«Тәуелсіздігім-туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздігім-туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған жаныма жақын, құлағыма жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. «Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғаған ұлан ғайыр жер біздің асыл қазынамыз. Қаншама зұлматты замандар өтіп, қиын-қыстау кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққан сайын адамзаттың ақылы жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздігім-туыммен тұғырлы,елтаңбаммен еңселі»

Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.

Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық,

еңсесі түскен елді қайыра түлетіп,

қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев



Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған  жаныма жақын, құлағыма жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. «Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен  танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғаған ұлан ғайыр жер біздің асыл қазынамыз. Қаншама зұлматты замандар өтіп, қиын-қыстау кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққан сайын адамзаттың ақылы жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой. Алайда, аштық, соғыс, талас-тартыстардан  әбден азайып, әлсіреген ұлтымызды соңында орыстар отар етті. Қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заманды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы адыра қалып, «отыр»  деді отырдық, «соғыс»  деді соғыстық, бұйрығына бағындық. Амал нешік... Отар болдық екен деп қазақтың қанында қайсарлық өшкен жоқ, күш-қуат азайған жоқ. Есімізге түсірсек, сонау майдан даласында да өзінің өжеттігін көрсеткен қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүк, қайратты жігіттері Бауыржан мен Қасымдар естен кетпес кешегі шындық, бүгінгі аңыз! Соғыс бітіп, жеңіс келіп сүйіндік, алайда, сүйініш ұзаққа созылмастан қазақтың басшылығына орыс келетінін естіген ел тыныштала алмады. Кешегі саф алтын рухты «сақтың» ұрпағы ұрандап тағы да алаңға шықты. Асан қайғы бабамыз іздеген жерұйықты армандаған жастардың арманына ешкім тосқауыл қоя алмады, қырылды, тартысты, қан төкті, жан берді, түбінде азаттыққа қол жеткізді. Бабаның арманын бала орындап – Қазақстан Республикасы болып, өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайладық.

Біз –бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын,  жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.

Әлем картасының бетін ашқанда тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыз күн санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кірді. Балаларға әжелері айтатын кешегі «Ер Төстік» сияқты еліміз күн санап жетіліп, туын, елтаңбасын, әнұранын, ата заңы мен теңгесін енгізіп, тәуелсіздік тұғырында еліміздің астанасы жаңа Астана қаласы бой көтерді. Тұңғыш Президентіміздің құрметіне Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп атады.Аздаған жыл ішінде Азияда, Саммит т.б үлкен іс-шаралар өткізіп жер шары халқының мойнын өзіне бұрғызды. 70 жыл отарға дейін Алласынан жаңылмаған, дәстүрінен шатаспаған, тілін шұбарламаған ұлтымыз, тәуелсіздік таңдарында қазақ тілінің мәртебесін де көтеріп келеді. Тәуелсіз еліміздің осындай жетістіктері мына біздер сияқты, жас ұрпаққа ұмытылмас тарих екені сөзсіз.

Елінің тәуелсіздігін аңсап өткен ата-бабаларымыз басынан нені өткермеді? Қандай қиыншылықтар көрмеді? Оған бабаларым жүріп өткен тарих беттері куә... Сөзім дәйекті болу үшін елбасының сөзінен мысал келтіргім келеді: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды». Біз – бақытты ұрпақпыз...Олай дейтін себебім, тәуелсіздік алғанына 29 жыл ғана болған жас мемлекетіміз аяғынан нық тұрды. Өзімен үзеңгілес елдердің алды, бүгінде Қазақстан атты мемлекетпен алпауыт елдер саяси тұрғыдан  санасатын болды. Егер тәуелсіздігіміздің тұғырын шайқалтпай, бірлікті ту етіп, елімнің дамуына қолымыздан келгенше үлес қосатын болсақ, әлі де алар асуымыз алда, бағындырар белесіміз биік болатынына сене аламын.

Біз тәуелсіз, азат елміз, біз Мәңгілік елміз!  Тәуелсіздігіміздің 29 жыл бойы басынан өткерген жетістіктеріне қуана отырып, біз қазақпыз, мен қазақпын!-дегім келеді. Қазақ болып туылғаныма әрқашан мақтанамын. Тілім - туым, жерім – жақұтым, дәстүрім байлығым, елім – бабамнан қалған асыл мұрам. Сол мұраны көзімнің қарашығындай қорғау менің және бүкіл қазақтың азаматтары мен азаматшаларының қасиетті борышы. «Бос жатқан жер жау шақырады» дейді қазақтың көреген мақалдарында. Ендігі біздің міндет-кең байтақ жерімізге көз тігіп, тартып алмаса да арамызға іріткі салып, дініміз бен тілімізден шатастырып, елімізге егелік еткісі келгендерге, семсерсіз соғыс заманында қарсы тұратын жалғыз қаруымыз бар, ол - отанымызға деген махаббат, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, тарихымызды, тіліміз бен дінімізді  ұмытпай қастерлеу мен бірлігімізді жоғалтпау болып табылады. Мәңгілік ел болуы үшін өткенімізді қастерлеп болашаққа жеткізуіміз керек. Ол - біздің парыз. Жаратқаннан басқа жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Жер шары барда, тәуелсіз қазақ елі мен қазақ тілі мәңгілікке жасай берсін! Мен өз ойымды мына жыр шумақтарымен түйіндегім келеді.

Еліміздің елдігін ұлтын сақтап,

Бабалардың арманын  іске ақтап.

Тәуелсіз ел болғалы арман бар ма?

Жиырма тоғызға толғанын айтсақ мақтап.

 

Қазақтармыз, тәуелсіз қазақтармыз!

Қазақ деген халықпыз, ғажаптармыз!

Кешегі алыптардың даналығын,

Біз ұрпақ боп қолдаймыз, азат жанбыз!

 

Тәуелсіздік –бақытымыз, жемісіміз!

Тәуелсіздік – мақтан етер жеңісіміз!

Кеудемде жаным барда айта аламын,

Қазақ халқы әр қырынан тең істіміз!

 

Тәуелсіздік таңы мәңгі шарықтасын!

Азат елдің туы биік қалықтасын!

Қайда жүрсек мақтанышпен айта алатын,

Қазақ елі тек биікте шарықтасын!

 

Тәуелсіздік өшпестей із қалдырды.

Жаны жайсаң  қазақты нұрландырды.

Жетпеген соң бұл азаттық оңай жолмен,

Ақын көніл мына маған жыр жаздырды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
1220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі