400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген сыныптан тыс іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тірегі.

  • Мақсаты: жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған тәуелсіздік пен егемендігіне қол жеткізгендігімізді жете ұғындыру;

  • Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің өткені мен бүгінін танып білуге үйрете отырып,өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Эпиграф:

... Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашаңда еңкеюге тиісті емес жалауы!

М. Шаханов

Түрі: сайыс

Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті

Көрнекіліктер : қанатты сөздер, слайд, видеоролик.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті оқушылар, ұстаздар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен баршаңызды құттықтаймын. Елдің егемендігі мен тәуелсіздігі қандай жолмен келгендігі тарихтан баршамызға аян. Желтоқсан жаңғырығы тәуелсіздік үшін болған соңғы серпін деп айтуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан әлемдегі елдермен терезесі теңеле бастады. Биылғы жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада болған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитінің өтуі Қазақстанды шет елдердің басқа қырынан тануына себеп болды.

Оқушылар алдын ала төрт топқа бөлінген. Әр топ өз топтарының аты мен ұранын дайындау керек. Сайыс төрт кезеңнен тұрады. Сайысқа әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі: Дүйсенбаева Күлбаршын Қазиқызы

  2. Оқу ісінің меңгерушісі: Кенжебаев Сейілбек Әміржанұлы

  3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Құрманғожина Айнұр Серікқызы

І кезең. Таныстыру

ІІ кезең. Хронологиялық сұрақтар. Қай топ бірінші жауап береді?

  1. Қазақстан Республикасы қай жылы Тәуелсіздігін алды?

  2. Ең бірінші Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған ел?

  3. Қазақстанның сыртқы істер министрі кім?

  4. Мәдениетті қолдау жылы қай жылы болды?

  5. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы қай жылы болды?

  6. ҚР-ның Ата Заңы неше бап, неше бөлімнен тұрады?

  7. ЕҚЫҰ қай жылы, қай жерде құрылды?

  8. Қазіргі әнұран алғашқы рет қай жылы, қай күні орындалды?

  9. Желтоқсан оқиғасы әділ бағасын алуына себепкер болған қоғам қайраткері.

  10. Тұңғыш президент сайлауы қай жылы болды?


Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру рәсімі (видеоролик 11қаңтар 2006ж.) .

ІІІ кезең. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы сұрақтар қойылады. (Слайд көрсетіледі).

ІҮ кезең. «Кім шапшаң?» Логикалық сұрақтар.

Қорытынды.


Ақмола облысы

Зеренді ауданы

№ 1 орта мектеп







Іс шараның тақырыбы:


:Shape1







Өткізген: Такетов Ә.Д.

Тарих пәнінің мұғалімі















2017 жыл.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі