400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіэдік» 2 сынып

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: слайд, плакаттар,видеоролик

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол. 

Көрініс:

-Ақырын басып бір қарт әжей шығады.Орындыққа демалып отырады.Осы кезде жүгіріп немересі шығады.

Немересі: (Айсұлтан)

-Әже,не ойлап отырсыз?

Әжесі:

Ә,балам әжең не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды,еліміздің болашағын ойлаймын,өткен өмір жайлы ойлаймын,қуанамын!

Немересі: (Айсұлтан)

-Әже, « Өткен өмір» деген не?

Әжесі:

-Ә,балам өткен өмір деген,ата-бабаларымыздың өткен өмір жолы,тарихы емес пе?

Немересі: (Айсұлтан)

-Ал,ол қандай болған?

Видеоролик: (1991 жылы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні! )



Әжесі:

-балам,тәуелсіз ел болдық деп жатырмызғой.Ал оған қаншама қиыншылықпен жеттік.Ал,ол қиыншылықтың жаңағы бір ғана сәті.Сондықтан,балам сен де өз тарихыңды білуге тиістісің.

Немересі: (Айсұлтан)

-Әже, «Егемендік»- деген не осы?

Әжесі:

-Айналайын,балам,бүгін өзің оқитын мектебіңде той болғалы жатыр.Соған барып қатыссаң,бәрін түсінесің. Бара ғой,балам,бара ғой.

Хор (Біз Отанның ұланымыз)

О.Карима:

Елімнің атын айтсам-Қазақстан

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам-Қазақстан!

Бексұлтан:

Біз намыскер қазақ елі ұланымыз

Қорғайтын жерімізді-қыранымыз

«Талап,еңбек,терең ой,қанағат қыл,

Рақым ет»-деп Абай айтқан-ұранымыз.

Мансұр:

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан

Келешегі кең өрісті, кемелді,

Жайна мәңгі Қазақстан-гүлстан!

Даяна:

Сүйем сені қасиетті мекенім ,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін!



Ахметжан:

Абай туған,Сәкен туған

Құрметте,достым,қазақ жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан-Республикам менің

Би (ұлдар)

А.Карима:

Біздің мемлекетіміз кең байтақ.Елімізді ірі,әсем,жері пайдалы қазбаларға толы қалалар көп.Қазір сол қалаларымыз туралы айтайық.

1.Абылай :Алматы-жері жайсаң қала әрі облыс

2.Нәби: Ақтөбенің ақ тарысы мол ырыс

3.Али: Атырау-мол Қазақстан мұнайы

4.Ж.Амир: Тараз-жайлау,шұрайлы,қазыналы

5.Салим: Жезқазған-кен бұзылмаған қаймағы

6.Нұрали: Көкшетаудың көп көгілдір аймағы

7.Мансұр: Қарағанды-қара алтынның қоймасы

8.Пынар: Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы

9.Камила: Қызылорда-күрішті Сыр ағасы

10.Бексұлтан: Өскемен-өз шығысты Алтайы

11.Мағжан: Керекуім-қара Ертістің саясы

12.Ахметжан: Қызылжар-солтүстігім орманды

13.Дәмелі: Семей-аңыз Шыңғыстаудай қорғанды

14.О.Карима: Талдықорған-жер жаннаты,көп бағы

15.Адият: Шымкент-ыстық оңтүстік мақталы

16. Айсұлтан:Астана-ол Отанымның жүрегі,елімнің бас қаласы.

Ән (Здравствуй столица)

Мағжан:

Отаным,кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды

Бақыттың,шаттықтың мекені

Қолдаймыз,қорғаймыз Отанды

Ж.Амир:

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

Адият:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

Т.Амир:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

Дәмелі

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Дания:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.



А.Карима: Т – білдіреді теңдікті,

Дания: Ә — әдептілік, әлдікті.

Камила: У – уайымсыз уақытты,

Минура: Е – егемендік елдікті

Даяна: Л – дейді лайық адал бол

Нәби: С – сенімділік секілді ең,

Айсұлтан: І – ілтипат пен ізет қой,

Мағжан: З – зиялылық тілек қой.

Бексұлтан: Д – шақырады достыққа,

Нұрали: І –ізгілікке,бірлікке

О.Карима: К – дейді Күн бол көктегі

Би (қыздар)

Жылдар хронологиясы

1991 жыл Даяна

«ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды

1992 жыл Минура

Мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді

1993 жыл Салим

ҚР Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді

1994 жыл Адият

НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасының 19-шы мүше-мемлекеті атанды

1995 жыл О.Карима

«ҚР жаңа Конституция қабылданды;

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды

1996 жыл Ж.Амир

Қазақстан ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу шартына қол қойды

1997 жыл Ахметжан

«Қазақстан-2030» стратегиясы - ұлттың ұлы мақсаттары межеленген жыл»

1998 жыл Т.Али

ҚР елордасы Астана қаласы болып белгіленді

1999 жыл Нұрали

ҚР халқының тұңғыш ұлттық санағы жүргізілді

2000 жыл

Қазақстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шартқа қол қойды

Ән: Гитара аспабымен Ж.Амирдің орындауында «Линкин парк»

2001 жыл Абылай

«ХХІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды»

2002 жыл Дания

Денсаулық жылы

2003 жыл Бексұлтан

Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші Құрылтайы болды

2004 жыл

ҚР электронды үкіметін құру туралы елбасының жарлығы шықты

2005 жыл Нәби

ШЫҰ отырыс өтті

«Менің Қазақстаным» атты жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді

2007 жыл Мағжан

Мемлекеттік ТІЛ жылы

2008 жыл Камила

Елордамыз – Астананың 10 жылдығы атап өтілді

2009 жыл А.Карима

«Жүз нақты қадам» бағдарламасы бастауын алды

2010 жыл Дәмелі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Саммиті өтті (ЕҚЫҰ).Саммиттің төрағасы біздің ел болды. 

Бексұлтан мен Ахметжан:

Дәулеткерейдің Күйі «Желдірме»

Астана және Алматы қалаларында ҮІІ қысқы Азия ойындары өтті

2012 жыл Мансұр

Астана ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін өткен бәсекеде жеңіске жетті

2013 жыл Айсұлтан

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды

2014 жыл Т.Амир

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау жариялады

2015 жыл Пынар

«Қазақ хандығына 550 жыл»

2016жыл.

Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада өтті



Хор (Жаса Қазақстан)

Қорытынды: Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік» атты ашық сабағымызды осымен аяқтаймыз.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі