«Тәуелсіздігім- тәңірден келген тәтті сый»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздігім- тәңірден келген тәтті сый»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздігім- тәңірден келген тәтті сый»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздігім- тәңірден келген тәтті сый»

Армысың балабақша қауымдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін бүлдіршіндер сайысады - деп, бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған патриоттық әндер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келдіңіздер!

Сайыс шартымен тыныстырып өтейік: сайыс кезеңдері 5 ұпай бойынша бағаланады, байқау 3 кезеңнен тұрады:
1. «Жезтаңдай әншілер»
әуенімен әнді ырғағына сай орындау.
2. «Жыр – кемені» өлең жолдарын нақышына сай, мәнерлеп оқу.
3. «Қызыл тіл шешендері» мақал-мәтелдер сайысы.
Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
*
*
*

Ендеше 1 – кезең: «Жезтаңдай әншілер»

Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан- демекші ортаға бірінші болып «Болашақ» тобын «Жас ұландар» әнімен қарсы алайық.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті «Балбөбек» тобына берсек қайтеді?

Ия, «Балбөбек» тобының орындаушыларын «Сапқа тұр» әнімен қарсы алайық!
Балбөбек» тобы бәрекелді, әнді тамаша орындадыңдар!

Біз сендерге тек сәттілік тілейміз!
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ, – деп, келесі кезек «Айгөлек» тобына келді.

Бүліршіндеріндерімізді «Елтаңбасы елімнің» әнімен қарсы алайық!
«Керуен» тобы жарайсыңдар, сендерге де сәттілік тілейміз! Маған өте ұнады.
Әннің әсері де әр қилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті «Қазақстан» әнін орындайтын «Балауса»тобына кезек береміз. Қошеметпен қарсы алайық балалар!

«Сұнқар» тобы бәрекелді, әнді жақсы орындадыңдар, бізге қатты ұнады. Өнерлерің үстем болсын!
- апай, енді біздің ең кішкентай бүлдіршіндеріміз «Шұғыла» тобына кезек берсек қайтеді?

: - Ия, дұрыс айтасын Жігер! Ортаға «Достық» әнімен «Шұғыла» тобын қарсы алайық!

Жарайсыңдар тап-татті құлыншақтар! Өнерлерің үстем болсын!

Жүргізуші:

Ал, көрермен ықыласпен демейік,
Балалардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен мәнеріне қарап біз,
Әділ бағаларын берейік.
Ендігі екінші кезеңде бүлдіршіндеріміздің «Жыр кемені»атты мәнерлеп оқу сайысын бастайық.

Бала жүргізуші: ортаға «Болащақ» тобын шақырайық!
Рақмет, өнерлерің үстем болсын!

Бойыңда «Балбөбектің» от бар екенін байқадым,
Жүрегіңде шоқ бар екенін байқадым. Ендеше «Балбөбек» тобының шоқтай жанған жас шешендерін шақырайық!


Жігер: Рақмет! Өте тамаша!


Қуанып кіші- үлкеніміз де,
Саламыз шаттық әнге бәріміз де.
«Керуен» тобы ортамызда,

Арнайды өлең жолдарын бәрімізге!
ортада «Керуен» тобы өз өнерін көрсетеді.

«Керуен» тобы біз сендерді өнердің биік шыңдарынан көрейік.

«Бап шаппайды, бақ шабады»деп бағын сынауға келген «Балауса» тобын ортаға шақырайық.

Бәрекелді, «Балауса» тобы жарадыңдар! Рақмет!

Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бүлдіршіндер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық - деп келесі кезекте «Шұғыла» тобын шақырайық.

Рақмет, сендерге бүлдіршіндер!
-кезеңіміз- «Қызыл тіл шешендері» мақал-мәтелдер сайысы. Балалар жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Мақал-мәтел - адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше алғашқы «Болашақ» тобына сөз берейік.

! Өнерлерін үстем болсын!

Ой, арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Бүгінгі мақал-мәтел сайысында
Өлең сырын шешеміз,- деп «Балбөбек» тобының ұл - қыздарын қарсы алайық.

: Рақмет! Өнерлерін үстем болсын!


Құрметті балалар!
Ортаға назар салыңдар.
«Керуен» тобы келеді,
Қол соғып қарсы алыңдар.
Ортаға «Керуен» тобын шақырамыз.

Рақмет!

Өлеңмен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талап пен анықтадың .
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаным-деп ортаға «Балауса» тобын ортаға шақырамыз.

Рақмет!

соңғы жүктің жүгі ауыр- деп ортаға «Шұғыла» тобын шақырайық.

Дегенменде жарайсыңдар! Өнерлерің үстем болсын»

Кім өнерлі, бұл кеште үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ қазы алқасы атыңды ақта
Жұлдыздарға арман мен бақыт жолда- деп әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша
«Жаса қазығым» әнімен Ерзат пен Қымбатты қарсы алайық!

Күнде жиын бола бермес дәл осындай
Күн сайын өркендейміз өзгереміз
Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділ-қазыға сөз береміз.

(Марапаттау)


Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектер мен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды байқауымыз.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Қош сау болыңыздар!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2025
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі