Тәуелсіздік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тақырыбына арналған тәрбие жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп 6 ж сынып 13.12.2024

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

(Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)

Сценарий


Тәрбие сағат тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Жүргізуші Алдияр: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші Амина: Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Осынау ұлы күнге жету жолында халқымыз қаншама қиындықтарды бастан кешірді.

Қазақ халқы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында өзінің еркіндікке деген құштарлығын, азаттыққа деген ұмтылысын бүкіл әлемге паш етті. Міне, сол ерліктерінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші Алдияр: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы осы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Ән: «Қанекей тілім сөйлеші» Орындайтын Есенғали Айсезім

Жүргізуші Алдияр:

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Әлқисса» күйі. Орындайтын: Асхатұлы Мақсат


Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі» Орындайтын: Мелина, Әдемі, Аяулым, Інжу, Айару


Жүргізуші Амина:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де қазақ халқы ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.


Хор: «Көк тудың желбірегені» Орындайтын: 6 ж сынып оқушылары


Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Қайырмасы:

Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
Жан-жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.


Жүргізуші Алдияр:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарына сөз береміз


Алихан

Тәуелсiзбiн!
Тәуелсiзбiн мен бүгiн.
Келдi, мiне, азаттығым, теңдiгiм.
Бостандықта байлығым мен елдiгiм.
Шешiл ендi, шермен болған шерлi үнiм!
Қарсы қарап қатал мынау заманға,
Айналдық бiз қайтпас, қайсар қамалға.
Алды бүгiн тәуелсiздiк тау, тасым,
Орман,көлiм,далам менен балам да!
Жаным менiң,
қаным менiң тәуелсiз.
Арым менiң,
жарым менiң тәуелсiз.
Заңым менiң,бағым менiң тәуелсiз.
Әнiм менiң,дәнiм менiң тәуелсiз.

Ибрахим

Тәуелсiзбiн –
өзiме өзiм жыр-аймын.
Тәуелсiзбiн –
нұры сынды күн, айдың.
Құласам да емiн-еркiн құлаймын,
Жыласам да емiн-еркiн жылаймын.
Тәуелсiзбiн! –
танып тұрмын өзiмдi.
Ұшырамын қанат байлап сөзiмдi.
Ешкiм ендi көкiрегiмнен итерiп,
Ешкiм ендi шұқымайды көзiмдi.

Есен
Тәуелсiз ғой ойым менен ұғым да,
Бақыт құсым қонды келiп тұғырға.
Тәуелсiздiк алды бүгiн, қараңдар,
тойым түгiл
қайғым менен мұңым да.

Аман
Заман өттi –
қансыратып қанаған,
заман өттi –
қалтыратып тонаған.
Тәуелсiздiк келдi, мiне, ақыры!–


Нұр-Шапағат
Тәуелсiзбiн, ендi, мiне,
мен бүгiн.
Келдi кiрiп азаттығым,
теңдiгiм.
Бостандықта байлығым мен елдiгiм!

Жандос
Шешiл ендi, шермен болған шерлi үнiм.
Кеуделердi тарылтпасын кек қысып,
Кетедi одан өр далама өрт түсiп...
Құсқа айналып кеудемдегi жүрегiм
Сүйiншiлеп келер күнге кеттi ұшып.

Әсел

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Жұмабек

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.


Жүргізуші Алдияр: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Бейбіт шеруге шығып, совет билігі тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Жүргізуші Амина: Мұхтар Шаханов – Желтоқсан. Мәнерлеп оқушы Есенғали Айсезім

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Ән «Желтоқсан желі ызғарлы» Орындайтын: Отарбай Асемай



Әні: Әбиірбек Тінәлиев
Сөзі: Әбдірахман Асылбеков

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын-ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды..


Жүргізуші Алдияр

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.


Жүргізуші Амина


Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2024
233
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі