Тәуелсіздік - ел мерейі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - ел мерейі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Тәуелсіздік - ел мерейі »
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылыққа баулу арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кіріспе
Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең тарих. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз « Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі. Мұнан 32 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дарқан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз. ХХІ ғасырға тәуелсіз мемлекет болып аяқ басты. Біздің Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз орындалған күні болды.

Құрметті әріптестер, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі 5 сынып оқушыларының Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған « Тәуелсіздік – ел мерейі» атты тапқыр достар сайысына қош келдіңіздер!
Тәуелсіз мемлекет , егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар, бірқатар шарттары мен басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, еліміздің болашағы өзіміз! – деп рәміздерді насихаттау үшін оқушыларға кезек берейік.

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.
Кезекті көркемсөзге берейік. Оқитын: Аманғазы Інжу

Міне, сендердің сайысқа түсер сәттерің де келіп жетті. Олай болса әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер
Білімдеріңді көрсетіп,
Алға оза беріңдер!
Әр топ өздерін таныстырып өтсін. Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. « Сөз тапқанға...»
2. «Ойлан тап!»
3. «Сен білесің бе?»
4. «Сөз туым»
5. «Кім жылдам?»

Сайысқа 2 топ қатысады.
1 топ – «Бейбітшілік»
2 топ – «Жеңіс»

Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағат, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

І кезең «Сөз тапқанға...»
1 топ – Отаныңды сүйесің бе?
2 топ – Отан деген не?

Тәуелсіздік – болашақтың бағдары,
Тәуелсіздік – асулардың асқары
Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі
Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы.

ІІ кезең «Ойлан тап»
Бәрі де, Отан, сен үшін!
Мәуелеп тұрған жемісім,
Еселеп тұрған жеңісім –
Бәрі де, Отан, сен үшін! – деп ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай

ІІІ кезең « Сен білесің бе?»
1 баған – 5 – Ауылымыздың соғыс ардагерлерін ата?
1 баған – 10 – Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық халық қаһарманы кім?
1 баған – 15 – тосын сый

2 баған – 5 – тосын сый
2 баған – 10 – Ленинград үшін шайқасқан қазақтың қос жұлдызы?
2 баған – 15 – ҚР өз тәуелсіздігін қашан алды?

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған
Сан ғасырлар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп, бізге алдан

ІҮ кезең «Сөз туым»
Тәуелсіздік
Жаңа ғана қазағымның таңы атты
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Ү кезең «Кім жылдам?»
Жасырылған суреттерді тұспалдап айту

Атыңнан айналайын, егеменді ел
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп «Тәуелсіздік - ел мерейі» атты сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рақмет. Қош, сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.12.2023
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі