400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - ел тілегі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық сынып мұғалімдерімен балабақша тәрбиешілеріне керек деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Тәуелсіздік - ел тілегі

Ертеңгіліктің мақсаты:

Егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту. Туған жері мен елін сүюге, елінің болашағына үлес қосып, еліне, жеріне деген ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, танымдылық қабілетін арттыра отырып өнерге баулу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.

Тәрбиеші: Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 27 жыл толыпты. Құрметті қонақтар, қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!          

           Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,

           Атын атап ақын оны жыр қылды.

           Сол күнменен қатар туған сәбилер,

           Кішілерге аға болып үлгерді. 

 

           Болашағы жайнаған бақ тұғыры.

           Бұл да болса қазақтың мықтылығы.

           Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел,

           Жирма жылға қыр асып шықты міне.

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран

Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран

Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран

Олай болса балалар Тәуелсіздігіміздің  27 жылдығына  арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

«Әнұран орындалады»

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

(Қазақстан)

ҚР президенті кім?

(Н.Ә. Назарбаев)

Қазақстан қандай мемлекет?

(Тәуелсіз мемлекет)

Қазақстанның астанасы қай қала?

(Астана қаласы)

Біз қай ауылда тұрамыз?

(Лайбұлақ ауылында)

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атайықшы

(Әнұран, Елтаңба, Ту)

Енді балалар қонақтарға тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік

                      

Асылан :  «Бұл не?» деп мен сұрадым,

                  «Жаңалық қандай тағы?»  деп.

                  Жауап берді анашым,

                  «Тәуелсіздік таңы» деп.    

           

Ердәулет:  Атамекен ақ үйдің,

                  Азат болған күні бұл.

                  Құндақтағы сәбидің,

                  Қазақ болған күні бұл.            

 

Мерей:  Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары.


Батырхан:  Арымыздай  тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы.


Нұрай : Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Елін сүйіп  ержетер

Біз болашақ гүліміз.


Мейірім: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн


Ән:Жамаладин Мерейдің оындауында


Ерсұлтан: Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Жігер: Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің.

Ақ күн боп баланың

Шаттығы боп шалдардың

Бекабдуллах: Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры.


Нұриман: Он алтыншы  желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.


Еркеназ: Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік  сақтаған.

Ақбота: Енді міне біз тәуелсіз  ел болдық

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын


Хор: Тәуелсіздік ұраны


Санжар: Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік        

Қасыретпен қайғының      

Бәрімен келген еркіндік.


Ақмаржан: Нөсерлеп құяр селі бар

Бәйшешек толы белі бар

Еңбекті сүйген ері бар

Осындай менің жерім бар.


Бекасыл: Күлімде күн,күлімде!

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың көкшіл түгіндей

Қолдарына ту алсын.


Нұрдана: Арайлап атқан таңы бар

Өрісі толы малы бар

Омарта толы балы бар

Сыңсыған мойыл талы бар.


Ән : талғатұлы Иманнұрдың орындауында «Атамекен»

Қадірхан: Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді.

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.


Иманнұр: Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі өседі.


Ақерке: Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.


Асылмұрат: Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн.

мүсілім:Тәуелсіздік- Бақ туын.

Қолға ұстаған сәт бүгін.

Болсын дәйім шат күнім.


Хор: көк тудың желбірегені


Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық ,Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

Бишілерім биімен де үн қосты

Би:

 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты ө
негесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі