: Өмірімізді, өзімізді көріп,

1-жүргізуші: Әнімізді, жырымызды тыңдап,

2-жүргізуші: Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,

1-жүргізуші: Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

Барлық оқушылар: БҰЛ «ҚАЗАҚ» ДЕЙДІ!

Барлық жүргізушілер:

БІЗ ҚАЗАҚПЫЗ!

ЕСІГІ АШЫҚ ТӨРІ КЕҢ,

ЖЫЛАП ӨТТІК ЖЫЛДАР ӨМІР ӨРІНЕН.

ЖЕТЕР ЕНДІ, ЖЕЛПІНЕЙІК, ҚАРАЙЫҚ,

МЫНА ӨМІРГЕ ИЕГЕРДІҢ КӨЗІМЕН! Ән: «Қазақ елі осындай!»

Мұғалім: Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілеймін. Айымыз оңымыздан тусын, ағайын! Осымен бүгінгі « Тәуелсіздік жаңа ғасырда » атты концерттік бағдарламамыз аяқталды. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға көп рақмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
2003
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі