Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- білімді жастардың қолында

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- білімді жастардың қолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімді ел – болашағы жарқын ел Білімді жастар – еңселі ел ертеңі Ел ертеңі-білімді жастар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- білімді жастардың қолында

Қазір 21 ғасыр. Қазақстан тәуелсіздігін алғанына биыл 34 жыл. Қазіргі заман біз білетіндей ғылым,білім және технология заманы. Ал білім және технология қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Елдің дамуы оның табиғи байлығымен емес, білімді адамының көптігімен белгіленеді .Қазақстанның болашағы да дәл осы факторға байланысты. Біздің мемлекетіміз жастарды қолдау үшін түрлі бағдарламаларды іске асыруда. Нақтылай айтып кететін болсақ : «Серпін-2050» жобасы арқылы мыңдаған жас өзге өңірлерде тегін білім алуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық жерлерге білімді мамандарды тартуға мүмкіндік берді. «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві» секілді жобалар жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасайды. Мұның бәрі білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған нақты дәлелдер.

Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген . Бұл сөзден түсінетініміз , тек білімді болу жеткіліксіз, ол адамгершілікпен, парасаттылықпен ұштасуы тиіс. Ал Жүсіп Баласағұни «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білімді адам елдің тірегі екенін айтқан. Қазақ халқының да ежелгі даналығы «Білімді ел – болашағы жарқын ел» деп бекерге айтпаған болар.

Тәуелсіз Қазақстанда жастарға үлкен сенім мен үміт артылып отыр. Жастар – тек оқушы немесе студент қана емес, олар – болашақ ұстаздар, дәрігерлер, ғалымдар, технологтар, саясаткерлер. Олардың әрқайсысы өз саласында табысты болса, еліміз де дамыған мемлекеттер қатарынан көрінеді.Еліміздің экономикалық жағынан дамуына үлес қосады. Білімді жастар жаңа технологияны меңгеріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды сақтап, әлемдік аренада елдің намысын қорғай алады. Әлемдік білім беру рейтингтеріненегіздесек,Қазақстан жастардың ғылым мен инновацияға қызығушылығын арттыру мақсатынд ахалықаралық олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жобаларына жоғары назар аударады.Әр жылы мыңдаған жас грант иегері аталып, білімін шетелдердің жетекші университеттерінде жалғастыруда. Бұл – болашақта еліміздің танымал әлеуетін көтеретін елеуліқ адам.

Ал жастар арасындағы жұмыс мәселесіне келетін болсақ, соңғы бес жылда Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыспен қамту деңгейі біраз өзгерістерге ұшыраған болатын . 2019 жылы жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, кейбір аймақтарда жұмыссыздық деңгейі жоғары болып қала берді. 2020 жылы Covid пандемиясына байланысты жағдай күрт қиындап, жастар арасында жұмыссыздық өсті, көптеген жас мамандар еңбек нарығына бейімделуде қиындықтарға тап болды. Бұл кезеңде уақытша жұмыс орындары азайып, тұрақсыз жұмыспен қамтылу кең орын алды.

2021 жылы экономиканың біртіндеп қалпына келуімен қоса жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі де жақсара бастады. Жаңа салаларда, әсіресе ақпараттық технологиялар, онлайн-бизнес пен қызмет көрсету бағытында жұмыс орындары ашылды. 2022 жылы мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жастарды кәсіпкерлікке тарту, қысқа мерзімді курстар мен гранттар беру арқылы олардың еңбек нарығындағы үлесі артты.

2023 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді, алайда ауылдық аймақтарда еңбекке орналастыру әлі де өзекті мәселе болып қала берді. 2024 жылы еңбек нарығында цифрландыру мен жасанды интеллект саласының дамуы жастарға жаңа мүмкіндіктер беріп, әсіресе жоғары білімі бар жас мамандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші айтарлықтай өсті. Мемлекет жастарға жан-жақты жағдай жасау арқылы олардың әлеуетін арттыруды және қоғам өміріндегі белсенділігін көтеруді мақсат етеді.Нақтырақ:

  1. білім беру саласындағы қолдау.

  2. жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту.

  3. жастардың шығармашылық және спорт саласындағы мүмкіндіктерін ұлғайту және қаржыландыру

  4. тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қазақстанда жастардың ІТ саласына бейімделуі үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасыжүзегеасырылады.Astana Hub сияқты халықаралық технопарктерде жастардың стартаптарыжәрдемалады.

Мысал: 2023 жылы Astana Hub-та 800-ден астам ІТ-жобажарияланып,олардыңішіненжастар жетекшілік еткен стартаптаререкшеназараударылды.

Мемлекет жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін шәкіртақы көлемін жыл сайын өсіріп отыр.

2023 жылдан бастап бакалавриат стипендиясы 20%-ға көбейтілді, бұл да жастарға мемлекет тарапынан жасалған нақты көмек.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңа спорт кешендері, университеттік жатақханалар жанынан фитнес залдары салынып жатыр.

2022 жылы республика бойынша 120-дан астам жаңа спорт нысаны жастардың пайдалануына берілген

Қорыта айтқанда, жастар – елдің болашағы мен қозғаушы күші. Қазір мемлекет жастардың барлық жағдайын жасап жатыр: сапалы білім алуға, жұмыспен қамтылуға, кәсіп ашуға және шығармашылықпен айналысуға, пәтерлі болуға кең мүмкіндіктер бар. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен стартап жобаларға қолдау – олардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жол ашады.

Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Мен жастарға сенемін». Бұл сенім – ұлттың болашағына деген сенім. Жастарға сенім артып қана қоймай, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың арқасында Қазақстанды алға жетелейтін білімді, еңбекқор, отансүйгіш буын қалыптасып келеді.


Білімді ел – болашағы жарқын ел

Білімді жастар – еңселі ел ертеңі

Ел ертеңі-білімді жастар


Shape1






Shape2














Shape3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі