400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
өзімді жақсы жағынан жария етуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елбасымыз ел тірегі» 



 Құрметті бүлдіршіндер,  бүгін біз үшін ерекше күн.

Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып  Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз.  Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың саясаты екенін мақтанышпен  атаймыз! 

 Әнұран.

Шаттық шеңбері

«Жылы лебіздер»

Балалар бәрі бірге айтады:

-Қазақстанымыз жайнай берсін!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Отбасымыз аман болсын!

- Бейбітшілік болсын!

-Қазақсанымыз гүлдене берсін!

-Балабақшамыз көркейе берсін!

-Болашағымыз жарқын болсын!

-Тәуелсіздік құтты болсын!

- Елбасымыз аман болсын! Елбасы туралы тақпақтарды тыңдайық

Асылхан

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Нурислам

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Қымбатты балалар,

Сендер, бақытты заманның бақытты балаларысыңдар. Қазақ  елі өз тұңғыш Президентін сайлады.

Бейбіт ел көгінде  Елбасымыздың өзі мәтінін жазған Гимніміз  шарықтап,

Көк байрағымыз қалықтады,

Елтаңбамыз бар мемлекет атандық.

Міне осы бағытта мен сізге сұрақтар дайындаған болатынмын. Кәне, тыңдап көрейік.

1.Қазақстанның тұңғыш Президентінің аты – жөні кім?

2. ҚР рәміздерді атайық?

3. Әнұранның авторы кім?

4. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

5. Бәйтерек қай қалада орналасқан?

6. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Ән.  «Отан- ана»  

ҚР рәміздері туралы тақпақтарымызды тыңдайық

Елтаңбам

Нұр шашқан күн-Шаңырақ,

Жұлдыз- Темірқазықтай. Альбина

Қанатты қос арғымақ-

Бастан кешкен тарихтай.


Көмкерілген өрнекпен Сезім

«Қазақстан» тұр аты.

Көп күреспен қол жеткен

Елтаңбам-ел мұраты.

Көк туым

Аспанымдай көк туым, Алібек Тудан нұрын төкті күн.

Қанат қақтық қырандай

Тәуелсіз ел боп бүгін...


Туда ұлттық өрнегім- Асылтас

Өнерім ғой ол менің.

Қандай бақыт көгімнен

Өз туымды көргенім.


Қазақстан байрағы

Көк байрақтың бетінде Алиқан

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.


Рәміздерім- елдігімнің белгісі, Айдана

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім- әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Ойын: «Рәміздерді құрастыр»Қазақ елі  туралы тақпақтар тыңдайық

Қазақ жері- Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан. Азамат

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен –Қазақстан.



Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан. Асхат

Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.


Ән.  «Қазақстаным Отаным

Ойын «Қазақстанның қалаларын ата?»

Мақал- мәтелдер:

1.Отан- елдің анасы,

Ел- ердің анасы.

2.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


3.Отанды сүю отбасынан басталады.


4.Отан оттан да ыстық.

5.Ел іші-алтын бесік.

 Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ  ұшан- теңіз даласы бар,  аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып,  жасарып, бой түзеп,  қазақ елінің бас қаласы атанған бұл- Астана.

 Астана –тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша бөбектер  Елбасымызға сәбилік жүректен  ақ тілегімізді арнайық!: Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы , біздің сүйікті атамызСізге мықты денсаулық, алаңсыз тірлік тілейміз.

Ел  болашағы үшін ұзақ, бақытты  өмір сүріңіз!    

Осымен біздің ертеңгіліміз аяқталды, назарларыңызға рақмет!




























































Мерекелік ертеңгілік:

«Төрлет,құтты Жаңа жыл» 































Өткізген: Касенова.Б.К







2018-2019 о.қ.ж.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі