400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерді отаншылдыққа,ұлтжандыққа,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты:Тәуелсіздік – ел тірегі
Мақсаты:тәрбиеленушілерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа. 
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты 
Бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған тақырыбы:
«Тәуелсіздік-ел тірегі!» деп аталады.
Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
 

1.Әнұранды орындау 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. 
Сұрақ-жауап сайысы 
1.ҚР мемлекетінің рәміздерін ата.

2.Біздің Отанымыз қалай аталады?

3.Біздің еліміздің басшысы кім? 
4.Біздің еліміздің астанасы қай қала? 
5.Біздің ұлтымыз кім?
6.ҚР тұратын әр азамат қай тілі білуге міндетті?

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. 
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. 
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. 
Рәмізім-елдігімнің белгісі, 
Білу керек бала дағы ең кіші. 
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
 
Қазақстан Туы 
Көк аспандай көкпеңбек 
Қазақстан жалауы. 

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді. 
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты. 
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді 
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды. 
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді. 
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды. 
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді. 
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды. 


2.Балалар тақпақтарын айтады.

1-ші бала

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!









 2-ші бала

Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

 3-ші бала

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

 4-ші бала

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

3.Ән: «Атамекен!

4.Би: «Сарбаздар!»
5.Ән: «Отаным»

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталдлы.Жақсыдан үйренейік,жаманнан жиренейік.Қазақстанның ең бақытты,ең ақылды,ең білімді азаматы болайық!
Picture 2 Picture 4 Picture 2



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі