400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздігім - тұғырым" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай "Тәуелсіздігім - тұғырым" атты мерекелік ертеңгілік. Мақсаты: 1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақтарды жатқа айтуға үйрету. 2) Балалардың тіл байлығын ой - өрісін,сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. 3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге,сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік


Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру.
Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері:
Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру.
Отан туралы тақпақтарды жатқа айтуға үйрету.
2) Балалардың тіл байлығын ой - өрісін,сөзді байланыстырып сөйлеу
қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге,сүюге тәрбиелеу.


Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар топқа кіреді.


Тәрбиеші: Қайырлы күн , балалар!

Тәрбиеші:Отыз жыл бұрын 1991ж.  16-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мемлекетіміздің өз заңы, өз елбасы, өз рәміздері бар. Бұл еліміздің Тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.  Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.

Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған.

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернер жүректі.


-Әнұранды орындау.

Балалар орындыққа отырады.


Тәрбиеші:

Бақытым Республикам Қазақстан

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан

Саған жетпес құшағы әлемнің де

Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.

Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.


Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Нұр-Сұлтан қаласы.

Жақсы балалар.

Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ балаларының орындауында Топ балаларының орындауында «Мен қазақпын» биін қабыл алыныздар.

биін қабыл алыңыздар!


Би «Мен қазақпын»


Айсұлтан. Егемендік алдық сізбенен, Ата-бабам іздеген, Көк байрағым желбіреп, Танылдық елге жүздеген.

Рамазан. Құт, береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Аяла. Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

Бақнұр. Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.

Әділет. Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

«Достық» әнін тамашалаңыздар! 


Азим. Елтанбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!

Аида. Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында! 

Медина.

Отанды жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Отан деген – Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан – Ана,
Отан – үлкен,
Қазақстан - туған ел!


Әбдуәли. Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,

Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен

Тәуелсіз Қазақстан елім менің.


Тәрбиеші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер, Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер. Көкорай белестері мақпал кілем, Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.


Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 


Тәрбиеші:

Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз –аман , жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі